"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

12.05.2020
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ауыртпашылық бірігіп көтерсе жеңілдейді. Еліміздің оңтүстігіндегі Мақтаарал ауданындағы су тасқыны семейліктерді де бейжай қалдырмады. Қысылтаяң сәтте қол ұшын созуға ниетті ағайынның саны күн санап артып келеді. Өткен аптада Семей қаласында су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмек беру акциясы басталды.

Аталмыш шараға тек семейлік белсенділер мен еріктілер ғана емес, Әнет баба Кішікұлы атындағы қос мұнаралы орталық мешіт жамағаты да ұйытқы болуда. Бүгінде көпшіліктің үлес қосуымен Орталық қалалық мешіт алдында азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі заттар жиналуда. Қайырымдылық акциясын ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкілдігі, «Зекет» қоры және еріктілер бірлесіп жүзеге асырмақ.

— Күнгейдегі Мақтаарал өңірінде су тасқыны болғанын жалпы ел біледі. Осыған байланысты жерлестеріміз зардап шеккендерге көмек көрсетпек. Біздің өңірде де қиындықтар болған кезде еліміздің барлық облыстары қол ұшын созған. ҚМДБ мен «Зекет» қоры зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсету үшін аталмыш акцияны ұйымдастырып отыр. Оған қала еріктілері де атсалысып, азық-түлік пен киім-кешек жинауда. Біз барша семейліктерді мұқтаж жандарға көмек қолын созуға шақырамыз, — дейді ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша бас имамы Асқар Әбітайұлы.

Өңіріміздің бас діндарының айтуынша, 4-5 күн бойы мешіт алдында арнайы жүк көліктері тұратын болады. Оған қалалықтар жинап берген азық-түлік және басқа да күнделікті тұрмысқа қажетті заттар тиеледі. Көліктер жүкке толған сәтте Мақтааралға жіберіледі.

— Су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін тез бұзылмайтын өнімдерді, яғни киім, жастық, көрпе және басқа қажетті заттарды әкелуге болады. Сондай-ақ кез келген соманы «Зекет» қорына 4400 4301 1208 7538 нөмірі арқылы жіберіп, қаржылық қолдау көрсете аласыздар, — дейді бас имам.

«СТ» — ақпарат{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

31.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды. – Бауырлас елдердің егемендігіне,...

Толығырақ...Details

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

31.10.2026
Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

Білім – қоғамның дамуы мен елдің болашағын айқындайтын маңызды құндылықтардың бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында азаматтардың білім алу құқығына кепілдік...

Толығырақ...Details

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

30.10.2026
Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

Еңбек ету, мамандық таңдау, атқарған жұмысы үшін лайықты ақы алу – әр адамның негізгі құқықтарының бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында...

Толығырақ...Details

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Абай облысында кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын, ашықтығы мен әлеуметтік жауапкершілігін бағалауға бағытталған «Адал кәсіпкер – 2026» өңірлік байқауының қорытынды марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

30.10.2026
Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ертіс өзеніне 22 мың Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Балықтандыру жұмыстары 29–30 қазан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

18 часов бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

18 часов бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

18 часов бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

2 дня бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

2 дня бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

2 дня бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

2 дня бұрын

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

2 дня бұрын

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС