"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Хасен Молдабаев: АҒА ҰРПАҚҚА ЛАЙЫҚТЫ ІЗБАСАР БОЛУ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ТАЛАП ЕТЕДІ

06.08.2020
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Іскерлік әкімшілендіру шебері (Master of Business Administration), «Қазақстан» РТРК» Семей қаласындағы филиалының директоры Хасен Советханұлы Молдабаев

— Құрметті Хасен Советханұлы, 2020 жыл — «Семей» телеарнасының ұжымы үшін маңызды әрі қуанышты жыл. Биыл «Семей» телеарнасының құрылғанына 55 жыл толады екен. Әңгімемізді бүгінгі таңда өзіңіз басқарып отырған телеарнаның тарихынан бастасақ…

— Иә, «Семей» радиохабар тарату және телевизия комитетінің құрылғанына ширек ғасырдан асты. Бүгінгі «Семей» телеарнасының тарихы 1965 жылдың 1 қыркүйегінен бастау алады. Осы күннен бастап телевизия орталығы тарапынан облыс өмірінен түсірілімдер жасалып, хабарлар беріліп, ел игілігіне  қызмет көрсетіле бастады. 1969 жылға дейін қызмет еткен телеарнаның алғашқы басшысы — соғыс ардагері Қылшықбай Байғожиннің есімі телеарнаның қалыптасуына,  дамуына, өсіп-өркендеуіне  ерекше еңбек сіңірген азамат ретінде  ел есінде сақталады.

— Телевизия орталығының құрылысы жайлы, монтажшылар, жабдықтар туралы мағлұмат берсеңіз. Жалпы, құрылыс қалай жүрді?

— Телестудияның жұмысын алға қою оңай емес, қаражат, адам күші, білікті мамандар, жаңа технология керек екені өзінен-өзі түсінікті. Оған бүкіл Одақ көлемінен, атап айтқанда Ленинград, Одесса, Баку, Киев, Харьков, Новосибирск қалаларынан, тіпті сол кездегі Чехословакия Социалистік Республикасынан көрсетілген көмектер айтарлықтай болған.

— Телемұнара құрылысы туралы нақтырақ айтсаңыз…

— Құрылыстың негізі — мұнараның бой көтеруі. Мен осы мерейлі датаға орай біршама уақыт архивте жұмыс істедім.  Тарихи құжаттарға, сол кездегі естеліктерге үңілсек, мұнараны көтеру оңай болмаған сияқты. Дегенмен мұнараның монтажы ешқандай кедергісіз, сәтті, жоспарлы түрде салынған. Сол кезде шыққан газеттерді қарап, арнаның тарихы туралы жазылған мақалаларды жинақтадым. Айталық, «Иртыш» газетінің 1965 жылдың 25 маусымындағы №120 санында телемұнараны монтаждау сәті жайлы жазылған. Мақалада Мәскеуден жіберілген мамандар — А.Ермолаев пен А.Фатовтың приборларды, датчиктерді биікте тұрып өте шебер құрастырып монтаждағаны, телеорталықтың радиотехниктері — Б.Мотавилин мен В.Кострицаның күрделі аппаратураны жылдам іске қосқаны жайлы айтылған. 180 метрлік мұнараны Семейдің 453-ші мостопоезд ұжымы тұрғызған екен.

— Семей студиясы Одақ бойынша нешінші болып ашылды? Алғашқы бағдарламалар қалай шығып еді?

— Ол кезде Одақ бойынша 115 телестудия жұмыс істеген. Біздің Семей студиясы 116-шы болып ашылған. Алғашқыда  тәулігіне 4 сағат эфирге шығып, хабар таратқан. Негізгі жаңалықтар кешкі жетіде көрсетіліп тұрған. Әр түрлі жанрды қамтыған: «Советтік Қазақстан» киножурналы, хроникалы — деректі «Атоммен танысу», «Сиқырлы сәуле» фильмдері, «Мұхиттағы із» көркем фильмі  өңірдің тұңғыш телевизиялық туындылары деп айтуға болады.

— Хасен Советханұлы, телеарнаның материалдық базасы, шығармашылық тұрғыда өсіп-өркендеуі, алға жылжуы басшылыққа байланысты емес пе? Осы ретте арнаға басшылық жасаған азаматтардың еңбегі жайлы айтып берсеңіз…

— Өте орынды сұрақ. Өткенсіз бүгін жоқ. Телеарнаға жетекші болған аға буынның еңбегі ұшан-теңіз. Жоғарыда атап өткен Қылшықбай Байғожин — облыстық радио және телевизия комитетінің тұңғыш төрағасы. Ол кісі бұл қызметке облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болып жүрген кезінде келген. Жаңадан құрылған, тыңнан түрен салған, мәдени, рухани, шығармашылық кеңістік, көгілдір толқын ақпарат саласына білікті де білімді, тәжірибелі басшы қажет болды. Осы талап үдесінен шыға білген Қылшықбай Байғожаұлының артына өнегелі із қалдырып,  «Семей» телеарнасының  өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқанын бүгінгі ұрпақ — біздер білуге тиіспіз.

1969 жылы Сержан Рамазанұлы Рамазанов басшы болып тағайындалады. Сержан Рамазанұлы басшылық жасаған кезде  телеарна жұмысы бұрынғыдан да жанданып, жаңа қырынан көріне бастайды. Еңбек озаттары, шаруашылық, өндіріс басшыларымен сұхбаттар беріліп, мәдени шаралар көрсетіледі, аудандармен байланыс орнап, хабар тарату ауқымы кеңейе түседі.

1975 жылдың  қараша айынан бастап комитет төрағалығына   Бәтташ Сыдықұлы Сыдықов тағайындалып, 12 жылға жуық осы лауазымды абыроймен атқарыпты. 70-ші жылдардың соңында кәсіби бейнетаспаға түсіру мүмкіндіктері пайда болған. Бәтташ Сыдықұлы басшылық жасаған уақытта облыстық телеарна жұмысы тың серпін алып, жаңа үрдіс, еркін ой көрініс беріп, ұлттық құндылықтарға мән беріле бастағанын, қазақ тіліндегі көрсетілімдердің артқанын байқаймыз. Хабардың сапалы шығуы білікті мамандарға байланысты. Бәтташ ағамыз шебер журналистерді қызметке тарту арқылы телеарна  жұмысын жоғары  дәрежеге көтере білген. Кейінгі буын —  біздер  үшін телеарнаның қалыптасуына еңбек сіңірген, жоғарыда есімдері аталған ағаларымыздың қай–қайсының да өмір жолы үлгі. Алдыңғы толқын — аға ұрпақтың салып кеткен сара жолын жалғастыру, жаңаша ізденіп, дамыту, лайықты ізбасар болу  бізден  үлкен жауапкершілікті талап етеді.

— Еліміз 1991 жылы Тәуелсіздігін алып, дербес  мемлекет болғаннан кейін үлкен өзгерістер орын алды. Тәуелсіз еліміздің  жоспарлары, мақсаттары іске аса бастады. Даму жолына түстік. Уақытқа сәйкес көрерменнің де талап-талғамы өзгеруі заңдылық. Осындай өтпелі кезеңде «Семей» телеарнасында қандай өзгерістер болды?

— 1991 жылы «Семей» телерадиокомпаниясы қайта тіркеуден өтіп, облыстық телеарна болды. 2000 жылы арна  DVCAM форматына көшті, жаңалықтар бағдарламасының сапасы жоғарылады. Сол жылы сауалнама ұйымдастырылған екен. Сауалнама нәтижесі бойынша, 2000 жылдың қаңтарында СТР-ды тамашалайтындар 31%-ды құраса, осы жылдың күзінде көрермендер саны өскен. Жаңа көпірдің құрылысы, қала мәртебесі, биліктегі өзгерістер халықтың назарын көп аударғаны байқалады. Келесі жүргізілген сауалнама бойынша, көрермендердің 8,7%-ы күндізгі жаңалықтарды, 1,3%-ы түнгі жаңалықтарды көбірек көргені аңғарылады. Тіпті «Сенбі күнгі жаңалықтар қажет пе?» деген сауалға көрермендердің 45%-ы «қажет» деп жауап берген. Жаңалықтар тез аяқталып қалады деген пікір де айтылған. Телеарна 2004 жылы қайта тіркеуден өтіп, «Қазақстан» РТРК» АҚ қалалық филиалы деп аталды.

— Қазіргі кезеңді 2000-жылдармен салыстырсақ, заман өзгерді. Қоғамдағы сұраныс пен ұсыныс басқа. «Семей» телеарнасының бүгінгі бағдарлама дайындау форматы, жұмыс кестесі қандай деңгейде?

— Дұрыс айтасыз. Заман алға жылжи береді, біз асықпасақ, уақыт асығады. Сондықтан заман көшіне ілесіп, ақпараттық кеңістікте өз беделімізді жоғары ұстауымыз керек. Өзіңіз айтып өткендей, сұраныс басқа. Жаңа медианың қарқынды даму жағдайында телеарнаның халыққа қызмет көрсету жүйесі түбегейлі өзгерген. Бүгінде ақпарат өте жылдам тарайды, телеөнімдерді әлеуметтік желілермен интеграциялау процесі жүріп жатыр. Барлық телеөнімдер тек эфир арқылы ғана берілмей, әлеуметтік желілерге де салынады. Телеарна ресми сайтта тікелей көрсетіліп отырады.  Әлемнің кез келген түкпірінде отырып  бағдарламаларды тамашалау  мүмкіндігіне қол жетті. Қазір телеарна ID TV, ALMA TV, SEMSAT TV арқылы да хабар таратып отыр. «Қала тынысы» мен «Пульс города», «Ғаламтор» және «Интернет», Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, «Әлем таныған Абай», «Ақындар антологиясы» атты тың бағдарламалар көрерменге жол тартты. Ерекше атап өтетін жаңалығымыз — өткен жылы телеарна цифрлық хабар таратуға көшті. Сондай-ақ арнаның ішкі жабдықтары HD  форматына көшіріліп, техника жаңартылды. Телеарна ұжымы береке – бірлікпен, түсіністікпен, өзара сыйластықпен кәсіби қызметтерін шыңдап, көрермендерге заман талабына лайық  қызмет көрсетіп отырғанын атап өту қажет. Ұжымға жаңадан келген жас журналистер де көп ізденіп, телеарнаның халыққа қалтқысыз қызмет етуіне өз үлестерін қосуда. Қандай  істе болмасын бағыт беруші, қолдаушы болса — үлкен ғанибет. Телеарна жұмысында ауқымды шараларды іске асыруымызға көмектесіп, үнемі қолдау білдіріп отыратын «Қазақстан» РТРК» АҚ төрайымы Ләззат Мұратқызы Танысбайға, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовке, Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы Сәлімовке ұжым атынан алғысымызды білдіреміз.

— Алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз, газет оқырмандарына айтар тілегіңіз де бар шығар…

— Әрине, алға қойған мақсаттарымыз үлкен, жоспарларымыз көп. Негізгі мақсатымыз — халыққа  кәсіби түрде қызмет ету. Ал жоспарларымыздың барлығын айтып шығу мүмкін емес, сондықтан олардың орындалуына қарай бөлісіп отырған дұрыс шығар.

«Ұстазы мықтының ұстамы мықты» дейді халқымыз. Журналистикадағы ұстазым Риза Асанқызы Молдашева басқарып отырған аға газет ұжымына амандық, шығармашылық табыстар тілеймін.

—  Сізге, Сіз басқарып отырған телеарна ұжымына табыс тілейміз. Мазмұнды әңгімеңізге көп рақмет!

Сұхбаттасқан Роза МАУЫЛХАНҚЫЗЫ{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кәсіпкерлерге кеңес беру жұмыстары жалғасуда

05.03.2026
Абай облысында кәсіпкерлерге кеңес беру жұмыстары жалғасуда

Абай облысында жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес өкілдерін қолдауға бағытталған «Халық бухгалтері» акциясы жалғасуда Жобаның басты мақсаты —...

Толығырақ...Details

Сержанттар – тәртіп пен кәсібиліктің тірегі

05.03.2026
Сержанттар – тәртіп пен кәсібиліктің тірегі

Абай гарнизонындағы 44293 әскери бөлімінде ҚР ҚК Тыл бастығы басқармасының база сержанттарына арналған командирлік даярлық жиыны өткізілуде. Аталған жиынның басты...

Толығырақ...Details

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдерімен референдумның маңызы сараланды

05.03.2026
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдерімен референдумның маңызы сараланды

Жаңа Конституция жобасын түсіндіру бағытындағы ақпараттық-насихаттық кездесулер жалғасуда. Осы ретте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдерімен мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараға коалиция...

Толығырақ...Details

Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті

05.03.2026
Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті

Қазақстандық қоғамдық даму институты алдағы референдум туралы халықтың хабардарлығы мен Жаңа Конституция жобасын қолдау деңгейін зерделеу жөнінде әлеуметтанулық сауалнама жүргізді....

Толығырақ...Details

Жаңа Конституция төңірегіндегі ашық диалог

05.03.2026
Жаңа Конституция төңірегіндегі ашық диалог

Семей қаласындағы №4 мектепте №13 бастауыш партия ұйымы мүшелерінің қатысуымен жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған мазмұнды кездесу өтті. «Әділетті және...

Толығырақ...Details

Жаңа Конституция және мәдениет: рухани қауіпсіздік пен ұлттық бірегейліктің кепілі

05.03.2026
Жаңа Конституция және мәдениет: рухани қауіпсіздік пен ұлттық бірегейліктің кепілі

Семей қаласындағы Абай атындағы театрда өткен кездесуде Жалпыұлттық коалиция мүшелері, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов және Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхананың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кәсіпкерлерге кеңес беру жұмыстары жалғасуда

2 часа бұрын

Сержанттар – тәртіп пен кәсібиліктің тірегі

3 часа бұрын

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдерімен референдумның маңызы сараланды

3 часа бұрын

Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті

3 часа бұрын

Жаңа Конституция төңірегіндегі ашық диалог

4 часа бұрын

Жаңа Конституция және мәдениет: рухани қауіпсіздік пен ұлттық бірегейліктің кепілі

4 часа бұрын

Ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын рухани және стратегиялық қадам

4 часа бұрын

Еңбек адамының мүддесіне қызмет етеді

4 часа бұрын

Қазақстан – сақтандыру шешімдерінің көшбасшысы: Сала нарығы 1,7 трлн теңгені құрады, алайда климаттық қатер шығыны әлі де мемлекеттік бюджетке жүктеліп отыр

4 часа бұрын

Абай облысында туберкулез айлығы өтуде

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС