"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОБЛЫСТАҒЫ ЖАҒДАЙ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

02.07.2020
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеше, 2 шілде күні облыс әкімі Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерінің, басқарма басшыларының қатысуымен коронавирус инфекциясының таралуын тежеу бойынша жиын өткізді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарлардағы төсек-орын санын 50%-ға арттыруды тапсырған болатын. Осыған орай аймақта аталған санаттағы төсек-орындар саны 400%-ға артты.

Бүгінде облыста 1700 инфекциялық және 2500 карантиндік орын әзір. Барлық қалалық және аудандық ауруханаларда қарқынды терапия палаталары дайындалып, диагностика мен зерттеулердің бірыңғай алгоритмі әзірленді. Қалалар мен аудандар әкімдерінің және медициналық мекемелердің бас дәрігерлері арасындағы іс-қимыл жүйесі жолға қойылды.

COVID-19 вирусына шалдыққан науқастарды тиімді емдеу үшін тиісті шаралар қабылдануда. Бүгінде облыста 50 рентген аппараты, 196 ИВЛ (өкпені жасанды желдету) аппараты бар және қосымша тағы осындай 50 аппарат сатылып алынбақ.

— Бүгінде облыста 15 компьютерлік томограф бар, бұл нормадан 2 есе көп. Бұдан басқа, пандемия жағдайындағы іс-қимыл жоспарына сәйкес, компьютерлік томографияның әрбір аппараты белгілі бір ауданға бекітілген. Қазіргі уақытта медициналық техника жеткілікті, қосымша төсек жанындағы мониторларды, балалар ӨЖЖ және басқа да техниканы сатып алу мәселесі қарастырылуда. Барлық дәрігерлер жүз пайызға жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар тамыз айында ең заманауи талаптарға сәйкес жабдықталған 100 жедел жәрдем машинасын сатып алу жоспары бекітілген, — деп жазды Даниал Ахметов инстаграм әлеуметтік желісіндегі жазбасында.

Өкінішке орай, облысымызда тек маусым айында коронавируспен ауыратын науқастар саны 135-тен 710 адамға дейін күрт өскен. Жиын барысында аймақта шектеу шараларын қайта енгізу мәселесі талқыланды.

— Тәжірибе көрсеткендей, коронавирус инфекциясының таралуын тек осылай тоқтатуға болады. Аймақ ішінде жүру тыйылады. Демалыс күндеріне толық шектеу жарияланады. Айта кетейін, біз бизнестің жұмыс істеп, тұрғындардың жалақы алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Сондықтан, құрметті жерлестер, сіздерден өзіңіздің және жақ{jcomments off}ындарыңыздың денсаулығын сақтауды сұраймын, — деп жазды аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

3 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

3 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

4 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

4 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

4 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

4 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

4 часа бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

4 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС