"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

19.06.2020
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асуда.

«ШҚО Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры Сабыр Ашеловтің айтуынша, ағымдағы жылдың соңғы 4 айында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 938 адам тартылған.

Бағдарламаға қатысушыларды техни-калық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету бағыты бойынша, 370 адамды нарықтағы сұранысқа ие мамандықтарға қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспарлануда. Бұл бағытта 79 497 млн теңге бөлінген. Соның ішінде дәнекерлеуші, электр монтаждаушы, слесарь-сантехник, кран машинисі, өндірістік трактор жүргізушісі, кірпіш қалаушы, кең профильді станокшы, шаштараз, саяхаттау менеджері, маникюр шебері, тігінші, тәрбиешінің көмекшісі, массаж жасаушы, аспаз, кондитер, бухгалтер, 1 С білімімен ЭЕМ операторы және басқа да мамандықтарға басымдық беріліп отыр.

— Қазіргі күні осы мамандықтар бойынша жұмыс іздеушілерді және жұмыссыздарды оқытуға өтініштер қабылдануда. ШҚО «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы оқыту орталықтарының, колледждердің тізімін және аймақтық комиссия оқытудың бағасын бекіткеннен кейін жұмысты бастамақшымыз,- дейді орталық директоры С.Ашелов.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша шағын несие алуға өтініш білдірушілерге 224,1 млн теңге сомасына 31 жолдама берілген.

— Оның ішінде екінші деңгейдегі банкттер арқылы 73,7 млн теңге сомасында 9 жолдама, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 96,4 млн теңгеге 17 жолдама және кредиттік серіктестіктер арқылы 54,0 млн теңгеге 5 жолдама берілді. Жаңа бизнес-идеяларды ұсынушыларға 121,648 млн теңге мөлшерінде 218 мемлекеттік грант бөлінбек, — дейді орталық директоры.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәр-демдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» атты бағдарламаның үшінші бағыты аясында 375 адам тұрақты жұмысқа, 131 адам уақытша әлеуметтік жұмысқа, 306 адам қоғамдық жұмысқа орналастырылған.

— Осы жылдың соңына дейін 305 адамды уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру жоспарланған. Бұл бағытта бөлінген 66 130 млн теңгенің 5,401 млн теңгесі игерілді. Соңғы төрт ай ішінде қоғамдық жұмыстарға 306 адам орналасты. Жылдық жоспар бойынша 1401 адамды қоғамдық жұмысқа тарту көзделіп отыр. 117 түлек «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен жұмысқа жолданды. Жыл соңына дейін аталмыш бағдарлама арқылы 512 жасты жолдама бойынша тиісті мекемелерге жіберетін боламыз, — дейді Сабыр Даярханұлы.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында Семей қаласы бойынша 2020 жылы оралмандар мен қоныс аударушылар қатарындағы 45 адамнан тұратын 25 отбасыға квота берілген. Олардың ішінде 4 отбасы (4 адам) оралман және 21 отбасы (41 адам) оңтүстік өңірден қоныс аударушылар.

— Ағымдағы жылда қоныс аударушыларға 2, 505 млн теңге  көлемінде (жылдық жоспар — 31 905 млн теңге.) субсидия, тұрғын үйді жалдауға және коммуналдық қызметтерді өтеуге 6,072 млн теңге (жылдық жоспар – 22 553 млн теңге) төленді,- дейді орталық директоры.

Бағдарламаның төртінші бағыты — «Жастар – ел тірегі» жалпыұлттық жобасының аясында, «100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлау, «Жас кәсіпкер» жобасы арқылы жастар кәсіпкерлігін дамыту шараларын жүзеге асыру жоспарлануда.

— Ағымдағы жылдың басынан атаулы әлеуметтік көмек алуға 2384 отбасыдан өтініш қабылданып, 108 отбасыға тағайындалудан бас тартылды. АӘК 2276 отбасыға (10466 адамға), оның ішінде 1680 отбасыға (8304 адам) шартты ақшалай көмек, 596 отбасыға (2162 адам) шартсыз ақшалай көмек, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 1886 отбасыға (2970 балаға) кепілдік берілген әлеуметтік топтама тағайындалды. Шартты ақшалай көмек алатын еңбекке жарамды отбасы мүшелерінен қоғамдық жұмыстарға 14 адам, уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына 11 адам тартылса, 2 адам «Жастар тәжірбиесі» бағдарламасымен мекемелерге жіберіліп, 71 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Барлығы 98 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылды, — деді орталық директоры.

Жұмыс істеуге ниеті бар адамға екі қолға бір күрек табылады. Мемлекет тарапынан да қыруар қаржы бөлініп, сұранысқа ие мамандықтарға тегін оқытуға, кәсіп бастауға, азаматтарды әлеуметтік және қоғамдық жұмыстарға тартуға айтарлықтай қолдау көрсетілуде.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 час бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

3 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

3 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

3 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

3 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

3 часа бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

3 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС