"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА

19.05.2020
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен апта соңында облысымызға ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин арнайы жұмыс сапарымен келіп, аймағымызда атқарылып жатқан бірқатар жұмыстармен, соның ішінде Абайдың 175 жылдығына дайындық барысымен танысты.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысының көктемгі егіс жұмыстары мен энергетика, өнеркәсіп, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым салаларындағы ірі жобалардың іске асырылу барысын тексерді.

Өскемен қаласында Премьер-министр ҚР-ның ірі машина жасау және металлургия кәсіпорындарына — Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты мен Өскемен титан-магний комбинатына барып, оларды одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.

Үкімет басшысы Өскемен қаласының жаңа шағын ауданындағы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан әлеуметтік тұрғын үй құрылысын барып көрді. Мұнда жалпы ауданы 400 мың шаршы метрге жуық 48 үй салу жоспарланған.

А.Мамин облыстық балалар ауруханасына барып, реанимациялық және операциялық блоктардың жұмысымен, сонымен қатар COVID-19-бен ауырған науқастарды емдеу үшін иммундық плазма бөлу жөніндегі ғылыми жобамен танысты.

Мәртебелі мейман сонымен қатар Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар қатарына қанығып, ұлы ақынның алдағы мерейтойына дайындықтар жүріп жатқан нысандардың барлығын аралап көрді.

Асқар Ұзақбайұлы алдымен шаһар орталығындағы Абай алаңында жүргізіліп жатқан ауқымды жөндеу жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда бұл аумақта құрылыс жұмыстары қызу қарқынмен жүргізілуде. Алдағы уақыттарда аталмыш алаңның келбеті толығымен өзгереді. Алдын ала әзірленген, пысықталған жоба бойынша бордюрлерді жаңарту, ойшылдың құрметіне арналған ескерткішті жарықтандыру шаралары қарастырылған. Сонымен қатар спорт және балалар алаңдары, автокөліктерге арналған тұрақ, субұрқақ салынады. Қазіргі таңда құрылыс жүргізіп жатқан мердігер компания «Фирма Азия» ЖШС басшылығы барлық жұмыстар шілде айына дейін толығымен аяқталатынын айтады.
Қаламыздағы бірегей орындардың бірі, аймағымыздағы іргелі мәдени мекеме Абай театрында да Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарына қаражат өткен жылы бөлінген болатын. Қазіргі күні жұмыстардың негізгі бөлігі, атап айтсақ шатырдың жұмсақ шатырын, қасбетін және баспалдақтарды жөндеу және аталмыш аумақты толықтай абаттандыру жұмыстары кедергісіз атқарылып жатыр.

Жөндеу жұмыстарының сапалы атқарылуын облыс әкімі Даниал Ахметов, қалалық әкімдік, облыстық мәдениет басқармасы қатаң бақылауға алғанын да айта кету керек. Себебі Абайдың 175 жылдығына орай атқарылатын ең маңызды іс-шаралар Семей театрында өтеді.
Театрдың ішкі безендірілуі де өзгереді. Екінші қабаттың фойесі жаңа бейнеге еніп, көрермендер залы да жаңартылмақ. Абай мерейтойында театр әртістері жаңартылған, заманауи талаптарға сай сахнаға шығатын болады. Қазіргі уақытта жұмысшылар сахнаға жаңа жабынды төсеуде. Дайындық бөлмелерінде де, әкімшілік қанатында да жөндеу жұмыстары басталды.

— Семей қаласы Тәуелсіз Қазақстанның мәдени, рухани мұрасында, тарихында айрықша орын алады. Ел басшылығы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөліп отыр, — деп атап өткен Асқар Ұзақбайұлы қаланы дамыту бойынша жоспарланған барлық жобаларды уақтылы іске асыруды толықтай қамтамасыз етуді тапсырды.
Үкімет басшысы Асқар Мамин сонымен қатар қаламызда орын тепкен Абайдың «Жидебай — Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайына да барып, ондағы мерейтойға әзірлік жұмыстарына да қанықты.

Сонымен қатар ҚР Премьер-министрі аталмыш мұражайдың қызмет барысымен және жаңғырту жұмыстарымен танысты. 
Асқар Мамин іссапары аясында сонымен қатар қаламыздағы Қарағайлы ықшам ауданында жүргізіліп жатқан жұмыстармен де танысып шықты. Бүгінгі күні шағын ауданда 25 000-нан астам адам тұрады. 720 оқушыға арналған физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жаңа ғимараты орналасқан. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған320 орындық балабақша бар.

Іссапары барысында Асқар Мамин шағын ауданда салынып жатқан сегіз үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Мұнда сондай-ақ үш мектеп, алты балабақша, мұз модулінің және оңалту орталығының құрылысы қарастырылған. 
Премьер-министр Қарағайлы шағын ауданындағы бірегей спорт кешенінде болып, бұл қазақстандықтардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған нысан екенін баса атап өтті. Спорт кешенінің құрылысы 2017 жылы басталған болатын. Ауқымды мәдени-спорттық шараларды өткізу жоспарланған үлкен зал бес мың орынға есептелген. Қасбетті қаптауға «желдетілетін қасбеттің»принципі бойынша алюминий панельдері қолданылған.

Барлық халықаралық стандарттар бойынша салынған кешен спорттың әр түрі бойынша жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Бассейн турнирлер, жүзу жаттығуларын, аквааэробика, су добы және суға секіру жарыстарын өткізуге, т.б. сауықтыру шараларына арналған. Спорт ғимаратының жалпы ауданы 33,8 мың шаршы метрді құрайды. Ірі кешеннің құрылысын отандық компания — «Фирма Азия»ЖШС жүзеге асырды. Жобаның жалпы құны — 26 миллиард теңге. 
Үкімет басшысы Семей қаласына, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шараларға алыс және жақын шетелдерден қонақтар көп келетінін, сондықтан да мерейтойлық шараларды лайықты деңгейде өткізу қажеттігін баса атап өтті.

{jcomments off}

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени...

Толығырақ...Details

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

5 часов бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

5 часов бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

6 часов бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

6 часов бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

21 час бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

22 часа бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

22 часа бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

22 часа бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

1 день бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС