"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КҮШЕЙТІЛГЕН ШЕКТЕУ: ТАЛАП ҚАЛАЙ ОРЫНДАЛУДА?

23.04.2020
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты Үржар ауданында да діни, мәдени — көпшілік, бұқаралық шараларды өткізу уақытша тоқтатылған. Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында аудан тұрғындарына 10 мыңға жуық жаднама мен нұсқаулықтар таратылды. Ақпараттық жұмыс «Фейсбук», «Инстаграм» әлеуметтік желілері және WhatsApp мессенджері арқылы да жүріп жатыр.

 

Аудан әкімшілігінің, жұмыспен қамту орталығының мамандары шектеу шараларының енгізілуіне байланысты халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тәртіпті қатаң түрде сақтауға шақыруда.

— Әлеуметтік желілерге 15-тен астам бейнеөтініш, 70-тен астам инфографика салынды. Тұрғындарға облыстық «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінің, аудандық «Уақыт тынысы/Пульс времени» газетінің арнайы шығарылымдары таратылды. Коронавирустың алдын алу бойынша ақпараттық хабарламалар 100-ге жуық материал әлеуметтік желілерде орналастырылды және 195 топта WhatsApp мессенджері арқылы таратылған,– дейді Үржар ауданы әкімінің орынбасары Біржан Тұрлыбеков.

Аудандық мешіт имамы Ұлан Шраинбеков тұрғындарға төтенше жағдай кезінде діни жоралғыларды уақытша тоқтата тұрудың маңыздылығын түсіндіріп, жұмыстар жүргізуде. Әлеуметтік желілерде ҚМДБ материалдары жарық көрді. Аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары ауылдық округтердің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Аудандағы ғимараттардың алдында жолақтар сызылған, осы арқылы тұрғындар 1 метр арақашықтықтықты сақтай отырып, кезекке тұрады. Аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов халықтың жағдайын білу үшін «Қазпошта» ғимараты мен банк мекемелерін, блокпостарды аралап, жұмыстарына бақылау жасап шыққан болатын. Әлеуметтік желілерде жазылған халықтың пікірін де ескеріп, мұқтаж жандардың үйлерін аралап, жауапты орындарға тапсырмалар беруде.

Айта кету керек, қазір, бұрынғыдай емес, төтенше жағдай жарияланғаннан бері көшедегі халық қарасы азайған. Сауда үйлері де толықтай жабылып, дүкендерде адам саны азайдған.

Бұл күндері полиция қызметкерлерінің де жұмысы көбейген. Халықтың аудан аумағына кіріп-шығуына шектеу қойылғандықтан, блокпостарда әрбір көлік тексеруден өтіп, қозғалыс қатаң бақылауға алынған. Блокбекеттерде төтенше жағдай бөлімінің арнайы жылыту көлігі қойылып, дәрігерлер жолаушылардың денсаулығын тексеруден өткізу үшін арнайы күрке тігілген.

Тәртіп сақшылары ауданда шектеу шараларының енгізілуіне байланысты көліктер мен тұрғындардың рұқсаттама қағаздарын тексеріп, төтенше жағдай талаптарының орындалуын қадағалауда. Кешкі рейдтер ұйымдастырылып, аудандық Жастар ресурстық орталығының еріктілер тобы, «Тарбағатай» МҰТП ұжымы өкілдері, өрт сөндіру бөлімшесі, мектеп ұстаздары мен ауылдық округ мамандары да полиция бөлімшесі қызметкерлеріне көмек көрсетуде.

Бүгінде «Nur Otan» партиясының Үржар ауданындағы филиалының ұйымдастыруымен аз қамтылған көп балалы отбасыларға, ардагерлерге, мүгедек жандарға азық-түлік пен ет таратылуда. Аудан әкімі Нұржан Тоқсейітовтің басшылығымен ұйымдастырылып отырған қайырымдылық шараларына ауданымыздың ерікті жастары, меценаттары көмек қолын созуда.

А.БЕРІКҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС