"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ерлан Бүркітов: СЫН САҒАТ БІРЛІГІМІЗДІ БЕКЕМДЕЙ ТҮСТІ

03.08.2020
17
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі күннің батырлары ретінде коронавирус індетімен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлер қауымын атауға болар. Жеке басынан қызметті, қоғам игілігі үшін атқарылар шараларды жоғары қойып, қауіп-қатерге қарамастан тәуекелге бас тігіп жүрген медицина саласының өкілдеріне қазіргі таңда қандай мақтау айтсақ та жарасады. Осындай ерлікке барған, вируспен күресте апталап, тіпті айлап отбасынан жырақта еңбек етіп жүрген ақ желеңді абзал жандар біздің өңірімізде де баршылық. Солардың ішінде Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы дәрігерлерін айрықша атауға болады. Осы ретте аталмыш емдеу мекемесінің вируспен күрестегі бүгінгі қызметі жайында сөз етпекпіз.

Іргелі мекеменің бас дәрігері Ерлан Бүркітовтің айтуынша, Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасында шілде айының 6-шы жұлдызында провизорлық стационар ашылған. Соған сәйкес және де еліміз бойынша күшейтілген карантин жағдайында аурухана қызметі күшейтілген режимге көшірілген. Қазіргі күні мұнда тәртіп қатаң. Залалсыздандыру жұмыстарының ұдайы жүргізілуімен қатар, бөгде адамдар үшін елеулі шектеулер қойылған.

— Қызметкерлеріміздің барлығы дерлік медициналық құрал-жабдықтармен толықтай қамтылған. Олар үшін жұмыс барысында арнайы қорғаныш киімдерін киіп жүру қазіргі таңда міндетті болып табылады. Ұзақ уақыт мұндай киіммен жүру қолайсыз әрі оңай емес. Әйтсе де әріптестеріміз сабыр сақтап, барлық жағдайға байыппен қарауда. Себебі қазіргі күні олардың өздерінің де денсаулықтарын сақтау аса маңызды, — дейді бұл ретте бас дәрігер Ерлан Төлеуғазыұлы.

Бүгінде аталмыш ауруханада 300 төсектік провизорлық стационар ашылған. Оның 30 төсегі инфекциялық стационарға жатады. Жалпы, провизорлық орталықтың өз реанимациясы бар. Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған қаладағы ең үлкен аурухана болғандықтан, әрі қажетті мамандар қызмет атқаратындықтан, мұнда жағдайы аса ауыр науқастар қабылданады екен. Ауруханадағы жансақтау бөлімі жоғары деңгейде жабдықталған. Гибридті ота жасаудан бастап, компьютерлік томография, магнитті-резонасты томограф та бар. Әрі бұл құрылғылардың барлығы да жаңа. Мұндағы дәрігерлер шет елдерде білімдерін жетілдіріп отырады, барлығы да өз істерінің нағыз шеберлері. Яғни, ана дүниенің табалдырығында тұрған науқасты бері қайтарып алуға барлық мүмкіндіктері бар. Сол себепті Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасынан провизорлық стационар ашу облыс басшылығы тарапынан толықтай құпталған екен.

Бүгінде провизорлық стационарда 115 сырқат ем алуда. Инфекциялық ауруханада  15 науқас және профильді ауруханада 140 адам ем қабылдап жатыр. Бір ерекшелігі — мекемеде профильді көмек те көрсетілуде. Яғни жүрек-қан тамыр сынды сырқаты барлар осында келіп ем қабылдауда.

— Қазіргі күндері жұмысымыз біршама жеңілдегендей сезіледі. Алғашқыда стационарға келіп түсушілердің қатары өте көп болған еді. Жедел жәрдемді күтпей, жеке көліктермен келген сырқаттар саны да мол болды. Мұндай күрделі жұмыс дәрігерлерімізге айтарлықтай ауырлық түсіргені рас. Әйтсе де, қазіргі таңда сырқаттанушылардың саны азайғандықтан, бұрынғыдай емес, қалыпты арнаға түстік, — дейді бас дәрігер Ерлан Бүркітов.

Жуырда аталмыш ауруханаға Татарстанның Қазан қаласынан келген 12 дәрігер арнайы келіп, тәжірибе алмасыпты. Сонымен қатар, коронавирусты емдеу бойынша өз әдіс-тәсілдерімен де бөлісіпті. Аухана қызметімен таныса келе жоғары баға беріп, тіпті таңғалыстарын да жасыра алмапты. Шығыста дәл осындай жабдықталған аурухана бар деп ойламағандарын да жеткізіпті.

Қазіргі күні әсіресе «қызыл аймақта» еңбек ететін дәрігерлерге айрықша көңіл бөлінуде. Онда бір ауысымда бес дәрігер, 20 мейірбике және 10 интерн жұмыс істейді.

— Жалпы, халқымыздың жұқпалы аурудан сақтану туралы түсінігін, ниетін қалыптастыру керек. Карантин шектеулері енгізілді ме, ол бұлжымай орындалуы тиіс. Әсіресе той-томалақ, ас беру сынды жиындарды тоқтата тұрған дұрыс. Коронавирус сырқатын егде жастағы адамдар мен қосымша аурулары бар жандар өте ауыр өткереді. Сондықтан әсіресе жасы үлкен кісілерге үйде отырған дұрыс дер едім. Бұл ретте барша қауымды өздерінің және жақындарының денсаулықтары, қауіпсіздіктері үшін сақтық шараларын күшейтіп, оқшаулануға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға мән беруге шақырамын, — дейді өз сөзінде аурухананың бас дәрігері.

Осы орайда айта кетер бір жайт бар. Республикалық «Біз біргеміз!» акциясы аясында Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасының дәрігерлер қауымы мен қатерлі вирустан емделушілер үшін көптеген мекемелер мен еріктілер қайырымдылық шараларын ұйымдастырып жатыр. Соның ішінде «Фирма Азия» ЖШС басшысы Сәуле Досқожанованың көрсетіп отырған көмегін айтпай кетуге болмайды. Алғашқы болып көмек қолын созған кәсіпкер аурухана есепшотына 30 млн теңге көлемінде қаржы аударыпты.

Сонымен қатар «DAEWOO BUS KAZAKHSTAN» және «СемАЗ» ЖШС да қолдау білдіріп, миллион теңгенің үстінде қаражат бөліпті. Ал «БанкЦентркредит» мекемесі 2 млн теңге қаржы аударған.

Сол тәрізді осы өңірде туып-өскен кәсіпкерлер Семейден жырақта жүрсе де аталған акцияға елеулі түрде атсалысуда. Атап айтсақ, «ПрофСтройИнжиниринг» ЖШС аурухана қызметкерлерінің игілігі үшін 2 млн теңге бөліпті.

Қазіргідей қысылтаяң шақта дәрігерлер қауымына Семей қалалық әкімдігі тарапынан да айрықша қолдау көрсетілуде. Вируспен күресте алғы шепте жүрген, нақтырақ айтсақ «қызыл аймақта» қызмет көрсетуші медицина мамандарына аты жаман сырқатты жақындарына жұқтырмас үшін үйлеріне баруға болмайды. Сондықтан қалалық әкімдік олар үшін арнайы жатақхана бөлген. Қазіргі таңда онда жүзге тарта медицина қызметкерлері тұрып жатыр. Ал олардың үш мезгіл ыстық тамағын, ас-суын тағы да жергілікті кәсіпкерлер қауымы көтеріп алып отыр. Қаламыздағы «Кең сарай» мейрамханасы ұжымы бұл ретте бірінші болып көмекке келіпті. Дәрігерлерді тегін тамақтандырып, ас-ауқатпен тұрақты түрде қамтып отыр.

Сонымен қатар қалалық таксопарк басшысы Асқар Маратұлы Ширяевтың бастамасымен дәрігерлер үшін арнайы көліктер бөлінген. Олар медицина қызметкерлерін жұмысқа алып келіп, қайтарда апарып отыр. Бұл айтарлықтай үлкен көмек, қаланың төрт бағытына қатынайтын осы көліктердің есебінен дәрігерлердің жұмысқа келіп-қайтуы жеңілдеп отыр.

Аталмыш ауруханаға жәрдем жасаудан жеке кәсіпкерлер де тыс қалмауда. Серікжан Шәкенов сынды азамат 405 литр болатын әр түрлі сусындар әкеліпті. Сол тәрізді Абай ауданына қарасты Саржал ауылының тұрғындары бірлесіп дәрігерлер мен науқастар үшін «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында 500 литр қазақтың ұлттық сусыны — қымыз алып келіпті. Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей аймағы бойынша бас имамы Асқар Мұқановтың жетекшілігімен үлкен тайқазанға палау әзірленіп, түскі ас беріліпті.

Қаладағы «Фастфуд» фирмасы да аталмыш аурухана қызметкерлері үшін ыстық тамақ дайындапты. Қайырымдылық шараларынан тіпті жергілікті дәрігерлердің өздері де шет қалмаған екен. Бас дәрігер Ерлан Төлеуғазыұлының айтуынша, қаламыздағы №17 отбасылық дәрігерлік амбулатория қызметкерлері төсек тартып жатқан, тамақ іше алмайтын ауыр науқастар үшін зондты тамақтандыру құрылғысының 17 қорабын табыс етіпті. Ал шаһардағы іргелі әрі үлкен ұжым — облыстық аурухана дәрігерлері жиналып, әріптестеріне түскі және кешкі ас әзірлеп әкеліпті.

Қаламыздағы «Керемет» мейрамханасы ұжымы медицина қызметкерлеріне бес күн бойы түскі ас пен кешкі тамақ дайындап әкеліпті. Шаһардағы іргелі мекемелердің бірі «Дизайн мебель» компаниясы да дәрігерлер мен науқастарға түскі ас дайындап беріпті.

Сол сияқты «Эйкос» фирмасының береке-бірлігі мығым ұжымы да ауруханаға түрлі сусындар әкеліп табыстапты.

Мұның барлығын неге айтып отырмыз? «Ас — адамның арқауы» демекші, вируспен күресте алғы шепте жүрген медицина мамандары мен науқастарға иммунитеттерін күшейту үшін ұдайы түрде құнарлы тамақ ішу қажет. Ал індетпен күресіп жүрген дәрігерлер қауымына қоғамдық тамақтану орнына баруға болмайтыны тағы да белгілі. «Жақсы ас тұрған жерде жаман ауру тұрмайды» деп қазақ нақылында айтылғандай, демеушілер көрсетіп жатқан бұл қолдау шаралары өз нәтижесін берері анық.

— Осындай күрделі кезеңде дәрігерлерімізге демеу болып, қайырымдылық шараларын ұйымдастырған, қолдау көрсеткен барша жанашыр азаматтарға ұжымымыздың, ауруханамыздағы медицина мамандарының атынан зор алғыс білдіргім келеді.  Барлығына ризашылығымызды білдіре отырып, зор денсаулық, бақыт пен еңбектеріне табыстар тілейміз, — дейді бас дәрігер Ерлан Төлеуғазыұлы.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Семейде «Қазпошта» қызметін күшейту жоспары талқыланды: бөлімшелер саны артады

20.02.2026
Семейде «Қазпошта» қызметін күшейту жоспары талқыланды: бөлімшелер саны артады

Semeytany.kz - Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли «Қазпошта» АҚ Абай облыстық филиалының директоры Нұрдәулет Лесбаевпен кездесті. Кездесуде өңірдегі пошта-логистикалық,...

Толығырақ...Details

Бірлік пен келісім – Жаңа Конституцияның берік негізі

20.02.2026
Бірлік пен келісім – Жаңа Конституцияның берік негізі

Семей қаласында Достық үйінің ұжымымен мазмұнды әрі еркін форматтағы диалогтық алаң өтті. Іс-шараны Жалпыұлттық коалицияның Абай облыстық филиалы ұйымдастырып, жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңа Конституция – терең сараланған, ұлттық мүддені және адам құқығын толық қорғауға бағытталған сапалы құжат

20.02.2026
Жаңа Конституция – терең сараланған, ұлттық мүддені және адам құқығын толық қорғауға бағытталған сапалы құжат

Семей қаласындағы Абай атындағы кітапханада «Қаладан – ауылға» өңірлік форумы басталды. Маңызды шараға облыс әкімі Берік Уәли, Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы...

Толығырақ...Details

Ақсуат ауданында 697 шақырым жол инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңғыртылуда

20.02.2026
Ақсуат ауданында 697 шақырым жол инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңғыртылуда

Ақсуат ауданында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 697 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар бар. Бұл...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы заңмен қорғалады

20.02.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы заңмен қорғалады

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және...

Толығырақ...Details

Тоқаев Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне не үшін қосылғанын түсіндірді

19.02.2026
Тоқаев Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне не үшін қосылғанын түсіндірді

Американың The National Interest басылымында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Сенімділік – жаңа күш” атты мақаласы жарық көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде «Қазпошта» қызметін күшейту жоспары талқыланды: бөлімшелер саны артады

5 часов бұрын

Бірлік пен келісім – Жаңа Конституцияның берік негізі

5 часов бұрын

Жаңа Конституция – терең сараланған, ұлттық мүддені және адам құқығын толық қорғауға бағытталған сапалы құжат

5 часов бұрын

Ақсуат ауданында 697 шақырым жол инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңғыртылуда

5 часов бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы заңмен қорғалады

5 часов бұрын

Тоқаев Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне не үшін қосылғанын түсіндірді

20 часов бұрын

Курчатов қаласына 2026–2035 жылдарға арналған ғылым қалашығын дамыту жобасы әзірленді

21 час бұрын

В городе Курчатов запускается пилотный проект по бронированию талонов электронной очереди

1 день бұрын

Абай облысында инвестициялық жобалар мен кәсіпкерлікті қолдау қарқынды дамып келеді

1 день бұрын

Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нарығы мен инвестициялық жобалар дамуда

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС