"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС ЖҮРІП ЖАТЫР

12.05.2020
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бородулиха ауданының шаруалары, COVID-19 пандемиясына қарамастан, күшейтілген режімде жұмыстарын жалғастыруда. Өңірде көктемгі дала жұмыстарына дайындық әлдеқашан басталып кеткен.

Бородулиха ауданында, мал шаруашылығымен қатар, өсімдік шаруашылығы да жақсы дамыған. Жыл басынан көктемгі дала жұмыстарына дайындық шаралары жүргізіліп, жұмыс жоспары жасалды, егіс алқаптары анықталды.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Нұркешовтің мәліметінше, биылғы ауылшаруашылық дақылдарының егіс алқабы 324,9 мың гектар аумақты құрайды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 5,9 мың гектарға артық. Оның ішінде жаздық егін 279 мың гектар алқапқа егіледі: 148,7 мың гектар жерге дәнді және бұршақты дақылдар, 44,58 мың гектар алқапқа мал азықтық дақылдарды себу жоспарланған.

— Ауданда егіс алқаптарын әртараптандыру, яғни дәстүрлі дақылдарды өнімділігі жоғары және сұранысқа сай дақылдарға алмастыру жұмыстары жүргізілуде. Сол себепті соя дақылдарын егу көлемі 6 есеге, дәнді жүгері алқабы 8 есеге, рапс 128 гектарға ұлғайтылады.

Жоспарланған егістік көлемін толық орындау үшін аудандағы ауылшаруашылық тауарын өндірушілер 22,5 мың тонна дәнді дақылдар мен 960 тонна майлы дақылдарды екті. Бүгінгі күні егілген тұқымның 96%-ы сынақтан өткізілді және сапасына сәйкес келетіні анықталды, — дейді Марат Нұркешов.

Сұрыптау және тұқымды жақсарту мақсатында фермалар қосымша жоғары репродукциялы тұқым сатып алмақ: шамамен 8,4 мың тонна тұқым алу жоспарланып отыр.

Көктемгі дала жұмыстарының барлық түрін жүзеге асыру үшін техника саны жеткілікті. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін 997 бірлік шынжыр табанды және доңғалақты көлік құралдары тартылмақшы.

Марат Аждарұлының айтуынша, облыстық ауылшаруашылық басқармасының квотамен ауданға бөлген дизель отынының көлемі 5980 тоннаны құрайды. Дизель жеткізуші оператор — «Шығыс Мұнай Өнімдері» ЖШС. Наурыз — сәуір айларына дизель отынының бір литрінің бағасы 165 теңгені құрап отыр. 14 сәуірге дейін шаруа қожалықтары жоспарланған 1840 тонна минералды тыңайтқыштың 1284 тоннасына қол жеткізді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

3 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

3 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

3 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

3 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

5 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

5 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС