"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫ ҮШІН ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

07.03.2014
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫ ҮШІН ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала әкімі Айбек Кәрімовтың төрағалығымен өңірдегі кәсіпкерліктің даму деңгейі мен болашағы талқыланған отырыс өтті. Жиынға облыстық Кәсіпкерлік және   индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Шәкәрім Бұқтығұтов,  Кәсіпкерлер палатасының   Шығыс Қазақстан облысы аймақтық кеңесінің төрағасы Әсемхан Досқожанов, «Даму» қорының аймақтық филиалының директоры Бақыт Мұсаев пен қала прокуроры Тәжиден Найманов, кәсіпкерлер мен құқыққорғау және бақылаушы органдарының өкілдері қатысты.

 

Басқосуда бірінші болып сөз алған облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Шәкәрім Бұқтығұтов алдымен өңірдегі кәсіпкерліктің даму деңгейін тілге тиек етті. «Өздеріңізге белгілі, Елбасы халыққа жолдауында 2050 жылға дейін дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену мақсатын қойған болатын. Бұл орайда Шығыс Қазақстан өңірінде де айтарлықтар жетістіктер бар. Мәселен, былтыр облыстағы өндіріс көлемі 1 триллион теңгені құрады. Бұған өңдеуші өнеркәсіп саласының қосқан үлесі 83 пайызға жетті. Осының өзі үлкен нәтиже, экономикалық дамудың айқын көрсеткіші»,- деді облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы. Сондай-ақ, оның айтуынша қазіргі таңда аймақтағы кәсіпкерлікпен айналысатын тұрғындардың үлес-салмағы 31 пайызға жеткен көрінеді. «Бұл да айтарлықтай жетістік. Дегенмен, болашақта кәсіпкерлікпен айналысатын тұрғындардың санын ең кемі 50 пайызға жеткізуіміз керек»,- деді Шәкәрім Бұқтығұтов. Сондай-ақ, ол өз сөзінде экономика дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі инвестиция тарту жайын айтып өтті. Бұл тұрғыда да өсім жыл сайын артып келе жатқанын тілге тиек етті. 2009 жылы облыс экономикасына салынған инвестиция 133 миллиард болса, биыл оның көлемі 2,2 есеге өсіп, 301 миллиард теңгеге жеткен. Сонымен қатар, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында көптеген жұмыстар атқарылғанын айтты. Мысалы, “Индустрияландыру картасы” бойынша 61 жоба қолға алынып, бүгінде олардың 37-сі толық жүзеге асқан. Соңғы бірнеше жылдың ішінде аталмыш кәсіпорындардың жалпы алғандағы ортақ өндіріс көлемі 300 миллиард теңгені құрап, оларға салынған қаржы мөлшері 200 миллиард теңгеге жетіп отыр. Сегіз мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылғаны өз алдына. Бір айта кетерлігі, “индустрияландыру картасы” аясында қолға алынған 61 жобаның 14-і Семейде жүзеге асырылуда екен. Тағы да келіп түскен 24 бизнес идеясының 16-сы қолдау тауып, алдағы уақытта оларды қаржыландыру көзделіп отырған көрінеді. Сонымен қатар, Шәкәрім Бұқтығұтов «Индустрияландыру картасы» аясындағы жобаларды іске асыруға қаражаттың жеткілікті екенін айта келе, кәсіпкерлерді тың жобаларды жүзеге асырудан тартынбауға шақырды.

Сондай-ақ, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында белсенді жұмыс істеу керектігін айтып өтті. «Бұл үшін барлық жағдай жасалған. Қалада консультативтік ақпараттық-кеңестік қызмет көрсететін кәсіпкерлікті қолдау орталығы бар. Несие алу мәселесін қиындық тудыруы мүмкін. Осы орайда арнайы кепілдік беру механизмі бар екенін айта кету керек. Яғни, несиенің мөлшерлемесі 14 пайыз болса, оның 7 пайызын мемлекет төлейді. Егер, Семей моноқалалар қатарына енетін болса, кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыруға алынған займның 11 пайызы мемлекет тарапынан өтелетін болады»,-деді Шәкәрім Бұқтығұтов.

 

{jcomments on}Жиын барысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі де талқыланды. Осы тақырыпта сөз сөйлеген қала прокуроры Тәжиден Найманов кәсіпкерлердің құқығы бұзылғаны жайлы фактілер бойынша тез арада тексеру жүргізіп кінәлілерді анықтау мақсатында аумақтық прокуратуралардың жанынан арнайы жедел топтар құрылған. Мысалы, «Ньюлайн» ЖШС директорының шағымы бойынша  қалалық әділет басқармасы қызметкерлерінің әрекеттерінің қаншалықты заңды екені тексерілді. Нәтижесінде, тексеріс актісімен таныстырмау сияқты заңбұзушылықтың орын алғаны анықталды. Сол себепті әділет басқармасының қызметкерлері әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылды. Сондай-ақ, прокуратура тарапынан құзырлы мемлекеттік органдардың бизнес нысандарын тексеру жоспарларын қадағалап отырады. Осылайша, 2013 жылы мемлекеттік бақылау бөлімі, облыстық экология департаменті, ветеринарлық инспекция, төтенше жағдайлар басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық станция өздерінің тексеріс жоспарларына 37 кәсіпкерлік субъектісін тексеруді заңсыз енгізгені анықталған. Қолданылған қадағалау шараларының арқасында аталған субъектілер тізімнен шығарылып, заңбұзушылыққа жол берген қызметкерлер тәртіптік жауапқа тартылды.  Сонымен қатар, Тәжиден Найманов прокуратурада 2013 жылы 2 рет кәсіпкерлер үшін арнайы ашық есік күні өткізілгенін айтты. Осы орайда ол бизнес өкілдерінің құқықтық сауаттарын ашуда енжарлық танытып келе жатқанын тілге тиек етті. Прокуратура қабырғасында өткен аталмыш екі шараға санаулы ғана кәсіпкерлер келген көрінеді. Жалпы алғанда қала прокуроры бұрынғы жылдармен салыстырғанда қаладағы бизнес нысандарын тексерулердің анағұрлым азайғанын айтты. 2010 жылы олардың саны 349 236 болса, 2013 жылы 180 503-ке дейін кеміген көрінеді. Сөз соңында Тәжиден Найманов  кәсіпкерлердің өздері де заңға сәйкес қызмет етуі керектігін ескертті.

 

Кәсіпкерлік объектілеріне салық салу жүйесі туралы қалалық салық басқармасының басшысы Қанат Әділбаев айтып берді. Өз сөзінде ол елімізде орта және шағын бизнес өкілдеріне салық төлеу тұрғысында көптеген жеңілдіктер жасалып жатқанын тілге тиек етті. Мысалы, қосымша құн салығы 20-дан 12 пайызға, жеке табыс салығы 10 пайызға дейін, әлеуметтік салық 11 пайызға дейін, жеке кәсіпкерлер үшін мүлік салығы 0,5 пайызға дейін төмендетіліп отыр. Осы орайда Қанат Әділбаев бизнес өкілдерінің еліміздің салық заңнамасын бұзбай барлық салықтарды уақтылы және бекітілген тәртіппен төлеп тұруға шақырды. «Кейде билік тарапынан тексерістерге шектеу қойылған кезде кәсіпкерлердің тым еркінсіп кететіні бар. Сондықтан, бизнес өкілдеріне, осы жылдың сәуір айынан бастап күшіне енетін мораторий салықтық міндеттемелерін орындаудан босатпайтынын ескерткім келеді»,-деді қалалық салық басқармасының басшысы.

Жиын соңында кәсіпкерлер жергілікті билік өкілдеріне, оның ішінде қала әкімдігіне осындай басқосу ұйымдастырғандары үшін алғыстарын айтып, өңірдегі бизнестің болашағына қатысты ойларымен бөлісті.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

1 день бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

1 день бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

2 дня бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

2 дня бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

6 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 неделя бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 неделя бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 неделя бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

1 неделя бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС