"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕССИЯДА БЕС МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

07.03.2014
СЕССИЯДА БЕС МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қалалық мәслихатының кезектен тыс 27 сессиясы өтті. Жиынға қала әкімі Айбек Кәрімов және орынбасарлары, құқыққорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібіне сәйкес бес сұрақ талқыланды.

Жиынның негізгі бөлімі басталмас бұрын қала басшысы Айбек Кәрімов бір топ азаматтарды «Қазақстан футболына 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады.

Сессия жұмысының күн тәртібіне орай бірінші  Семей қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды  жинауға төленетін ақы нормаларын бекіту туралы мәселе талқыланды. Бұл сұраққа қатысты, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әсет Сүлейменов баяндама    жасады. Өз сөзінде ол 2011 жылы  мамырда «Қазорталық» АҚ коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормаларын анықтау туралы келісімшарт жасалғанын айтты.  Аталмыш құжатқа сәйкес, 7 ай бойы арнайы жұмыстар жүргізіліп қорытындысы жасалған. Есеп бойынша қаламызда 13 қалдық жинақтау нысандары анықталған. 2011 жылдың қарашасында үкіметтің қаулысымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын саласында осы бағытта жүргізілетін жұмысқа қатысты арнайы ережелер бекітілді. 2012 жылдың сәуір айында күшіне енген бұл нормативтік акті бойынша қалдық жинақтау  нысандарының санын 33-ке жеткізу керек болды. Осыған орай, «Қазорталық» АҚ жетпейтін нысандарды анықтап, олардың міндеттерін белгілеу жұмыстарын жүргізді. Қала әкімінің қаулысына сәйкес, ТҮКШ бөлімі қалдықтардың қалыптасу және жинақталу нормаларын бекіту туралы шешімінің жобасын жасады»,- деді Әсет Сүлейменов. Бұл құжатта арнайы 33 нысанның қалай жұмыс істейтіні, нақты қандай функцияларды атқаратыны көрсетілген. Осылай дей келе, Әсет Сүлейменов тұрмыстық қатты қалдықтардың жинақталу нормаларының бекітіліп енгізілуі қаланың санитарлық тазалығы бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындарға тікелей экономикалық тұрғыдан ықпалы болатынын айтты. Сессия барысында депутаттар коммуналдық қалдықтардың қалыптасу және жинақталу нормаларын бекіту туралы шешімнің жобасын бірауыздан қолдады.

Екінші кезекте депутаттар Семей қалалық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы «Семей қаласының 2014-2016 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесін қарады. Бұл орайда баяндама жасаған қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Сүлеймен Медеуов қала қазынасын 231 миллион 223 мың теңгеге ұлғайту көзделіп отырғанын жеткізді. Мәслихат шешімінің жобасында бұл қаражатты 2013 жылы пайдаланылмаған несиелерді пайдалануға, жаңа тұрғын үй құрылысы саласына, әлеуметтік сала мамандарына қаржылай қолдау көрсетуге, «А» корпусының жалақысын көтеруге, пайдаланылмаған транштарды қайтаруға, ауылдық жерде білім беру және мәдениет салаларында қызмет істейтін азаматтардың жалақысын көтеруге, Шығыс кенті мен сол және оң жағалаудағы электр желілерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсау ұсынылды. Енгізілген өзгерістерді есепке алғанда 2014   жылға арналған бюджеттік шығындар көлемі 24 миллиард 200 миллион 899 мың 1 жүз теңгеге жетті. Баяндамада келтірілген мәліметтерді толығымен тыңдағаннан кейін депутаттар Семей қаласы мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы «Семей қаласының 2014-2016 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер   енгізу туралы шешімнің жобасын бір-ауыздан қолдады.

 

{jcomments on}Сондай-ақ, жиында қалалық мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі қағиданы бекіту туралы» 2010 жылғы 21 сәуірдегі шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Бұл сұраққа қатысты қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанатжан Төлесбаев  баяндама жасады. Ұсы-нылған шешімнің жобасы бойынша тұрғын үй көмегі жекешелендірілген үй-жайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй-жайларды жалдаушы болып табылатын аз қамтылған отбасыларға баспаналарын күтіп ұстауға жұмсалатын шығындарға беру көзделген. Екіншіден, осы санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметтер мен  телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсу бөлігіне жәрдем жасалатыны айтылды. Сондай-ақ, көрсетілетін көмектің барлығын жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асыру жайы сөз болды. Бұл шешімнің жобасы да халық қалаулыларының тарапынан қолдау тапты.

 

Сессияның күн тәртібіне енген төртінші  мәселе марапаттау істерін алдын-ала қарау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту мен Семей қаласы әкімдігінің жанындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын анықтауға қатысты болды. Бұл екі сұрақ бойынша жасалған шешімдердің жобаларын да депутаттар бірауыздан қолдады.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«ATAMNYN AMANATY» ҰЙЫМЫ -ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҰЙТҚЫСЫ

09.02.2026
«ATAMNYN AMANATY» ҰЙЫМЫ -ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҰЙТҚЫСЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылғы  05 қаңтарда «Түркістан» газетіне берген сұқбатында «Әскери қызметтің абырой-беделін көтеру және еліміздің қорғаныс...

Толығырақ...Details

Абай облысында алимент өндіру жұмыстары күшейтілді

09.02.2026
Абай облысында алимент өндіру жұмыстары күшейтілді

Абай облысында алимент өндіру мәселесі бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар (ОПМ) өткізіліп жатыр. Тексеру нәтижесінде алимент бойынша берешегі бар борышкерлер анықталып, олардың...

Толығырақ...Details

Жаңа Конституция ақиқатты айна-қатесіз жеткізіп, сындарлы сұхбат мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді – белгілі журналист

07.02.2026
Жаңа Конституция ақиқатты айна-қатесіз жеткізіп, сындарлы сұхбат мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді – белгілі журналист

Qazaqstan ұлттық арнасының тележүргізушісі, Конституциялық комиссия мүшесі Ерқанат Көпжасарұлы жаңа Конституция жобасындағы сөз еркіндігі туралы баптардың маңызы жөнінде пікір білдірді....

Толығырақ...Details

Айгүл Сәдуақасова: Конституция адами капиталдың, ғылым мен инновацияның басымдығын бекітеді

07.02.2026
Айгүл Сәдуақасова: Конституция адами капиталдың, ғылым мен инновацияның басымдығын бекітеді

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа Ата заң жобасын талқылау ашық...

Толығырақ...Details

Жаңа Конституция мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен мүдделерін толық қамтамасыз етеді – Ләззат Қалтаева

07.02.2026
Жаңа Конституция мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен мүдделерін толық қамтамасыз етеді – Ләззат Қалтаева

Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы Ләззат Қалтаева жаңа Конституция жобасын қолдап, онда мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен мүдделері толық...

Толығырақ...Details

Конституциялық комиссияда жаңа Ата заңды бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды

07.02.2026
Конституциялық комиссияда жаңа Ата заңды бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды

Еліміздің Жаңа Конституциясы өкілетті билікті күшейтіп, азаматтардың сенімін арттыруға және жетілдірілген парламенттік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Осы тұрғыдан оны қабылдау мәселесін...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ATAMNYN AMANATY» ҰЙЫМЫ -ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҰЙТҚЫСЫ

4 часа бұрын

Абай облысында алимент өндіру жұмыстары күшейтілді

5 часов бұрын

Жаңа Конституция ақиқатты айна-қатесіз жеткізіп, сындарлы сұхбат мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді – белгілі журналист

2 дня бұрын

Айгүл Сәдуақасова: Конституция адами капиталдың, ғылым мен инновацияның басымдығын бекітеді

2 дня бұрын

Жаңа Конституция мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен мүдделерін толық қамтамасыз етеді – Ләззат Қалтаева

2 дня бұрын

Конституциялық комиссияда жаңа Ата заңды бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды

2 дня бұрын

Жаңа Конституция: өндіріс орындарындағы жұмысшыларға нақты кепілдіктер

2 дня бұрын

«Волонтерлік» ұғымын Конституцияда бекітуді ұсынылды

2 дня бұрын

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені ұлттық валюта ретінде бекітетін норма енгізілді – Бақыт Нұрмұханов

2 дня бұрын

Экологиялық нормалар өңірлер үшін басты басымдық – Нұрлыбек Нәлібаев

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС