"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУЫЛ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

19.06.2020
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда  «Nur Otan» партиясының Аягөз аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжегүл Габдуллина, Ақши ауылдық округінің әкімі А.Қалиев, аудандық «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» мәдениет үйінің директоры К.Алпысбаев, партиялық бақылау комиссиясының және сол өңірдегі қоғамдық қауымдастықтың мүшелері ауылдық округтегі жалпы ахуалмен, соның ішінде жергілікті мәдениет үйінде атқарылған жөндеу жұмыстарымен танысып қайтқан болатын.

Осы сапар барысында анықталғандай, бүгінгі таңда ауылдың даму әлеуеті әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты секторы ретінде және де әлеуметтік шеңбері және инфрақұрылымдық кешені ретінде серпінділігімен сипатталады.

Негізгі міндеттері инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, өнімдерді өткізу нарықтары мен елді мекендер бойынша көлік қатынасын жақсарту, мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету орталықтарын құру, халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған шараларды іске асыру болып саналады. Округтің жалпы ауданы 90320 га аумақты қамтиды. Яғни ауыл шаруашылығы бойынша жер көлемінің қомақты болуына байланысты ешқандай күрделі мәселе жоқ.

Тоқтала кетсек, әлеуметтік сала бойынша Ақши ауылдық округінде жаңа үлгідегі 180 орындық мектеп ғимараты, соның ішінде 70 орындық интернат пен шағын орталық жұмыс істейді. Дәрігерлік амбулатория, ауылдық клуб үйі және де жаңартылған кітапхана жүйелі жұмыс істеп тұр. Комиссия мүшелері аталған нысандарда атқарылған жөндеу жұмыстарының жай-жапсарымен танысып, жергілікті мәдениет саласы қызметкерлерімен де тілдесті.

Мамандардың айтуынша, бүгінгі күндері аудан әкімі Ділдабек Оразбаевтың тапсырмасымен аталмыш округте бірқатар игілікті шаралар нәтижелі жүзеге асқан. Өңір басшысы ауылға жиі ат басын тіреп, жергілікті тұрғындармен сөйлесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдайды, мәселелердің шешімін қарастырады.

Сонымен қатар бүгінде жергілікті тұрғындарға қызмет көрсететін пошта бөлімшесі, АТС, екі азық-түлік дүкені, үш киім-кешек дүкені, бір наубайхана,  тойхана,  қоғамдық монша,  мал сою алаңы тұрақты жұмыс істеп тұр.

Аталмыш округте тіркелген сегіз жеке кәсіпкер жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. Шағын кәсіпкерлік халықты жұмыспен қамтудың айтарлықтай бөлігін құрайды. Бүгінгі күндері шағын кәсіпкерлік саласы ауыл тұрғындарының күнделікті сұранысын толығымен қанағаттандырып отыр.

Шаруа қожалық басшылары, жеке кәсіпкерлер арасында мемлекеттік бағдарламалар – «Ауыл  шаруашылығын  қаржылай  қолдау  қоры»,  «Құлан», «Сыбаға», «Алтын асық», «ҚазАгро» несиелендіру қоры арқылы лизингке техника алу,  Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған бағдарламасының  екінші бағыты — «Егінжай»   бағдарламасының бағыттары бойынша үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ жаңадан кәсіп ашамын деген  азаматтарға құжаттарын ресімдеуге көмек көрсетіледі.

Жалпы, Ақши ауылдық округ бойынша әлеуметтік инфрақұрылым қанағаттанарлық жағдайда. Әйтсе де ауылдың демографиялық жағдайы төмен, ағымдағы жылы халық саны азайған.

Білім саласы бойынша да атап өтуге тұрарлық жетістіктер бар. Мәселен, 2010 жылы Ақши ауылында  жаңа үлгідегі 180 орындық мектеп ғимараты пайдалануға берілген болатын. «Ақши жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен» мекемесінде 34 мұғалім жұмыс істейді, 213 оқушы білім алуда, оның ішінде интернатта 64 оқушы тәрбиеленуде.

Аудан бюджетінен 240 000 мың теңге қаражат бөлініп, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 26 балаға сырт киімдер әперілген болатын. Бүгінгі күндері мектепте мультимедия, интерактивті тақта, 60 орындық асхана, 100 орындық мәдени шараларды  өткізуге арналған зал бар. Барлық кабинеттер қажетті құралдармен толық жабдықталған. Мектепте әртүрлі үйірмелер (баскетбол, волейбол, шахмат, қазақша күрес, теннис, би, шебер қолдар және т.б.) жұмыс істейді.

Ақши ауылдық дәрігерлік амбулаториясында бір дәрігер, төрт медбике, Ақтүбек елді мекенінде бір фельдшер халыққа қызмет көрсетеді. Дәрігерлік амбулаторияға ауыл тұрғындарын  диагноз түрлері бойынша арнайы базаға енгізіп отыру мақсатында интернет желісі орнатылды.

Сонымен қатар дәрігерлер Ақтүбек ауылын және қыстақтарды аралап, профилактикалық қарау, егу, диспансерлік бақылау және тіркеуде тұрған науқастарды бақылап, емдеу жұмыстарын жүргізеді. Жыл сайын рентген және «Саламатты Қазақстан» атты жылжымалы кешенді автомашинасы медициналық аппаратымен ауыл тұрғындарын тексеруден өткізеді.

Аудандық жергілікті бюджеттен 4098,0 мың  теңге қаражат  бөлініп, «Су» КММ Ақши ауылының су жүйесіне ағымдағы жөндеу  жұмыстарын жүргізді. Сусорғы станциясы ғимаратының төбесі  шатырланып,  ішіне бір дана сусорғы,  екі пультпен басқару жәшігі,  25 колонка орнатылды, басқа да ұсақ-түйек саймандары ауыстырылды.

Ал Ақтүбек елді мекенінің тұрғындары ауыз суды ашық өзеннен пайдаланады.  Бұл ауылда су көздерін іздеу жұмыстарын жүргізу керек. Ауылда «ШҚ АЭК» акционерлік қоғамына қарайтын электр желілері учаскесі жұмыс істейді. Ауылдық округтегі елді мекендердегі электр желілерінің техникалық жағдайы қанағаттанарлық.

Әкімшілік ғимараттарында «Қазпошта» АҚ  облыстық филиалы Аягөз аудандық  пошта байланыс торабының бөлімшесі орналасқан. Ауылдық округте 22 телефон  нүктесі бар, оның ішінде Ақши ауылында сандық байланыс торабы орнатылған,  нүкте  саны 12,  Ақтүбек елді мекенінде спутниктік байланыс торабы бар. Сонымен қоса тұрғындар «Актив», «KCELL», «Билайн» ұялы байланыс операторларының қызметін пайдаланады. Ауыл тұрғындарының ұялы байланыс жүйесін пайдалануына байланысты жоғарғы жылдамдықта істейтін 3G интернет жүйесі қажет.

Ауыл жолдарының жалпы ұзындығы 6,8 шақырым  болады. Жолдың сапасы қанағаттанарлық. Ауыл  ішіндегі  жолдарға жөндеу жұмыстары қажет. Осы жолдардың үш шақырымын  күтіп ұстау үшін «Аягөз жолдары» ҚМК  бекітілген.

Сонымен қатар ауыл көшелерін абаттандыру жұмыстары аясында Ақтүбек елді мекенінде бес жерде, Ақши ауылында 88 жерде жарық орнатылған. Сол тәрізді биылғы жылы Н.Хасенов көшесіне 12 жерден жарық орнату жұмыстары жүргізіліпті.

Ауылдық округтегі халықтың әл-ауқатын арттыру, ауылдарды абаттандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақыттарда да осындай қарқынмен жүзеге асырыла беретініне сеніміміз мол.

А.ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

11 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

11 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

11 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

11 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС