"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАУЫНГЕРДІҢ МЕДАЛІ ҰРПАҚТАРЫНА ТАБЫС ЕТІЛДІ

12.05.2020
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Эстониядағы іздеу жұмыс-тарының нәтижесінде табылған Абдулманат Таиповтың «Ерлігі үшін» медалі ардагердің туыстарына табыс етілді. Ұзақ уақыт бойы жатып қалған марапат Эстонияның «Otsing» әскери-тарихи клубы мен «LENPEH-PETERGOF» Санкт-Петербург іздеу тобының арқасында Қазақстанға жіберіліпті.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында аймақ басшысы Даниал Ахметов табылған медальді Абдулманат Таиповтың немере бауыры Ернар Мұратқазыұлына табыстады.

Таипов Абдулманат соғысқа Мақаншы ауданынан шақырылып, 282-шi атқыштар дивизиясы 3-ші ротасының бөлімше командирі болып қызмет етті. 1943 жылғы 6 маусымда болған шабуыл кезінде сержант бірінші болып жау траншеясына жетіп барып, гранатамен немістердің қорғаныс нүктелерін жойып, пулеметін тартып алады. Осы ерлігі үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

— Біз атамызбен мақтанамыз. Бүкіл отбасымызбен ол кісіні еске алып, ерлігіне  тағзым етеміз. Есімін құрметтейміз. Жеңістің 75 жылдық мерекесінде бізге атамыздың медалі табысталғанына аса қуаныштымыз. Атамыз осы уақытқа дейін хабарсыз кеткендер қатарында болған еді. Енді оның 1944 жылы ұрыста қаза тапқанын біліп отырмыз.  Біз бұл құнды жәдігерді сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткіземіз, — деді Ернар Мұратқазыұлы.

Айта кетейік, бүгінгі таңда басқа да сарбаздарды іздеу  жұмыстары еріктілердің көмегімен  жалғасуда. Жыл сайын майданда хабарсыз кеткен боздақтарымыздың ерліктері  жайлы деректер табылып, тарихтың жаңа парақтары ашылуда.  2019 жылдың өзінде ғана Новгород облысында Шығыс Қазақстаннан шақырылған 16 жауынгердің сүйектері табылған болатын. Қазір олардың туыстары аталарының қайда жерленгенін біледі.

– «Естелік жолы» халықаралық жобасы аясында біздің облыста орналасқан эвакуациялық госпитальдарда қайтыс болған сарбаздардың заттары  Мәскеудегі «Патриот» саябағының тарихи-мемориалдық кешеніне берілді.

Бүгін Абдулманат Таиповтың «Ерлігі үшін» медалі оның ұрпақтарына тапсырылып отыр. Сұрапыл соғыс кезінде миллиондаған жас сарбаздар майдан даласында қаза тауып, бізге бейбіт өмір сыйлады. Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын! Баршаларыңызға тыныштық, бейбітшілік пен береке тілеймін, — деді Даниал Ахметов.

Мақпал МАРАТҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

17 часов бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

18 часов бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

18 часов бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

2 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

2 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

2 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

3 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС