"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЛТЫ АЙДАҒЫ АУҚЫМДЫ ІСТЕР

25.06.2020
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Уақыт деген ұшқыр ғой. Міне, 2020 жылдың бірінші жарты жылдығы да аяқталып келеді. Бұл кезең Тарбағатай ауданы үшін табысты істерге толы болды. Өңірде аудан әкімі Серікқазы Садуақасовтың басшылығымен атқарушы орган қызметінің басым бағыты – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмалар негізінде ауыл шаруашылығы, инфрақұрылымдар, кәсіпкерлік, білім беру, денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту салаларына арналған мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Үстіміздегі жылдың 5 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері  тұрақты өсіммен сипатталады. Аудандық бюджеттің меншікті кірістер көлемі 520,9 млн теңгеге орындалып, өсім 171,8 % болды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 8,4 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,1%-ға орындалды. Аудан бойынша орташа айлық жалақы 129 484 теңгені құрап, 2019 жылдың салыстырмалы деңгейіне  қарағанда өсім 140,3 %-ды құрады. Ауданның мал шаруашылығы тұрақты дамып, мал басының сақталуы қамтамасыз етілді. Ірі қара 189962 бас болып, өткен жылдың осы мерзімімен  салыстырғанда 125,6 %, қой мен ешкі – 372 343 басты құрап, өсу қарқыны 103 % жылқы 40 267 бас болып 15,5 % орындалды.

***

Аудан бойынша ИАС бағдарламасына үстіміздегі жылдың 5 айында 690 шаруа қожалығы тіркеліп, 43 616 бас аналық ірі қара малдарына 2088 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас бұқасы қосылып, тұқымдық түрлендіру жұмыстары жүргізілді.

Аудандағы асыл тұқымды мал өсіретін 39 шаруашылықтың 10-ында 2550 бас жылқы, 11-інде 57318 бас қой, 18-інде 11123 бас ірі қара малы бағылуда.

Биылғы жылы ауданда ірі қара малдарын қолдан ұрықтандыру жұмыстары басталды. «Аягөз Асыл-тұқым» СПК арқылы келісімшарт негізінде  сәуір — мамыр айларында 9 шаруа қожалықтың, 5 жеке тұлғаның ірі қара малы — барлығы 1048 бас қолдан ұрықтандырылды.

Егін шаруашылығы да биыл жаңа қарқынмен дамуда, 15 987 гектар алқап игерілді. 2019 жылы 15 287 гектар жер игерілсе, биылғы жылы егістік көлемі ұлғайып, 104,5 пайызға жетті.

***

Кәсіпкерлік — табыстың көзі. Ауданда жұмыс істеп тұрған  шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны биыл бұрынғыдан да арта түсті. Барлық арналар арқылы өткізілген бөлшек сауда тауар айналымының көлемі өсті. Аудан әкімінің  тапсырмасы негізінде азық-түлік тауарларының тапшылығын болдырмау және ауылшаруашылық өнімдерінің бағаларын тұрақты ұстау мақсатында Ақжар, Ақсуат, Тұғыл ауылдық округтерінде үстіміздегі жылдың алғашқы екі айында бес рет  жәрмеңке өткізіліп, онда 32,4 млн теңгенің өнімдері саудаланды. Жәрмеңкеде ірі қара малының еті 1600-1700 теңгеден, қой және жылқы еті 1800 теңгеден, картоп және көкөніс өнімдері 100 теңгеден саудаланды. Бұл салада әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі аудандық жұмыс тобы нәтижелі жұмыс атқарды.

***

Тарбағатай ауданында баспана мәселесін шешу үшін биыл батыл қадамдар жасала бастады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 370,2 млн теңгені құрап, былтырғы жылға қарағанда 1,2 есеге артық орындалды. Жеке қаражат есебінен 39 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 117,6 пайыз өсімді құрады.

Тұрғын үйлерді көптеп салу мақсатында мемлекеттік — жекеменшік әріптестік негізінде Ақсуат ауылынан жеке кәсіпкерлер Д.Шотабаев, Ә.Мүфтиев және Д.Тастекеев  әрқайсысы 5 тұрғын үйден —  2 пәтерлі 15 тұрғын үй салса (ауданы 2700 ш.м.),  Ақжар ауылында Қ.Қожахметов 2 пәтерлі 13 тұрғын үй  салуды бастап кетті. Бұл көпшілік асыға күткен жағымды жаңалық еді. Кәсіпкерлер, құрылыс мамандары жаңа үйлердің орнын белгілеп, алғашқы қазығын қағып, заман талабына сай жаңа үйлердің жобасы туралы пікірлескенде бұл шараға аудан әкімі Серікқазы Садуақасов та қатысып, игілікті іске сәттілік тіледі.

***

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде ауданда су құбырлары желілерін тарту нысандары бойынша Тарбағатай ауданында жалпы құны 673 млн теңгені құрайтын 4 құрылыс: Ақсуат ауылында сумен жабдықтау жүйесін дамыту (құрылысты аяқтау), Маңырақ, Екпін ауылдарындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту, Ақмектеп ауылына су құбыры желілерін салу жобалары іске асылылуда. Маңырақта су құбыры сәуір айында  пайдалануға берілсе, Екпін, Ақмектеп ауылдарындағы су құбыры желілері биыл таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Ақсуат ауылының су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары алдағы жылы да жалғасады. Сонымен қатар Шолақорда, Қазақстан, Қамысты, Жалғызтал, Жаңатілеу ауылдарына су ұңғымалары бұрғыланып, блок-модульды станциялар орнатылса,  Жаңаауыл ауылының бір көшесіне екі колонка қойылады. Аудандағы 60 елді мекеннің 45-і таза ауыз сумен қамтылып, жалпы алғанда, аудан тұрғындарының 92,5 пайызы таза ауыз суды пайдаланып отыр.

***

Жерді меншікке беру жермен жұмыстың жаңа сапалық деңгейін қамтамасыз ететінін айтады мамандар. Ауылшаруашылық жер учаскелерін мақсатына сай пайдалану, сол арқылы жауапкершілікті, кәсіпкерлікті арттыру мәселесін Тарбағатай ауданының әкімі Серікқазы Құсайынұлы үнемі күн тәртібіне қойып келеді. Мысалы, ауданда 681 шаруашылық иелері жалпы ауданы 207 419,0 гектар жер телімдерін пайдаланбай отырғандығы анықталып, 27 186 гектары арнайы жер қорына қайтарылды. 47 жер иеленушіге әкімшілік іс қозғалып, 36250 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер теліміне ауыртпалығы белгіленді. Үстіміздегі жылы аудандық бюджеттен бөлінген қаражатқа байланысты 80 жер учаскесінің жобалары әзірленіп, 76-сы жеңімпаз болып танылып, жалпы алаңы 62156,4 гектар егістік, шабындық жер телімі иелеріне берілді. Сондай-ақ 64 жер учаскесі конкрустық негізде берілді. Қазіргі таңда 120 жер теліміне жоба жасалуда, жалпы алаңы 40 мың гектар жер телімі жыл аяғына дейін берілетін болады. Жыл басынан  аудандық жер беру комиссиясының  4 отырысы өтіп, мал жаю және шөп шабу үшін 5 жылға өтеусіз пайдалану құқығымен 54 жеке тұлғаға  жер берілді.

***

Аудан әкімі Серікқазы Құсайынұлы ерекше көңіл бөлген маңызды мәселелердің бірі күзгі және көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларды тиімді ұйымдастыру болды. Тасқын судың алдын алу жұмыстарын жүргізуге аудан әкімінің төтенше резервінен жеткілікті қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. Ауылдық округ әкімдерінің атсалысуымен жол жөндеу мекемелері аудан аумағындағы республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдарда орналасқан 40 көпір және 385 су өткізгіш құбырлар қар мен мұздан тазартты. Ақсуат ауылының оңтүстік — шығысына дейін өтетін бөгеттер бойы және каналдар жиегі көтеріліп, қосымша жаңадан 500 метр канал тартылып, адам және көлік, мал өтетін шағын өткелдер салынды. Ақсуат — Шыбынды бағытындағы автомобиль жолының 5-ші шақырымын су шайып кету қаупінің алдын алу жұмыстары  және осы облыстық маңыздағы жол бойында орналасқан Қарғыба ауылы арқылы өтетін өзеннің арнасын кеңейту, жағалауын қомдау, көтеру жұмыстары жүргізіліп, Көкжыра  ауылындағы Базар өзенінің жағалауы бекітілді. Көктүбек ауылында сметалық құны 8 500,8 мың теңге болатын, ұзындығы 2 000 метр қорғаныс дамбылары қалпына келтірілді. Мұндай жұмыстар ауданның барлық ауылдарында жүргізілді.

***

 

Тарбағатай ауданының әкімі Серікқазы Садуақасов жұмыс уақытының көп бөлігін ауылдарды аралауға арнап, қиыр шеттегі елді мекендердің тыныс-тіршілігімен, тұрғындарының жағдайымен танысып, проблемаларын шешуге ерекше мән береді. Халық қалауына қарай жұмыс істеп, елмен етене жақын болуды мақсат еткен басшы үлкен-кішімен әңгіме-дүкен құрып, жағдайды егжей-тегжей білуге құмар. Мысалы, төрт түлік мал қалай бағылып жатыр, егін қалай егіліп жатыр, шөп қалай шабылып жатыр, алдағы қысқа дайындық қалай жүріп жатыр… —  осы сияқты толып жатқан мәселелер аудан басшысының үнемі назарында.

***

Ауданда алыстағы ауылдардың болашағы үшін тың жобалар жүзеге асырылып, игі істер жалғасын табуда. Барлық мәселелер кезең-кезеңімен шешіле бастаған. Үстіміздегі жыл Тарбағатай ауданы үшін табысты жыл болады деп күтілуде. Жолдар жөнделуде, мектептер мен мәдениет ошақтарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы бойынша биыл ауданға 979 млн 783 мың теңге қаражат түсті. Бұл қаржы әлеуметтік маңызды нысандарды жаңартуға, еңбекшіл елдің мәдениетін арттырып, тұрмысын жақсартуға жұмсалуда. Қай ауылға барсаңыз да елді мекеннің ажарын арттырып, сәулетіне сәулет қосатын жарқын істердің куәсі боласыз. Аудан әкімі Серікқазы Садуақасов кезекті жұмыс сапарында Қызылкесік ауылындағы мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарымен танысып, нысанның еденін ауыстыруға, жылу жүйесін қайта тартуға қаржы қарастырылатынын жеткізді.

Аудан басшысы қай ауылға барса да ең алдымен түйткілді мәселелерді зерделеп, оны шешудің жолдарын қарастыруға көбірек көңіл бөледі.

***

 

Биыл Жаңаауыл ауылдық округінде жаңалық көп. «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында ауылға апаратын 9 шақырым жолды асфальттау жұмысы басталды. Кедір-бұдыр, ойлы-шұңқырлы жол көлік қозғалысын қиындататын. Енді тегіс жолмен жүретін күн де таяп қалды.  Жаңаауылға келген сайын жақсы істерді көріп, көңілі көтеріліп қалатынын айтқан аудан басшысы ауыл әкімі Дәуітбек Ниязбековке, кәсіпкерлер Қайрат Нәбиев пен Қайрат Қожахметовке ризашылық сезімін білдірді. Білікті азаматтар ауыл ішіндегі әлеуметтік маңыздағы нысандардың ауласын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жарыса қолға алып, туған жерін түлетуге белсене атсалысуды дәстүрге айналдырыпты.

***

Аудан басшысы Жаңаауыл ауылдық округіне барған сапарында шекара шегіндегі Ахметбұлақ елді мекеніне де ат басын тіреді. Ынтымағы жарасқан тұрғындардың тіршілігі жақсара түскені бірден байқалады. Зейнет жасында болса да ауыл мәдениетін арттыруға қажымай-талмай үлес қосып, Әжелер клубының жұмысын жандандырып жүрген Сармолдина Иіс анаға сәлемдесіп, хал-жайын біліп шығуға да аудан басшысы уақыт тапты. Осы ауылдағы Д.Қонаев атындағы мектеп-балабақша кешенінің жұмысымен де танысты. Мектептің ауласы мұнтаздай таза. Көгалдандыру жұмыстарына көңілі толған аудан басшысы мектеп директоры Жанымхан Нұралин бастаған ұжымға алғыс айтты. Шағын ғана білім ордасының жинақылығы басқаларға үлгі боларлықтай екен.

***

 

«Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында Ақсуат ауылының Қабанбай батыр көшесіне орташа жөндеу жұмыстары басталған. Сонымен қатар М.Имашев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде, Қожагелді батыр атындағы, Ақжар ауылындағы Абай атындағы білім ордаларында да күрделі жөндеу жүргізілуде.

***

Тарбағатайдағы өнер мен білімнің қара шаңырағы — Абай атындағы орта мектеп 1927 жылы ашылған. Бұл мектеп қырық екі жылдан бері күрделі жөндеу көрмепті. Биыл қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Ауыл ұстаздары облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы мен аудан əкімі Серікқазы Құсайынұлына алғыстарын білдіруде. Жаңа оқу жылында оқушылар мен мұғалімдер сапалы жөндеуден өткен мектептің жаңа бейнесін көреміз деген үмітте.

***

 

Тарбағатайлықтар төтенше жағдайдың ауыртпалығын төзімділікпен, сабырлылықпен білек біріктіре өткеріп шықты десек артық айтқандық емес. Ауданда экономикалық тұрақтылықты сақтап, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар тиісті нәтижесін берді. Халық тәртіп шараларын қатаң сақтады. Көршілес аудандармен шекаралас аймақтарға блокпосттар қойылды. Ақсуат пен Ақжар ауылдарының кіреберістеріндегі блокпостарда барлық бөлімдердің мамандары учаскелік инспекторлармен бірге кезекшілік қызмет атқарды. Барлық ауылдық округтердегі әлеуметтік маңызды нысандар кестеге сәйкес дезинфекцияланып тұрды. Төтенше жағдай кезінде ауданның белді кәсіпкерлері тұрмысы төмен отбасыларды азық-түлікпен, бірінші кезекте қажетті тұрмыстық заттармен қамтамасыз етті. Еріктілер де қайырымдылық шараларын өткізуге, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бір кісідей атсалысты.

***

Бүкіл әлем халқы күрделі кезеңді бастан кешіп отырған қазіргі таңда Тарбағатай өңірін мекендеген халық еңбекшілдік дәстүрін сенімді түрде жалғастырып келеді. Мал жайлауда, егін мен бау-бақша суғарылып, бапталуда. Әр ауылда жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының қарқыны ойдағыдай. Жөндеу жұмыстары қолға алынған нысандардың бәрі де жеке бақылауда. Аудан әкімі Серікқазы Құсайынұлы орынбасарларына, округ әкімдеріне, құрылыс мамандарына әр ауылда атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына мән беруді, істің тиянақты атқарылуын бақылауда ұстауды үнемі тапсырып отырады. «Сөзімізге ісіміз сай болсын, елге қызмет етудегі басты ұстанымым осы»,- дейді аудан басшысы.

Бетті дайындаған «Семей таңы» газетінің Тарбағатай ауданындағы меншікті тілшісі Хамза СӘТИЕВ{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

07.05.2025
Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

Жезқазғанда Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне жаңа арнайы техниканы тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға әкімдік, ТЖД өкілдері, ардагерлер, қызмет қызметкерлері...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

06.05.2025
Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

Төтенше жағдайлар министрлігінде дағдарыстық жағдайларда басқарудың тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған...

Толығырақ...Details

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

ҚР Көлік министрлігі мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ инвестиция мәселелерін нақтылау, іске асыру кезеңдерімен және әуе айлағын одан әрі дамытуға...

Толығырақ...Details

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

06.05.2025
Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

Қазақстан Республика Туризм және спорт министрлиги 2024 года жылдың қорытындысысынша еліміздегі ең танымал спорт түрлері туралы деректерді ұсынды. Статистика бұқаралық...

Толығырақ...Details

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

05.05.2025
5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандарды — акушерлерді құрметтейміз! Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады,...

Толығырақ...Details

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

05.05.2025
ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

Қазақстан ТЖМ ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осының шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды өртке қарсы қорғауды нығайтуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

2 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

3 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

3 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

3 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

4 дня бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

4 дня бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

4 дня бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

4 дня бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

7 дней бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС