"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ — ӘРКІМНІҢ МІНДЕТІ

30.03.2020
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүкіл әлем елдерін алаңдатып отырған коронавирус індетіне байланысты Үржар ауданында да сақтық шаралары күшейтілді. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тікелей тапсырмасына сәйкес, адам көп жиналатын орындарда санитарлық-гигиеналық жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов жақында 0-92 блокбекеттерінде болып, жағдайды бақылап қайтты, жауапты мамандарға ауданға қарай ағылған көліктер мен жолаушылардың жан-жақты тексерістен өтуін жіті қадағалауды қатаң тапсырды.

— Блокбекетке өзім арнайы барып қайттым. Медицина және құқық қорғау қызметкерлері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, нақты тапсырмалар бердім. Қазіргі күні аталмыш бекеттер 24 сағат кезекшілік жасап тұр. Жағдай біздің назарымызда, – дейді аудан әкімі.

Үржар ауданындағы мемлекеттік мекемелер мен халық көп шоғырланатын сауда нүктелері, базарлар, автобекет, саябақтар, мейрамханалар, дүкендер және басқа да қоғамдық орындарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ,  «Гүлназ», «Сұңқар», «Зияда», «Ыстық нан» және тағы басқа да сауда орталықтары күшейтілген жүйеде жұқпалы дертпен күресті мықтап қолға алуда. Дүкендердегі азық-түлік бағасы да тұрақты. Барлық сауда орталықтарына кіре қалсаңыз, сатушылар арнайы бетперде және қолғаптармен қызмет көрсетеді.

— Бұл біздің қауіпсіздігіміз үшін өте маңызды. Шағын дүкенге келсін я болмаса үлкен базарға келсін кез келген адам міндетті түрде бетперде киіп жүргені абзал. Қазақта «Сақтаңсаң, сақтайды» деген жақсы сөз бар. Осы ретте барлық тұрғындарды ұлт саулығы үшін қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануға шақырамын. Ал балаларымды мүлде дүкендерге жібермеймін,- дейді аудан тұрғыны.

Сақтық шарасына жете мән бергендердің қатарында «Сұңқар» сауда орталығы да бар. Аталған дүкен кемінде екі сағат сайын орталық ішін хлор ерітіндісімен жуып, есік тұтқасына жиі ауыстырылып тұратын дезинфекцияланған матаны байлап қойған. Шағын маркет басшысы Ақиқат Кәрім талаптарға сәйкес өз еңбеккерлерінің сақтық ережелерін мұқият орындауын қадағалаумен қатар, тұтынушылардың қауіпсіздігін де қамтамасыз етуде. Бұнда да азық-түлік құны тұрақты. Нан, басқа да өнімдер арнайы пакеттерге салынып босатылуда.

— Жұқпалы дертке қарсы пәрмен күшейтілді. Шағын маркет сатушыларының, сондай-ақ дүкен тұтынушыларының бетперде киюі, олардың тазалыққа ерекше мән беру мәселесі күнделікті ескертілуде. Әрбір тұтынушыдан соң дезинфекция жасап жатырмыз. Дүкенімізде баға тұрақты. Дегенмен қаладан әкелінген кейбір тауарлардың бағасы 5-10 теңгеге қымбаттады, — дейді А.Кәрім.

Аудандағы бірқатар ірі дүкендердің сатушылары, сауда орындарының иелері әкімдікпен жасалған меморандум шеңберінде азық-түлік бағасын тұрақты ұстап отыр. Айта кету керек, осыған байланысты арнайы комиссия құрылып, баға тұрақтылығын бақылау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілетін болады.

Ақерке АЛТЫНБЕКОВА, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

09.11.2026
Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында 31 618 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Негізгі назар пешпен...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

09.11.2026
Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше...

Толығырақ...Details

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

14 часов бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

14 часов бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

14 часов бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

1 день бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

4 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

4 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

4 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

4 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС