"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

18.02.2020
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жатақханасының тәрбиеленушілері белгілі жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековтің «Әпке» драмалық шығармасын сахналады. Жатақханадағы «Лира» әдеби клубы мүшелерінің күшімен көрерменге жол тартқан пьеса — шәкірттеріміздің театр саласындағы алғашқы қадамы.  Солай бола тұрса да, қойылымды тамашалауға келгендер қарасы аз болған жоқ. Мектеп басшылығы, ұстаздар, оқушылар, тіптен ана-аналарымыз да келіп, жас өнерпаздардың талпыныстарына шынайы көңілмен қол соқты.

— Дулат Исабековтің «Әпке» драмасы — бүгінгі заман ағысымен ұлттық құндылықтарды жоғалта бастаған, адамгершілік, парыз, борыш ұғымдарын жете түсінбейтін жастардың бейнесін ашып көрсететін шығарма. Осы пьесаны арнайы таңдап алуымыздың да өзіндік себебі бар. Біз осы қойылым арқылы әр оқушыға отбасындағы тәрбиенің рөлі үлкен екенін, ағайын, туыс, бауыр арасындағы қарым-қатынастың ең құнды дүние екендігін айтқымыз келді. Балалардың мінез-құлқына, қабілетіне қарай шығармадағы рөлдер бөлініп беріліп, қысқа уақыт ішінде дайындық жүргіздік, -дейді «Лира» әдеби клубының жетекшісі, тәрбиеші Мұхамет Жеңісұлы.

Қойылым үшін мектептің акт залының сахнасы тиісінше безендіріліп, жарақтандырылған. Пьесаның басты кейіпкері Қамажай рөлін Дана Ғабділкәрімқызы,  Омарды – Тұрар Кәметай, Тимурды (Тим) – Жанұзақ Алпысбаев, Нәзиланы (Наз) – Еркежан Рахымжанова, Гауһарды (Нәзиланың құрбысы) – Даяна Урзаканова, Тимурдың сүйген қызы Кәмиланы (Кама) – Дильназ Қойшыбекова, Сұлтанды (Тимурдың досы) — Арман Түсіпханов, Сұлуханды (Светлана) – Алуа Ильясова, Қабенді — Мерхат Ережепов, көрші әйелді Амина Айтбаевалар керемет сомдап шықты.

Шиеленісті оқиғадан басталып, сахнадағы оқиғалар желісі өрбіген сайын залдағы көрерменнің де жас әртістермен бір толқында күй кешкені анық. Көрерменін қуанта да, мұңайта да, жылата да білген кейіпкерлердің өнері бас бармақпен бағалауға тұрарлық.

— Сіздер бізге ерекше көңіл-күй, сезім сыйладыңыздар. Сахнада ысылып, тәжірибесі толысқан әртістердің өзі бір рөлді бірнеше мәрте ойнау арқылы өнерін ұштай түседі. Аз ғана уақыттың ішінде үлкен шығарманы алып шығып, тамашалатқан еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Бүгін сіздерді жаңа бір қырларыңыздан танып жатырмыз. Осы залда отырған әрбір адам ғибрат алды деген ойдамын. Енді сіздерден жаңа бір туынды, қойылым күтеміз. Өнерлеріңіз өрге жүзе берсін, -деді мектеп директоры Бағдан Қайыржанов пьеса соңында.

Дарынды балалардың өнеріне тәнті болған ұстаздарымыз драманың мектеп сахнасында қайтара қойылуын сұрауда.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

27 минут бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

29 минут бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

31 минута бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

21 час бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

1 день бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

1 день бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

1 день бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

1 день бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

2 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС