"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕЛ ҚАМҚОРЫ ҚҰНАНБАЙ

28.02.2020
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Жидебай — Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, Құнанбай Өскенбайұлына арналған «Көрегенді көсем, парасатты шешен, ел қамқоры — Құнанбай» көрмесі ашылды. Көрмеге Семей қаласының зиялы қауым өкілдері және Шәкәрім Құдайбердіұлының ұрпақтары қатысты.

Көрмеге Абай қорық-музейінде жинақталған тарихи материалдар, Құнанбайдың тақиясы мен күміс белдігі, таңбалы мөрі, Қарқаралыда салдырған мешітінің макеті, Қарқаралыдағы түсіп жүрген үйдің макеті және өзге де тұрмыстық заттар қойылды.

— Құнанбай өз тұстастарынан озық тұрды. Оның алашқа мәлім болған жарқын істері көп. Солардың бірі – үш жүздің басын қосып, Өскенбайға ас беруі. Бүкіл үш жүздің рубасыларын, бай-сұлтандарды бір жыл бұрын шақырып, Көкшетаудың Көкжайдақ деген жерінде әкесіне ас берген екен. Құнанбай тарихи тұлға, тірлігінде көреген көсем, шешен, ел қамқоры, ұлы әке болған. Ұлы әкеден ұлы Абай туды. Өскенбай, Құнанбай ұрпағы 150 жыл бойы, 1856 жылға дейін Тобықтыны биледі. Құнанбай 1874 жылы қажылыққа барған сапарында жүз адамдық қонақ үйін тұрғызғанын да жақсы білесіздер. Бірақ ғимарат сақталмаған. Бұл туралы Шәкәрім, Ахат естеліктерінде айтылады. Абайдың әкеден үлгі алғаны сөзсіз. Әкесіне арнап жазған өлеңдері бүгінгі көрмеге қойылып отыр,- деді музейдің жетекші ғылыми қызметкері Нұрсұлу Санақбекқызы.

Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, Абай музейі директорының инновациялық даму және қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Тұрсын Шаңбай, Шәкәрім университетінің «Тарих және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к, доцент М.Ибраемова сөз сөйлеп, академик Ерлан Сыдықовтың «Құнанбай» кітабының тұсаукесері өтті.

— Жуырда жерлесіміз, академик Ерлан Сыдықовтың Мәскеу қаласындағы «Молодая гвардия» баспасынан «Өнегелі адамдар өмірі» сериясымен «Құнанбай» кітабы жарық көрген болатын. Нұр-Сұлтан қаласында автордың қатысуымен арнайы таныстырылымы өтті. Бүгінгі көрме аясында Семей қаласында да кітап таныстырылымын ұйымдастыруды жөн көрдік. Оқырман ретінде бұл кітап Құнанбай тұлғасының тек тәуелсіз Қазақстан елінде ғана емес, Еуразия кеңістігінде, қала берді әлемдік деңгейде танылуына бірінші қадам деп есептеймін. Құнанбай жайлы түрлі пікірлер айтылуы мүмкін. Дүние жүзіне алғаш рет Құнанбайды ірі тұлға ретінде «Абай жолы» романы арқылы Мұхтар Әуезов танытса, тарихи тұрғыда академик Ерлан Сыдықовтың еңбегі жарық көрді деп түсінемін, — деді Абай музейі директорының инновациялық даму және қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Тұрсын Шаңбай.

Іс-шара барысында Абайдың әсем әндерінен композициялар орындалып, облыстық Ә.Қашаубаев атындағы филармонияның «Кербез» фольклорлық ансамблі «Шалқыма» күйімен кешке көрік берді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы» {jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

1 час бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

1 час бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

1 час бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

1 час бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

1 час бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

2 часа бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

2 часа бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС