"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 есеге артты. Ауданда жаңа кәсіпорындар іске қосылып, тұрғын үй құрылысы, жол жөндеу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Үржар ауданының әкімі Ақылбек Башимбаев хабарлады.

Ақылбек Башимбаевтың айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 61,3 млрд теңгені құрайды деп күтілуде. Егіс алқабы 114,6 мың гектарға жетіп, егін жинау жұмыстары 98,3 пайызға орындалған. Алдын ала мәлімет бойынша 204,2 мың тонна өнім жиналған.

— Биыл қосымша 1 290 гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізіліп, мұндай технологиялар қолданылатын алқаптың жалпы көлемі 4 429 гектарға жеткізілді. Сонымен қатар жыл басынан бері 188 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында да жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі күнге дейін 5 388,2 гектар жер қайтарылды, — деді Ақылбек Башимбаев.

Брифинг барысында аудан әкімі жаңа өндіріс орындарының ашылуы мен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысына да тоқталды. Биыл «Сұңқар» ЖШС-нің жалпы құны 8,1 млрд теңге болатын, тәулігіне 230 тонна күнбағыс майын өндіруге қауқарлы зауыты және құны 650 млн теңге болатын, тәулігіне 60 тонна ұн шығаратын кәсіпорны іске қосылған. Нәтижесінде 65 жаңа жұмыс орны ашылған.

— Бүгінде ауданда 4 035 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Жыл басынан бері 22 жаңа кәсіпкерлік нысан ашылып, 130-ға жуық тұрғын жұмыспен қамтылды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 97,6 млн теңгеге 13 жоба қаржыландырылды, — деді аудан әкімі.

Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытында да бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Биылғы он айда ауданда 8 154 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта Үржар, Науалы, Ақжар және Егінсу ауылдарында жалпы 90 пәтерге арналған 45 екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 74 пәтері толық дайын. Қалған пәтерлердің құрылысын қараша айында аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар Үржар ауылында жеке инвестордың қаражаты есебінен құны 850 млн теңге болатын 40 пәтерлі бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған. Нысанды 2027 жылдың соңына дейін пайдалануға беру көзделіп отыр.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында білім беру және денсаулық сақтау нысандарын жаңғыртуға да ерекше көңіл бөлінуде.

— «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Үржар ауылында құны 3,1 млрд теңге болатын 12 төсек-орындық тері арқылы коронарлық араласу орталығының құрылысы аяқталды. Орталық заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бұл тұрғындарға жоғары технологиялық медициналық көмекті ауданнан шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді, — деп атап өтті Ақылбек Башимбаев.

Білім беру саласында Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар 12 мектеп ғимараты мен олардың жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жүргізілген. Ал Жоғарғы Егінсу ауылында 100 орындық жаңа клуб пайдалануға берілген.

Ауданда жол және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары да жалғасуда. Биыл аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен ауыл көшелерін жөндеуге 1,4 млрд теңге бөлінген.

— Бөлінген қаражат есебінен 7,7 шақырым елді мекенаралық және 14,2 шақырым ауылішілік автомобиль жолы жөнделді. Сонымен қатар «Үржар – Барқытбел – Қарабұйрат» автомобиль жолының 15 шақырым учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылы да жалғасады, — деді спикер.

Ұқсас жаңалықтар

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 минута бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

20 минут бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

23 часа бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

23 часа бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

23 часа бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

23 часа бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС