"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕССИЯДА БЕС МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

07.03.2014
СЕССИЯДА БЕС МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қалалық мәслихатының кезектен тыс 27 сессиясы өтті. Жиынға қала әкімі Айбек Кәрімов және орынбасарлары, құқыққорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібіне сәйкес бес сұрақ талқыланды.

Жиынның негізгі бөлімі басталмас бұрын қала басшысы Айбек Кәрімов бір топ азаматтарды «Қазақстан футболына 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады.

Сессия жұмысының күн тәртібіне орай бірінші  Семей қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды  жинауға төленетін ақы нормаларын бекіту туралы мәселе талқыланды. Бұл сұраққа қатысты, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әсет Сүлейменов баяндама    жасады. Өз сөзінде ол 2011 жылы  мамырда «Қазорталық» АҚ коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормаларын анықтау туралы келісімшарт жасалғанын айтты.  Аталмыш құжатқа сәйкес, 7 ай бойы арнайы жұмыстар жүргізіліп қорытындысы жасалған. Есеп бойынша қаламызда 13 қалдық жинақтау нысандары анықталған. 2011 жылдың қарашасында үкіметтің қаулысымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын саласында осы бағытта жүргізілетін жұмысқа қатысты арнайы ережелер бекітілді. 2012 жылдың сәуір айында күшіне енген бұл нормативтік акті бойынша қалдық жинақтау  нысандарының санын 33-ке жеткізу керек болды. Осыған орай, «Қазорталық» АҚ жетпейтін нысандарды анықтап, олардың міндеттерін белгілеу жұмыстарын жүргізді. Қала әкімінің қаулысына сәйкес, ТҮКШ бөлімі қалдықтардың қалыптасу және жинақталу нормаларын бекіту туралы шешімінің жобасын жасады»,- деді Әсет Сүлейменов. Бұл құжатта арнайы 33 нысанның қалай жұмыс істейтіні, нақты қандай функцияларды атқаратыны көрсетілген. Осылай дей келе, Әсет Сүлейменов тұрмыстық қатты қалдықтардың жинақталу нормаларының бекітіліп енгізілуі қаланың санитарлық тазалығы бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындарға тікелей экономикалық тұрғыдан ықпалы болатынын айтты. Сессия барысында депутаттар коммуналдық қалдықтардың қалыптасу және жинақталу нормаларын бекіту туралы шешімнің жобасын бірауыздан қолдады.

Екінші кезекте депутаттар Семей қалалық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы «Семей қаласының 2014-2016 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесін қарады. Бұл орайда баяндама жасаған қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Сүлеймен Медеуов қала қазынасын 231 миллион 223 мың теңгеге ұлғайту көзделіп отырғанын жеткізді. Мәслихат шешімінің жобасында бұл қаражатты 2013 жылы пайдаланылмаған несиелерді пайдалануға, жаңа тұрғын үй құрылысы саласына, әлеуметтік сала мамандарына қаржылай қолдау көрсетуге, «А» корпусының жалақысын көтеруге, пайдаланылмаған транштарды қайтаруға, ауылдық жерде білім беру және мәдениет салаларында қызмет істейтін азаматтардың жалақысын көтеруге, Шығыс кенті мен сол және оң жағалаудағы электр желілерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсау ұсынылды. Енгізілген өзгерістерді есепке алғанда 2014   жылға арналған бюджеттік шығындар көлемі 24 миллиард 200 миллион 899 мың 1 жүз теңгеге жетті. Баяндамада келтірілген мәліметтерді толығымен тыңдағаннан кейін депутаттар Семей қаласы мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы «Семей қаласының 2014-2016 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер   енгізу туралы шешімнің жобасын бір-ауыздан қолдады.

 

{jcomments on}Сондай-ақ, жиында қалалық мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі қағиданы бекіту туралы» 2010 жылғы 21 сәуірдегі шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Бұл сұраққа қатысты қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанатжан Төлесбаев  баяндама жасады. Ұсы-нылған шешімнің жобасы бойынша тұрғын үй көмегі жекешелендірілген үй-жайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй-жайларды жалдаушы болып табылатын аз қамтылған отбасыларға баспаналарын күтіп ұстауға жұмсалатын шығындарға беру көзделген. Екіншіден, осы санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметтер мен  телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсу бөлігіне жәрдем жасалатыны айтылды. Сондай-ақ, көрсетілетін көмектің барлығын жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асыру жайы сөз болды. Бұл шешімнің жобасы да халық қалаулыларының тарапынан қолдау тапты.

 

Сессияның күн тәртібіне енген төртінші  мәселе марапаттау істерін алдын-ала қарау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту мен Семей қаласы әкімдігінің жанындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын анықтауға қатысты болды. Бұл екі сұрақ бойынша жасалған шешімдердің жобаларын да депутаттар бірауыздан қолдады.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

5 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

6 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

6 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

6 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС