"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАРБАҒАТАЙЛЫҚТАРДЫҢ ТАЛАБЫ КӨП…

03.03.2020
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шекаралық аудандардың жағдайын жіті назарда ұстап отырған облыс әкімі Даниал Ахметов 27 ақпанда Тарбағатай ауданына қарасты Ақжар ауылына келіп, ауданды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын талқылау мақсатында жергілікті халықпен жиын өткізді. Кездесуде облыстық басқарма басшылары баяндама жасап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды тарқатып айтып берді.

Бірінші болып сөз кезегін алған облыстық білім басқармасының басшысы С.Жұмаділова 2020-2024 жылдар аралығында аудандағы білім беру мекемелерін күрделі жөндеуден өткізуге 1,4 млрд теңге қаражат бөлу көзделіп отырғанын мәлімдеді. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы М.Жұмағұлов кешенді жоспарға сәйкес аудандағы мәдениет саласын дамытуға 385 млн 800 мың теңге қаржы қарастырылғанын, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Тұғыл, Ақжар, Ақсуат және Ойшілік, Қабанбай, Маңырақ ауылдық клубтарының әрқайсысына қаражат бөлінетінін айтты. Ал облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Н.Жұмәділовтің мәліметінше, биыл Ақжар мен Тұғыл ауылдарындағы көшелер орташа жөндеуден өткізілмек.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы мал шаруашылығын дамыту үшін мал азығы қорын нығайту — арпа, жаздық бидай, жем-шөп дақылдары алқаптарын кеңейту жоспарланып отырғанын атап өтті. Алдағы бес жылда Тарбағатай ауданындағы егістік жерлердің көлемі 4,8 мың гектарға ұлғайтылып, жалпы егіс аумағы 20 мың гектардан асатын болады.

Жиын барысында жергілікті кәсіпкерлер — Қайрат Қожахметов әлеуметтік қолдауға мұқтаж бір анаға, ал Қайнар Дүйсенұлы екі бірдей отбасыға баспана алып беретінін мәлімдеді.

Тұрғындар жиында денсаулық сақтау, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы, газ тарту, спорт саласына қатысты сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Жергілікті халық бұрын орталығы Ақжар ауылы болған Тарбағатай ауданын қайта қалпына келтіру туралы ұсыныстарын да жеткізді.

— Бұл — ең күрделі мәселе, оған біршама уақыт керек. Мен осы мәселені үкіметке жеткіземін. Сіздер әкіммен бірге комиссия құрыңыздар, бөлінген қаржының бірде-бір тиынын шашау шығармай, іске салыңыздар. Тұрғын үй құрылысына қаржы бөлдіремін. Мысалы, екі жүз миллионды іске саласыз ба, екі жүз миллион теңге, үш жүз миллион қажет болса, үш жүз миллионды тұрғын үй құрылысына бөлеміз. Қыркүйек айында келіп, сіздермен тағы да кездесемін,- деп сөзін тұжырымдады Даниал Ахметов.

Бұл жолғы кездесу халық пен билік арасының жақындай түскенін айқын көрсетті.

Жиыннан соң облыс әкімі Даниал Ахметов пен облыстық басқарма басшылары аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Облыс әкімі Д.Ахметовтің жеке қабылдауында отыз шақты азамат болды. Жергілікті тұрғындардың әрқайсысын аймақ басшысы жылы жүзбен қарсы алып, арыз-арманын мұқият тыңдады, айтқандарын жазып алып, кейбірінің мәселесін сол жерде қолма-қол шешіп берді. Кездесуге келген азаматтарды толғандырған мәселелер әр алуан. Біреуі баспана алуға көмектесуді сұраса, енді бірі жұмыс таба алмай жүргенін айтады. Қатымхана, мешіт салуды мақсат етіп, несие алуға қолдау көрсетуді өтінгендер де болды. Ал үйі өртенген Ақжар ауылының тұрғыны Жанат Қалетоваға облыс әкімі тарапынан 100000 теңге қаржы берілетін болды. Егін егу үшін кредит алған бір азамат егістігіне су апара алмай отырғанын айтты. Сол сияқты қажетті техника болмағандықтан жаз бойы күтіп-баптаған егінді орып, жинап алуға қиналатындарын айтқан азаматтар да болды.

Аймаққа белгілі бапкер, халықтық ат спортының жанашыры Сержан Омарбеков ауыл балаларын спортқа тарту мәселесін көтеріп, ғимараттардың жетіспейтінін айтып, қолдау көрсетуді сұрады. Даниал Ахметов бұл мәселені бірден шешіп, қаржы бөлетінін жеткізді.

Бір сөзбен айтқанда, облыс басшысының азаматтарды жеке қабылдауы талай түйткілді мәселелердің оң шешілуіне жол ашқандай болды.

Ақжардағы бұл жиын туралы ғаламтор желісіндегі пікерлер де газет оқырмандарын қызықтыратыны белгілі. Сондықтан оған да тоқтала кеткен теріс болмас.

Мысалы, әлеуметтік желі қолданушы Сәния Құрманова: «Қуантарлық жаңалық, егер осы аталған мәселелер шешілсе! Әсіресе Ақжар орталық болып, Тарбағатай ауданы қайтарылса»,- десе, Ермек Құрманғалитегі: «Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметов Тарбағатай ауданы Ақжар ауылының халқымен кездесіп, халықтың мұң-мұқтажын өз құлағымен тыңдапты. Осыған дейін мен сіздерге Ақжар ауылындағы ауруханада қызмет еткен білікті дәрігерлердің көпшілігі басқа қалаларға көшіп кетуі себепті, ауруханада маман тапшы болғандығын және «УЗИ» және «ФГДС» аппараттарының тілін білетін иесі болмай, бос қаңырап тұрғанын да жазғанмын. Ал халықтың шынайы ықыласына бөленген хирург дәрігер Ермек Шағалақов деген ағамыз аурухана ұжымында орын алған келеңсіздіктер салдарынан өз еркімен жұмыстан кетуге мәжбүр болғанын да айтқанмын. Міне, енді аймақ басшысы бүкіл халықтың көзінше сол Ермек Шағалақов ағамызға осы ауруханаға бас дәрігер болуға ұсыныс жасады. Ауруханаға қажетті барлық медициналық құрылғы, жабдықтарды да сатып әперуге уәде етті. Ал бұрынғы аудан орталығы Ақжардан өзінің жеке клиникасын ашпақ болып жанталасып жүрген білікті дәрігер бұл ұсынысты қабылдайды ма, жоқ па, әзірге белгісіз… Мұндағы тұрғындардың негізгі талабы Ақжарды қайтадан аудан орталығы етіп, шекара маңындағы үдере көшкен халықтың көшін тоқтату болды. Облыс әкімі Даниал Ахметов бұл мәселелерден хабардар екенін, оны шешу үшін Үкіметпен кеңесетінін жеткізді. Мұның өзі ақжарлықтарға үлкен үміт сыйлап, олар ризашылықтарын қол соғумен білдірді»,- деп жазды.

Хамза СӘТИЕВ, «Семей таңы»{jcomments off}

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

31 минута бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

32 минуты бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

33 минуты бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

35 минут бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

36 минут бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

37 минут бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

38 минут бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

39 минут бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

41 минута бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

42 минуты бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС