"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ҮЗДІГІ АТАНДЫ

25.02.2020
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

21 ақпан күні Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің акт залында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі-2019» жобасы жеңімпаздарын марапаттау кеші өтті. Шараға ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының аға үйлестірушісі Гүлнар Ершіманова, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Ж.Асқарова, Семей қаласы әкімінің орынбасары А.Садырбаев, жобаның серіктестері мен сарапшылар және этномәдени орталықтардың өкілдері қатысты.

Татар қоғамдық орталығының «Бақытты отбасы – берекелі отбасы» жобасы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі-2019» байқауының жеңімпазы атанып, грант ұтып алған болатын. Татар қоғамдық орталығының жетекшісі Камилия Исмаилованың жетекшілігімен отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатындағы жоба аясында психологиялық тренингтер мен жас ата-аналарға арналған коучингтер, этномәдени орталықтардың қатысуымен «Үздік келін» байқауы, отбасылық шығармашылық ұжымдар фестивалі, спорттық сайыстар, «Менің отбасым» бейнероликтер байқауы, «Жар-жар» неке қию сарайында жас жұбайларға арналған акциялар және тағы басқа бірқатар маңызды шаралар ұйымдастырылды.

 

— Ең алдымен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорына «Бақытты отбасы – берекелі отбасы» атты әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтқым келеді. Өткен жылдың басында жастармен кездесуінде Елбасы отбасы құндылықтарын сақтаудың маңыздылығын баса атап өткен болатын. Өкінішке орай, Қазақстанда ерлі-зайыптылардың ажырасуы белең алып отыр. Татар қоғамдық орталығының жетекшісі, «Nur Otan» партиясы филиалының саяси кеңесі мүшесі ретінде бұл мәселе мені де алаңдатты. Жобаны жүзеге асыруға біз де өз үлесімізді қостық, — дейді Татар қоғамдық орталығының жетекшісі Камилия Исмаилова.

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының аға үйлестірушісі Гүлнар Ершіманова да «Бақытты отбасы – берекелі отбасы» жобасына оң бағасын берді.

— Елбасы қоры шығармашыл жастар мен жас ғалымдардың ғылым және техника саласындағы жетістіктерін қолдап, әлеуметтік маңызы бар түрлі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп келеді. «Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі-2019» байқауы – азаматтық институттарды қолдауға және дамытуға арналған қордың ең ауқымды жобаларының бірі. Осы сәтті пайдалана отырып Шығыс Қазақстан облысының Татар қоғамдық орталығын 30 жылдық мерейтойымен құттықтағым келеді. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды сәтті жүзеге асырып, әрі қарай да табысты қызмет ете беріңіздер,- деді Г.Ершіманова.

ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Ж.Асқарова, Семей қаласы әкімінің орынбасары А.Садырбаев құттықтау сөз сөйлеп, орталық жетекшісі Камилия Исмаиловаға алғыс хаттар табыстады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

9 часов бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

9 часов бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

9 часов бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

9 часов бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

9 часов бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

9 часов бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

9 часов бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

9 часов бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

9 часов бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

9 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС