"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

30.03.2020
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облысымыздағы Аягөз қаласы тұрғындарының саны мен орналасу тығыздығы бойынша Өскемен мен Семейден кейінгі үшінші орында тұр. Демек, қазіргідей пандемиялық ахуал жағдайында Аягөз қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды. Бүгінгі күндері қаланың орталық көшелерінде, сауда орындары мен бірқатар нысандарда коронавирусқа қарсы дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындар толықтай залалсыздандырылды.

Аудан әкімі Ділдабек Оразбаевтың айтуынша, дезинфекциялық жұмысқа шаһарда орналасқан әскери бөлімнің қызметкерлері жұмылдырылған.

– Аягөз қаласы бойынша дезинфекциялық жұмыстар таңғы сағат 7-де басталып, 11-ге дейін жалғасты. Қажетті құрал-жабдық, негізінен, әкімдік тарапынан берілді. Сондай-ақ 16443 әскери бөлімі базасының «Рубеж» деп аталатын құралы да қолданылды. Арнайы құрылған екі топ осылайша күні бойы жұмыс істеді. Сонымен қатар заласыздандыру жұмыстарына 10810 әскери бөліміндегі танк бригадасы мен 36376 резервтік бригаданың екі арнайы көлігі пайдаланылды, — дейді Аягөз ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев.

Залалсыздандыру шаралары бірінші кезекте тұрғындар көп жүретін орталық көшелер бойында жүргізілді. Одан соң автовокзалда, сондай-ақ темір жол вокзалы мен перронда да жалғасты. Сол сияқты базарлар мен жәрмеңке өткізілетін алаңда, автобус аялдамаларында дезинфекция жасалды.

Залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілетіні жайында тұрғындар алдын ала әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілгендіктен әрі бұл шаралар демалыс күні ұйымдастырылғандықтан қала көшелері мен қоғамдық орындарда қолайсыздықтар туындаған жоқ. Қала басшылығының айтуынша, жүргізілген шараларға жергілікті тұрғындар да түсіністік танытып, кедергі келтірмеген. Коронавирус індетіне тосқауыл қоюға бағытталған санитарлық шаралар алдағы уақыттарда да жүргізілетін болады.

— Барлық шаралар жергілікті атқарушы билікпен келісіліп, санитарлық нормаларға сай ұйымдастырылды. Осындай сын сағатта бір-бірімізді қолдайық. Біз біргеміз!- дейді әрдайым қол ұшын беруге әзір тұратын аягөздік белсенді азаматтар.

Ауданда сонымен қатар халықты қатерлі инфекциядан сақтану жолдары туралы ақпараттандыру мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Жастар ресурстық орталығының белсенділері жуырда қаладағы барлық көп қабатты үйлердің кіреберістеріне коронавирустың алдын алу шаралары көрсетілген жаднамаларды іліп шықты. Сонымен қатар жергілікті «Қазпочта» АҚ-ның Аягөз қалалық бөлімшесіне халыққа тарату үшін 10 000 дана жаднама қағаздарын беріп, індеттің таралмауына мүмкіндігінше үлестерін қосуда.

Өз тілшіміз{jcomments off}

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

23.07.2026
Дәл барлау – дәл соққының кепілі

Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес мамандық бойынша дайындық сабақтары үздіксіз жүргізілуде. Дайындық барысында әрбір әскери қызметші...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

23.07.2026
Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

Абай облысында 11–19 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!   Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026...

Толығырақ...Details

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

23.07.2026
Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

Зерттеу Қазақстанның 18 жастан асқан ересек тұрғындарының жынысы, жасы, тұрғылықты елді мекен түрі және аймағы бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026 жылғы...

Толығырақ...Details

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

23.07.2026
КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

Биыл Қазақстан жаңа Конституция жағдайында өмір сүріп жатқан мемлекет ретінде дамудың кезекті кезеңіне қадам басты. Конституция – бұл тек заңгерлерге...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

1 день бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

1 день бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

1 день бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

1 день бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

1 день бұрын

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

1 день бұрын

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘДЕНИЕТІ

1 день бұрын

АДАЛ АЗАМАТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

1 день бұрын

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

1 день бұрын

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС