"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ — САУАПТЫ ІС

30.03.2020
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тарбағатай өңірін мекендеген қалың ел төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті қатаң сақтап, «үйден шықпау» туралы талапты орындап отыр. Аудан әкімі Серікқазы Садуақасовтың тікелей бақылауында тұрған өңірдегі коронавирустың алдын алу шараларының сақталуын қадағалау, жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатындағы жұмыстарды ұйымдастыру ауылдық округ әкімдеріне тапсырылған.

Осы орайда бірнеше ауыл әкімдерімен онлайн форматында байланысып, ауылдағы ахуал жайлы сұраған едік.

Ақжар ауылының әкімі Асқар Боғырбаев:

— Ауылдың бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігі қазіргі төтенше жағдай талаптарына толық сай келеді. Азаматтардың көшелерде бейсауат жүрісі күрт тыйылған. Сауда орындарына келушілер керек-жарағын алып, ізінше кері қайтады. Жуырда ауылдағы Байжігіт баба мешітінің имамы А.Жарасов зекет қоры есебінен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жобасы бойынша Ақжар ауылының тұрғыны Күләш Смағұловаға қаржылай көмек көрсетіп, бір бөлмелі үй сатып алуына жәрдем жасады. Сонымен қатар «Жүрек жылуы», «Біз біргеміз»  акциялары бойынша да игілікті істер атқарылып жатыр. 30 отбасыға 90 мың теңгенің азық-түлік себеті тапсырылды. Ақжар ауылының көшелерін тазалауға қуатты техникалар шығарылды.

Маңырақ ауылының әкімі Абылхайыр Қожахметов:

— Ауыл тұрғындары төтенше жағдай талаптарын толық сақтап отыр. Азаматтар өз үйінің аулаларына, мал қораларына ғана шығып, шаруашылығын реттеп жатады, бейсауат жүрген ешкімді байқамайсыз. Ауыл халқының әлеуметтік жағдайы, тыныс-тіршілігі жіті бақылауда. Осы ауылдың тумасы Бауыржан Әділұлы осындай қиын шақта жерлестерін қолдау мақсатында 40 қап ұн, 50 литр сұйық май, 50 пакет ұн өнімдерін көп балалы отбасыларға таратып берді.

Қарасу ауылының әкімі Шалқар Муслимов:

— Еліміздің барлық аймақтарындағы сияқты біздің Қарасуда да толық тыныштық орнаған. Жиын-тойлардың бәрі кейінге шегерілген. Қауіптен сақтану өзінің ғана емес, жақынының, баласының, халқының амандығы үшін қажет екенін түсінген ауылдықтар бейсауат жүрісті доғарған. Ауылдағы Жұмық баба мешітінде «Қараша» шаруа қожалығының жетекшісі Бауыржан Қанафиановтың демеушілігімен коронавирус індетіне қарсы дұға оқылып, ірі қара малы құрбандыққа шалынды. Ұйымдастырушылар сойылған малдың етін 38 отбасыға таратып берді.

Ақсуат ауылының әкімі Ғалымжан Нұғиев:

— Ақсуаттағы әлеуметтік жағдай күнделікті көз алдымызда. Бүгінгі күні негізгі мақсатымыз жұқпалы аурудан сақтану шараларын ұдайы насихаттау, төтенше жағдайда қойылған талаптардың тұрғындар тарапынан орындалуын қадағалау болып отыр. Шеттен келген көліктер ауылға кіреберіс бекетте тоқтатылып, жолаушылар дәрігерлердің бақылауынан өтеді. Жуырда Бегебай Жарылқасынов бастаған бір топ кәсіпкерлер 3 бас ірі қара малын құрбандыққа шалды. Ұранхай қажы мешітінің бас имамы Айдын қажы Құсманұлы індеттің таралмауын, әр отбасының амандығын тілеп дұға жасады. Құрбандық малдың еті әлеуметтік жағынан аз қамтылған 115 отбасыға тең бөлініп, таратылды.

Хамза СӘТИЕВ, «Семей таңы»{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

5 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

5 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

9 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС