"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАРБАҒАТАЙЛЫҚТАРДЫҢ ТАЛАБЫ КӨП…

03.03.2020
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шекаралық аудандардың жағдайын жіті назарда ұстап отырған облыс әкімі Даниал Ахметов 27 ақпанда Тарбағатай ауданына қарасты Ақжар ауылына келіп, ауданды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын талқылау мақсатында жергілікті халықпен жиын өткізді. Кездесуде облыстық басқарма басшылары баяндама жасап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды тарқатып айтып берді.

Бірінші болып сөз кезегін алған облыстық білім басқармасының басшысы С.Жұмаділова 2020-2024 жылдар аралығында аудандағы білім беру мекемелерін күрделі жөндеуден өткізуге 1,4 млрд теңге қаражат бөлу көзделіп отырғанын мәлімдеді. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы М.Жұмағұлов кешенді жоспарға сәйкес аудандағы мәдениет саласын дамытуға 385 млн 800 мың теңге қаржы қарастырылғанын, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Тұғыл, Ақжар, Ақсуат және Ойшілік, Қабанбай, Маңырақ ауылдық клубтарының әрқайсысына қаражат бөлінетінін айтты. Ал облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Н.Жұмәділовтің мәліметінше, биыл Ақжар мен Тұғыл ауылдарындағы көшелер орташа жөндеуден өткізілмек.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы мал шаруашылығын дамыту үшін мал азығы қорын нығайту — арпа, жаздық бидай, жем-шөп дақылдары алқаптарын кеңейту жоспарланып отырғанын атап өтті. Алдағы бес жылда Тарбағатай ауданындағы егістік жерлердің көлемі 4,8 мың гектарға ұлғайтылып, жалпы егіс аумағы 20 мың гектардан асатын болады.

Жиын барысында жергілікті кәсіпкерлер — Қайрат Қожахметов әлеуметтік қолдауға мұқтаж бір анаға, ал Қайнар Дүйсенұлы екі бірдей отбасыға баспана алып беретінін мәлімдеді.

Тұрғындар жиында денсаулық сақтау, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы, газ тарту, спорт саласына қатысты сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Жергілікті халық бұрын орталығы Ақжар ауылы болған Тарбағатай ауданын қайта қалпына келтіру туралы ұсыныстарын да жеткізді.

— Бұл — ең күрделі мәселе, оған біршама уақыт керек. Мен осы мәселені үкіметке жеткіземін. Сіздер әкіммен бірге комиссия құрыңыздар, бөлінген қаржының бірде-бір тиынын шашау шығармай, іске салыңыздар. Тұрғын үй құрылысына қаржы бөлдіремін. Мысалы, екі жүз миллионды іске саласыз ба, екі жүз миллион теңге, үш жүз миллион қажет болса, үш жүз миллионды тұрғын үй құрылысына бөлеміз. Қыркүйек айында келіп, сіздермен тағы да кездесемін,- деп сөзін тұжырымдады Даниал Ахметов.

Бұл жолғы кездесу халық пен билік арасының жақындай түскенін айқын көрсетті.

Жиыннан соң облыс әкімі Даниал Ахметов пен облыстық басқарма басшылары аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Облыс әкімі Д.Ахметовтің жеке қабылдауында отыз шақты азамат болды. Жергілікті тұрғындардың әрқайсысын аймақ басшысы жылы жүзбен қарсы алып, арыз-арманын мұқият тыңдады, айтқандарын жазып алып, кейбірінің мәселесін сол жерде қолма-қол шешіп берді. Кездесуге келген азаматтарды толғандырған мәселелер әр алуан. Біреуі баспана алуға көмектесуді сұраса, енді бірі жұмыс таба алмай жүргенін айтады. Қатымхана, мешіт салуды мақсат етіп, несие алуға қолдау көрсетуді өтінгендер де болды. Ал үйі өртенген Ақжар ауылының тұрғыны Жанат Қалетоваға облыс әкімі тарапынан 100000 теңге қаржы берілетін болды. Егін егу үшін кредит алған бір азамат егістігіне су апара алмай отырғанын айтты. Сол сияқты қажетті техника болмағандықтан жаз бойы күтіп-баптаған егінді орып, жинап алуға қиналатындарын айтқан азаматтар да болды.

Аймаққа белгілі бапкер, халықтық ат спортының жанашыры Сержан Омарбеков ауыл балаларын спортқа тарту мәселесін көтеріп, ғимараттардың жетіспейтінін айтып, қолдау көрсетуді сұрады. Даниал Ахметов бұл мәселені бірден шешіп, қаржы бөлетінін жеткізді.

Бір сөзбен айтқанда, облыс басшысының азаматтарды жеке қабылдауы талай түйткілді мәселелердің оң шешілуіне жол ашқандай болды.

Ақжардағы бұл жиын туралы ғаламтор желісіндегі пікерлер де газет оқырмандарын қызықтыратыны белгілі. Сондықтан оған да тоқтала кеткен теріс болмас.

Мысалы, әлеуметтік желі қолданушы Сәния Құрманова: «Қуантарлық жаңалық, егер осы аталған мәселелер шешілсе! Әсіресе Ақжар орталық болып, Тарбағатай ауданы қайтарылса»,- десе, Ермек Құрманғалитегі: «Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметов Тарбағатай ауданы Ақжар ауылының халқымен кездесіп, халықтың мұң-мұқтажын өз құлағымен тыңдапты. Осыған дейін мен сіздерге Ақжар ауылындағы ауруханада қызмет еткен білікті дәрігерлердің көпшілігі басқа қалаларға көшіп кетуі себепті, ауруханада маман тапшы болғандығын және «УЗИ» және «ФГДС» аппараттарының тілін білетін иесі болмай, бос қаңырап тұрғанын да жазғанмын. Ал халықтың шынайы ықыласына бөленген хирург дәрігер Ермек Шағалақов деген ағамыз аурухана ұжымында орын алған келеңсіздіктер салдарынан өз еркімен жұмыстан кетуге мәжбүр болғанын да айтқанмын. Міне, енді аймақ басшысы бүкіл халықтың көзінше сол Ермек Шағалақов ағамызға осы ауруханаға бас дәрігер болуға ұсыныс жасады. Ауруханаға қажетті барлық медициналық құрылғы, жабдықтарды да сатып әперуге уәде етті. Ал бұрынғы аудан орталығы Ақжардан өзінің жеке клиникасын ашпақ болып жанталасып жүрген білікті дәрігер бұл ұсынысты қабылдайды ма, жоқ па, әзірге белгісіз… Мұндағы тұрғындардың негізгі талабы Ақжарды қайтадан аудан орталығы етіп, шекара маңындағы үдере көшкен халықтың көшін тоқтату болды. Облыс әкімі Даниал Ахметов бұл мәселелерден хабардар екенін, оны шешу үшін Үкіметпен кеңесетінін жеткізді. Мұның өзі ақжарлықтарға үлкен үміт сыйлап, олар ризашылықтарын қол соғумен білдірді»,- деп жазды.

Хамза СӘТИЕВ, «Семей таңы»{jcomments off}

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

09.05.2026
Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде өңір тұрғындарына тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде тұтынушылардың құқықтары туралы еске салды. Абай...

Толығырақ...Details

Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

09.05.2026
Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Өңірде шомылу маусымында су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық және ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Абай облысы...

Толығырақ...Details

Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

09.05.2026
Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Облыс әкімі Берік Уәли Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагері, мереке күндеріне орай Мәскеуге барған Григорий Маларовқа байланысқа шығып, мерекемен құттықтады....

Толығырақ...Details

Абай облысында Жеңіс күні кең көлемде атап өтілуде

09.05.2026
Абай облысында Жеңіс күні кең көлемде атап өтілуде

9 мамыр – Жеңіс күні Абай облысында кең көлемде атап өтілуде. Атаулы күнге орай Семей қаласында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. 🔼Облыс...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

09.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Қымбатты отандастар! Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін біз майдан даласында Отан үшін от кешіп, ерлік жасаған жауынгерлерге және...

Толығырақ...Details

Абай облысының журналистері «Seitkhan cup» турнирінде топ жарды

07.05.2026
Абай облысының журналистері «Seitkhan cup» турнирінде топ жарды

Semeytany.kz – Семейде БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан белгілі журналист, көрнекті спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

2 дня бұрын

Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

2 дня бұрын

Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

2 дня бұрын

Абай облысында Жеңіс күні кең көлемде атап өтілуде

2 дня бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

2 дня бұрын

Абай облысының журналистері «Seitkhan cup» турнирінде топ жарды

4 дня бұрын

Абай облысында жазғы сауықтыру лагерлері қатаң санитариялық бақылауда

5 дней бұрын

«Халық қаһарманы» Кенжебай Мәденовтің ұлына Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды

5 дней бұрын

Қазақстан армиясын заман талабына сай нығайту шаралары қолға алынды – Тоқаев

5 дней бұрын

Мемлекет басшысы: Елге қорған болу – ең абыройлы қызмет

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС