Жыл басынан бері оңды істер орын алып, өңірлер арасында өркендеу бойынша көш басынан табылған Аягөз ауданында жағымды жаңалық көп. Әсіресе абаттандыру, әлеуметтік сала мен ауыл шаруашылығын дамыту, ауылдық жерлерді ауыз сумен қамту ісінде өткен жылы аймағымыздағы аудан-қалалар арасындағы рейтингте алғашқы орыннан көрінген аталмыш аудан биылғы жарты жылдықта да табысқа жетіп отыр. Білікті басшы, ұйымдастыру ісінде шеберлігімен танылып, халықтың ризашылығына кенеліп жүрген аудан әкімі Ділдабек Оразбаевтың осы кезеңге дейінгі атқарған жұмыстарына көз жүгіртсек, бұған айқын көз жеткіземіз.
Аудан басшысы Ділдабек Тәжібайұлы жылдың алғашқы жұмыс күнін Аягөз қаласының көшелерін аралап, алда атқарылар жұмыстардың бағытын анықтауға арнады. Абай саябағында болып, аумақтағы қарды шығару жұмыстарымен айналысып жүрген Әсия Коштаева, Виктория Нүрпейісова және Аманғайша Маликовамен әңгімелесіп, пікірлерін тыңдады. Қыстың суығында да, жаздың ыстығында да саябақты таза ұстауға күш салатын қарапайым еңбек адамдарын үлгі еткен аудан әкімі әлеуметтік желілер арқылы барша қалалықтарды шаһар тазалығын сақтауға және қалың түскен қарды шығаруға бірлесе кірісуге шақырды.
***
Аудан әкімі Тарбағатай ауылдық округіндегі жаңа мешіттің ашылу салтанатына қатысты. Ауылдықтар үшін бұл көптен күткен өте қуанышты оқиға болды. Әсіресе ауыл тұрғындарының, осы жерден түлеп ұшқан азаматтардың ауызбіршілігінің арқасында жаңа мешіт бой көтерді. Мешітке имам тауып, жалақысын реттеуге де бір кісідей атсалысты.
Осындай мерейлі сәттің куәгері болуға ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша бас имамы Асқар Мұқанов та келіп, тарбағатайлықтарға арнайы сый-сияпаттарын тарту етті.
***
Ділдабек Тәжібайұлы ақпан айының басында Аягөз аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде көп балалы аналармен кездесті. Жиын барысында қазіргі таңдағы аналарды мазалап жүрген өзекті мәселелер жөнінде, АӘК туралы біршама сөз қозғалды. Аудан әкімі аналардың қойған сауалдарына заң аясында тұшымды жауаптар қайырды.
***
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Салихұлы ауданға келіп, Дәлдабек Тәжібайұлымен бірге Мыңбұлақ, Ақшәулі ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді. Халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап беріп, атаулы әлеуметтік көмектің берілу реті, мемлекеттік жәрдемнің өзге де түрлері жөнінде кеңінен сөз қозғап, түсіндіріп айтып берді. Мұндай кездесулердің халыққа пайдасы көп болды.
***
Аудан әкімі Өскемен қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиададан озық шыққан оқушылармен кездесу өткізді. Аудан оқушылары облыс көлемінде жүлделі ІІ орынды иеленген болатын. Кездесу барысында Ділдабек Тәжібайұлы жеңімпаздарды дипломмен марапаттап, «Киелі Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылатын саяхатқа баруға сертификаттар табыстады.
Шәкірттерінің жетістікке жетуі үшін мұғалімдердің көп еңбек сіңіретіні белгілі. Аудан басшысы жеңімпаз оқушылардың жетекшілеріне «Қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері» атты кітапты сыйға тартты.
***
Ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарға «Халық банк» АҚ тарапынан инватакси автокөлігі сыйға тарту етілді. Аудан көлемінде 2500-ге тарта мүмкіндігі шектеулі жан бар екен. Оның ішінде 130-ға жуығы арбамен ғана қозғалады.
«Халық Банк» акционерлік қоғамының «Семей» өңірлік филиалы директорының орынбасары Болат Кустаубаев арнайы келіп, көліктің кілтін салтанатты түрде табыстады.
***
Аудан әкімі аудандық мәдениет үйінде өңірдегі көп балалы аналармен кездесу өткізілді. Оған аудандық аурухана, «Қазығұл» емдеу мекемесі, Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» АҚ, ТҮКШ, Жұмыспен қамту орталығы мен бөлімінің мамандары және сала басшылары қатысты. ШҚО бойынша аз қамтылған және аз қамтылған көп балалы отбасы құқығы бойынша өкіл Анар Әбітайқызы да осы жиында болды.
АӘК-тің жаңа форматы бойынша жәрдемақы алу шарттары түсіндіріліп, «Бақытты отбасы» бағдарламасы жөнінде ақпарат берілді. Сондай-ақ кәсіп бастау үшін берілетін несиелер, гранттар сынды мәселелер қозғалды. Жиында мемлекет берген мүмкіндіктерді пайдаланып, өз кәсібін ашқандар да сөз алды. Іскер аналар «мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті мүлт жібермей, еңбектену керек» деген ойларын ортаға салды.
***
Аудан әкімі Ділдабек Тәжібайұлының халық алдында есеп беру кездесуінің нүктесі Аягөз қаласында өткен жиында қойылды. Өңір басшысы атқарылатын жұмыстармен таныстырып, жылды қорытындылады. Ауылдық округтерде өткен кездесулердегі сұрақтар да қойылды. Ал қала бойынша жол, жарық, тазалық, ауыз су мәселелеріне қатысты сұрақтар болды.
Кездесуде сөз алған Мамырсу ауылдық округінің Надежда есімді тұрғыны 3 жастан асқан балалары бар аналарға жұмыс болса, істеуге дайын екендіктерін жеткізді. Соған орай, аудан басшысы мамандықтар жәрмеңкесін өткізіп, көп балалы аналарды жұмыспен қамту туралы тапсырма берді.
***
Ділдабек Оразбаев Семей қаласында білім алып жатқан Аягөз ауданының студент жастарымен кездесу өткізді. Мақсат — шаһардағы оқу орындарында әртүрлі салада білім алып жатқан студенттерді ауылға шақырып, өңірдегі маман тапшылығын жою, жастардың туған жерді көркейтуге деген құлшыныстарын арттыру.
Бұл кездесуге сондай-ақ бұрын Аягөз ауданында қызмет еткен аға буын өкілдері де шақырылды. Олар аудан басшысының қолынан «Аягөз ауданының Құрметті азаматы» атағын алды.
Шара соңында Ділдабек Тәжібайұлы түрлі оқу орындарында үздік оқып жүрген 10 студентке ноутбук пен алғыс хат табыс етті.
***
Аягөз қаласының тозығы жеткен ескі су жүйесінде ақау пайда болып, соның салдарынан Ақтамберді және Мамбетова көшелеріндегі біраз үй сусыз қалды. Аудан басшысы Ділдабек Тәжібайұлы іссапардан келген бетте шұғыл жөндеу жұмыстарымен танысты. «Қамқор» локомотив жөндеу депосы, вагон жөндеу депосы, ПЧ-42 және «Аягөз су» апаттық жедел жөндеу бригадасы бірден іске кірісіп, санаулы сағаттар ішінде жағдайды қалпына келтірді.
***
Аудан әкімі шұғылалы көктем мерекесі 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Аягөз қаласында тұратын 100-ден асқан аналарды құттықтды. Ғасырдан астам өмір сүріп, еліміздің даму жолының, талай тарихи оқиғалардың куәсі болған, өмірлері өнегеге толы, болмыстары дара Жүкеш апа мен Күлсағат апаның шаңырағына барған аудан әкімі қазыналы қариялармен әңгімелесіп, дендеріне саулық, отбасыларына береке тіледі.
***
Өңір басшысы Ділдабек Тәжібайұлы ауданның белсенді аналарының өтініші бойынша тұрмыстық жағдайымен танысу мақсатында қала әкімі мен әлеуметтік бағдарлама бөлімінің басшысын және Думан имамды ертіп, 9-шы ықшам ауданында тұратын Жанель есімді жалғыз басты ананың үйіне барып, қаржылай көмек жасады. Сонымен қатар мемлекет тарапынан тағайындалатын бір реттік жәрдемақы төлеу мәселесі де қарастырылып, жұмысқа орналастырылатын болды.
***
Аудан әкімі Ділдабек Тәжібайұлы карантиндік шектеулер кезінде жергілікті банктер мен «Қазпоштада» кезекте тұрған азаматтармен кездесіп, бірыңғай жиынтық төлемді «Қазпошта» бөлімшесінде ғана емес, «Халық банк» және «БанкЦентрКредитте» де төлеуге болатынын түсіндірді. Сондай-ақ тиісті мамандарға төтенше жағдай режиміне байланысты мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмектер туралы ақпараттандыру жұмыстарын жандандыруға тапсырма берді.
***
Аягөз ауданында жалғыз ғана соғыс ардагері қалды. Ол — 98 жастағы Қабден ата. Жеңіс күні қарсаңында аудан әкімі ақсақалдың шаңырағында болып, 600 мың теңгенің сертификатын табыстады. Соғыстың соңғы солдатына ізгі лебізін білдіріп, деніне саулық, отбасына бақ-береке тіледі.
***
Аудан басшысы Ділдабек Тәжібайұлы еліміздегі төтенше жағдай кезінде өзінің инстаграмдағы жеке парақшасында жергілікті азаматтарды онлайн түрде қабылдады. Тікелей эфир арқылы өткізілген қабылдауда ауданның әр түкпірінен тұрғындар хабарласып, сұрақтарын қойды.
Республикалық БАҚ Ділдабек Оразбаевты алғашқы болып онлайн режимінде қабылдау өткізген әкім ретінде бағалап, бұл шараның тиімділігі жоғары екендігін атап көрсетті.
***
Аягөз қаласында Ділдабек Оразбаевтың қатысуымен тал көшеттерін отырғызу жұмыстары бастау алды.
Ағаш отырғызу Қабанбай батыр көшесінен басталып, 150 түп шырша көшеттері егілді. Жалпы, биыл Аягөзде 6000 түп ағаш отырғызу жоспарланған.
***
Аудан әкімі Ділдабек Тәжібайұлының бастамасы бойынша ағымдағы жыл Аягөз ауданында Ауыз су жылы болып жарияланды. Соның аясында аудандағы 15 ауылда ауыз суды тұрақты беру жоспарланды. Сол тәрізді биыл қала бойынша 38 көшені ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттамалар әзірленді. Енді үйлерге су кіргізу жұмыстары басталмақ. Орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған ауылдардың саны бүгінгі таңда аудан әкімдігінің нәтижелі жұмыстарының арқасында 70 пайызға жетіп қалды.
***
Аягөз ауданына жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Даниал Ахметов қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Аудандық аурухана негізінде салынған кардиологиялық орталықта болып, ондағы құрылыс жұмыстарына оң бағасын берді. Д.Кенжетайұлы аудандық орталық ауруханадағы өткен жылы медициналық қызмет көрсету бойынша ІІІ деңгейге өткен босану бөлімшесіне де барды. «Бұл — ауылдағы медицинаның басқа деңгейі. Жуық арада мұнда ангиограф қойылады. Сонда Аягөздегі аудандық аурухананың қызмет көрсету деңгейі Өскемен мен Семейден кем болмайды. Бүгінде осы ауруханада жұмыс істейтін 15 дәрігер Еуропаға барып, біліктіліктерін шыңдап қайтты. Бұл — алға жылжудың нақты көрінісі»,- деді Даниал Ахметов.
Іссапар соңында аймақ басшысы бес қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен де танысты.
***
Сарыарқа ауылдық округінде болған аудан басшысы мектептегі жөндеу жұмыстарымен танысты. Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында бұл шараға 17 млн теңге, ауыз су құбырларын ағымдағы жөндеуден өткізуге 20 млн теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 1 млн 55 мың теңге және жергілікті бюджет есебінен 2 млн 400 мың теңге қаржыға ауылдың екі көшесіне жарықтандыру жұмыстары және 6 млн теңгеге Стрит воркаут спорт алаңын салу жоспарланған-ды.
***
Ділдабек Тәжібайұлы қаладағы Шәкенов көшесіндегі 3 шақырым жолда жүргізіліп жатқан асфальт төсеу жұмыстарын көріп қайтты. Бастапқы тексеру кезінде асфальт жабындысының жұқа төселуіне байланысты аудан әкімі ескерту жасаған болатын. Мердігер компания » Гордорстрой»ЖШС көп ұзамай олқылықтардың орнын толтырды.
***
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде аудан әкімі Д.Оразбаев істен шығуына байланысты бөлім есебінен шығарылып, жөнделген 10 компьютерді көп балалы аналарға табыстады. Оқыту құралы ретінде ұсынылған компьютерлерге керекті бағдарламалар орнатылып, оқушылардың заман талабына сай білім алуына мүмкіндік жасалады.
***
Жаз айларында ауыз суды тұтыну көлемі арта түсетіні белгілі. Осы орайда аудан әкімі Ділдабек Оразбаев Аягөз қаласын ауыз сумен қамтып тұрған «Аягөз су» КМК-ның Барақ батыр көшесінде орналасқан су сору станциясында қуаттылығы 132 квт, 500 текше метр су сорғышты іске қосқызды. Аталған нысанның іске қосылуы қала тұрғындарының ауыз суды уақтылы және үздіксіз тұтынуына мүмкіндік береді.
***
Аудан басшысының тапсырмасы бойынша Аягөз қаласында өтетін сенбілік жәрмеңкенің ауқымы кеңейетін болды. Әкімдік ауылшаруашылық өнімдерін сатушыларға ыңғайлы болу үшін тағы да 50 жиналмалы үстелге тапсырыс берді. Сенбілік жәрмеңкелер — өңірдегі баға тұрақтылығын сақтауға септігін тигізетін шаралардың бірі.
***
Ділдабек Оразбаевтың бастамасымен қаладағы саябақтарды абаттандыру, күрделі жөндеуден өткізу шаралары қарқын алды. Соның ішінде жергілікті жұртшылық «Бәйтерек» деп атап кеткен Ардагерлер саябағы қайта жаңаруда. Кезінде қараусыз қалған бұл саябақ бүгінде балалар мен олардың ата-аналарының сүйікті демалыс орнына айналған. Мұндағы ойын алаңы әр аптаның жұмасы күнгі сағат 10.00-ден 14.00-ге дейінгі аралықта балалар үшін тегін жұмыс істейді.
Аудан әкімі Ділдабек Тәжібайұлының бастамасымен саябақтың ортасына субұрқақ орнату жұмыстары қолға алынып, бүгінде құрылыс қызу қарқынмен жүргізіліп жатыр.
Бұл Аягөздегі ең әдемі субұрқақ болмақ.
Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша әзірленді{jcomments off}