"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Хасен Молдабаев: АҒА ҰРПАҚҚА ЛАЙЫҚТЫ ІЗБАСАР БОЛУ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ТАЛАП ЕТЕДІ

06.08.2020
26
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Іскерлік әкімшілендіру шебері (Master of Business Administration), «Қазақстан» РТРК» Семей қаласындағы филиалының директоры Хасен Советханұлы Молдабаев

— Құрметті Хасен Советханұлы, 2020 жыл — «Семей» телеарнасының ұжымы үшін маңызды әрі қуанышты жыл. Биыл «Семей» телеарнасының құрылғанына 55 жыл толады екен. Әңгімемізді бүгінгі таңда өзіңіз басқарып отырған телеарнаның тарихынан бастасақ…

— Иә, «Семей» радиохабар тарату және телевизия комитетінің құрылғанына ширек ғасырдан асты. Бүгінгі «Семей» телеарнасының тарихы 1965 жылдың 1 қыркүйегінен бастау алады. Осы күннен бастап телевизия орталығы тарапынан облыс өмірінен түсірілімдер жасалып, хабарлар беріліп, ел игілігіне  қызмет көрсетіле бастады. 1969 жылға дейін қызмет еткен телеарнаның алғашқы басшысы — соғыс ардагері Қылшықбай Байғожиннің есімі телеарнаның қалыптасуына,  дамуына, өсіп-өркендеуіне  ерекше еңбек сіңірген азамат ретінде  ел есінде сақталады.

— Телевизия орталығының құрылысы жайлы, монтажшылар, жабдықтар туралы мағлұмат берсеңіз. Жалпы, құрылыс қалай жүрді?

— Телестудияның жұмысын алға қою оңай емес, қаражат, адам күші, білікті мамандар, жаңа технология керек екені өзінен-өзі түсінікті. Оған бүкіл Одақ көлемінен, атап айтқанда Ленинград, Одесса, Баку, Киев, Харьков, Новосибирск қалаларынан, тіпті сол кездегі Чехословакия Социалистік Республикасынан көрсетілген көмектер айтарлықтай болған.

— Телемұнара құрылысы туралы нақтырақ айтсаңыз…

— Құрылыстың негізі — мұнараның бой көтеруі. Мен осы мерейлі датаға орай біршама уақыт архивте жұмыс істедім.  Тарихи құжаттарға, сол кездегі естеліктерге үңілсек, мұнараны көтеру оңай болмаған сияқты. Дегенмен мұнараның монтажы ешқандай кедергісіз, сәтті, жоспарлы түрде салынған. Сол кезде шыққан газеттерді қарап, арнаның тарихы туралы жазылған мақалаларды жинақтадым. Айталық, «Иртыш» газетінің 1965 жылдың 25 маусымындағы №120 санында телемұнараны монтаждау сәті жайлы жазылған. Мақалада Мәскеуден жіберілген мамандар — А.Ермолаев пен А.Фатовтың приборларды, датчиктерді биікте тұрып өте шебер құрастырып монтаждағаны, телеорталықтың радиотехниктері — Б.Мотавилин мен В.Кострицаның күрделі аппаратураны жылдам іске қосқаны жайлы айтылған. 180 метрлік мұнараны Семейдің 453-ші мостопоезд ұжымы тұрғызған екен.

— Семей студиясы Одақ бойынша нешінші болып ашылды? Алғашқы бағдарламалар қалай шығып еді?

— Ол кезде Одақ бойынша 115 телестудия жұмыс істеген. Біздің Семей студиясы 116-шы болып ашылған. Алғашқыда  тәулігіне 4 сағат эфирге шығып, хабар таратқан. Негізгі жаңалықтар кешкі жетіде көрсетіліп тұрған. Әр түрлі жанрды қамтыған: «Советтік Қазақстан» киножурналы, хроникалы — деректі «Атоммен танысу», «Сиқырлы сәуле» фильмдері, «Мұхиттағы із» көркем фильмі  өңірдің тұңғыш телевизиялық туындылары деп айтуға болады.

— Хасен Советханұлы, телеарнаның материалдық базасы, шығармашылық тұрғыда өсіп-өркендеуі, алға жылжуы басшылыққа байланысты емес пе? Осы ретте арнаға басшылық жасаған азаматтардың еңбегі жайлы айтып берсеңіз…

— Өте орынды сұрақ. Өткенсіз бүгін жоқ. Телеарнаға жетекші болған аға буынның еңбегі ұшан-теңіз. Жоғарыда атап өткен Қылшықбай Байғожин — облыстық радио және телевизия комитетінің тұңғыш төрағасы. Ол кісі бұл қызметке облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болып жүрген кезінде келген. Жаңадан құрылған, тыңнан түрен салған, мәдени, рухани, шығармашылық кеңістік, көгілдір толқын ақпарат саласына білікті де білімді, тәжірибелі басшы қажет болды. Осы талап үдесінен шыға білген Қылшықбай Байғожаұлының артына өнегелі із қалдырып,  «Семей» телеарнасының  өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқанын бүгінгі ұрпақ — біздер білуге тиіспіз.

1969 жылы Сержан Рамазанұлы Рамазанов басшы болып тағайындалады. Сержан Рамазанұлы басшылық жасаған кезде  телеарна жұмысы бұрынғыдан да жанданып, жаңа қырынан көріне бастайды. Еңбек озаттары, шаруашылық, өндіріс басшыларымен сұхбаттар беріліп, мәдени шаралар көрсетіледі, аудандармен байланыс орнап, хабар тарату ауқымы кеңейе түседі.

1975 жылдың  қараша айынан бастап комитет төрағалығына   Бәтташ Сыдықұлы Сыдықов тағайындалып, 12 жылға жуық осы лауазымды абыроймен атқарыпты. 70-ші жылдардың соңында кәсіби бейнетаспаға түсіру мүмкіндіктері пайда болған. Бәтташ Сыдықұлы басшылық жасаған уақытта облыстық телеарна жұмысы тың серпін алып, жаңа үрдіс, еркін ой көрініс беріп, ұлттық құндылықтарға мән беріле бастағанын, қазақ тіліндегі көрсетілімдердің артқанын байқаймыз. Хабардың сапалы шығуы білікті мамандарға байланысты. Бәтташ ағамыз шебер журналистерді қызметке тарту арқылы телеарна  жұмысын жоғары  дәрежеге көтере білген. Кейінгі буын —  біздер  үшін телеарнаның қалыптасуына еңбек сіңірген, жоғарыда есімдері аталған ағаларымыздың қай–қайсының да өмір жолы үлгі. Алдыңғы толқын — аға ұрпақтың салып кеткен сара жолын жалғастыру, жаңаша ізденіп, дамыту, лайықты ізбасар болу  бізден  үлкен жауапкершілікті талап етеді.

— Еліміз 1991 жылы Тәуелсіздігін алып, дербес  мемлекет болғаннан кейін үлкен өзгерістер орын алды. Тәуелсіз еліміздің  жоспарлары, мақсаттары іске аса бастады. Даму жолына түстік. Уақытқа сәйкес көрерменнің де талап-талғамы өзгеруі заңдылық. Осындай өтпелі кезеңде «Семей» телеарнасында қандай өзгерістер болды?

— 1991 жылы «Семей» телерадиокомпаниясы қайта тіркеуден өтіп, облыстық телеарна болды. 2000 жылы арна  DVCAM форматына көшті, жаңалықтар бағдарламасының сапасы жоғарылады. Сол жылы сауалнама ұйымдастырылған екен. Сауалнама нәтижесі бойынша, 2000 жылдың қаңтарында СТР-ды тамашалайтындар 31%-ды құраса, осы жылдың күзінде көрермендер саны өскен. Жаңа көпірдің құрылысы, қала мәртебесі, биліктегі өзгерістер халықтың назарын көп аударғаны байқалады. Келесі жүргізілген сауалнама бойынша, көрермендердің 8,7%-ы күндізгі жаңалықтарды, 1,3%-ы түнгі жаңалықтарды көбірек көргені аңғарылады. Тіпті «Сенбі күнгі жаңалықтар қажет пе?» деген сауалға көрермендердің 45%-ы «қажет» деп жауап берген. Жаңалықтар тез аяқталып қалады деген пікір де айтылған. Телеарна 2004 жылы қайта тіркеуден өтіп, «Қазақстан» РТРК» АҚ қалалық филиалы деп аталды.

— Қазіргі кезеңді 2000-жылдармен салыстырсақ, заман өзгерді. Қоғамдағы сұраныс пен ұсыныс басқа. «Семей» телеарнасының бүгінгі бағдарлама дайындау форматы, жұмыс кестесі қандай деңгейде?

— Дұрыс айтасыз. Заман алға жылжи береді, біз асықпасақ, уақыт асығады. Сондықтан заман көшіне ілесіп, ақпараттық кеңістікте өз беделімізді жоғары ұстауымыз керек. Өзіңіз айтып өткендей, сұраныс басқа. Жаңа медианың қарқынды даму жағдайында телеарнаның халыққа қызмет көрсету жүйесі түбегейлі өзгерген. Бүгінде ақпарат өте жылдам тарайды, телеөнімдерді әлеуметтік желілермен интеграциялау процесі жүріп жатыр. Барлық телеөнімдер тек эфир арқылы ғана берілмей, әлеуметтік желілерге де салынады. Телеарна ресми сайтта тікелей көрсетіліп отырады.  Әлемнің кез келген түкпірінде отырып  бағдарламаларды тамашалау  мүмкіндігіне қол жетті. Қазір телеарна ID TV, ALMA TV, SEMSAT TV арқылы да хабар таратып отыр. «Қала тынысы» мен «Пульс города», «Ғаламтор» және «Интернет», Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, «Әлем таныған Абай», «Ақындар антологиясы» атты тың бағдарламалар көрерменге жол тартты. Ерекше атап өтетін жаңалығымыз — өткен жылы телеарна цифрлық хабар таратуға көшті. Сондай-ақ арнаның ішкі жабдықтары HD  форматына көшіріліп, техника жаңартылды. Телеарна ұжымы береке – бірлікпен, түсіністікпен, өзара сыйластықпен кәсіби қызметтерін шыңдап, көрермендерге заман талабына лайық  қызмет көрсетіп отырғанын атап өту қажет. Ұжымға жаңадан келген жас журналистер де көп ізденіп, телеарнаның халыққа қалтқысыз қызмет етуіне өз үлестерін қосуда. Қандай  істе болмасын бағыт беруші, қолдаушы болса — үлкен ғанибет. Телеарна жұмысында ауқымды шараларды іске асыруымызға көмектесіп, үнемі қолдау білдіріп отыратын «Қазақстан» РТРК» АҚ төрайымы Ләззат Мұратқызы Танысбайға, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовке, Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы Сәлімовке ұжым атынан алғысымызды білдіреміз.

— Алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз, газет оқырмандарына айтар тілегіңіз де бар шығар…

— Әрине, алға қойған мақсаттарымыз үлкен, жоспарларымыз көп. Негізгі мақсатымыз — халыққа  кәсіби түрде қызмет ету. Ал жоспарларымыздың барлығын айтып шығу мүмкін емес, сондықтан олардың орындалуына қарай бөлісіп отырған дұрыс шығар.

«Ұстазы мықтының ұстамы мықты» дейді халқымыз. Журналистикадағы ұстазым Риза Асанқызы Молдашева басқарып отырған аға газет ұжымына амандық, шығармашылық табыстар тілеймін.

—  Сізге, Сіз басқарып отырған телеарна ұжымына табыс тілейміз. Мазмұнды әңгімеңізге көп рақмет!

Сұхбаттасқан Роза МАУЫЛХАНҚЫЗЫ{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

19.06.2026
«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

Абай облысында мемлекеттік органдардың өкілдерін, қоғамдық ұйымдарды, сарапшыларды, педагогтер мен белсенді әкелерді біріктірген «Әке өнегесі – өмірлік сабақ» атты өңірлік...

Толығырақ...Details

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

19.06.2026
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар мемлекеттік наградалармен...

Толығырақ...Details

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

19.06.2026
Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды. Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын...

Толығырақ...Details

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

19.06.2026
Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада қоғамдық орындарда әдеп сақтау мәселесін көтерді. Өз сөзінде Президент ауқымды...

Толығырақ...Details

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

19.06.2026
Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада білікті маман тапшылығын жою, оларды қолдау бағдарламасын әзірлеу мәселесін көтерді....

Толығырақ...Details

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

19.06.2026
Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан медицина мамандарына ризашылығын білдірді. Өз сөзінде Президент қазір әділетті, күшті, озық әрі таза Қазақстан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

2 часа бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

2 часа бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

2 часа бұрын

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

2 часа бұрын

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

2 часа бұрын

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

2 часа бұрын

3,6 миллионнан астам қаралым: елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді

7 часов бұрын

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

1 день бұрын

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

1 день бұрын

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС