"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИММУНДЫҚ ПЛАЗМА ТАПСЫРЫП, ІНДЕТТІ ЖЕҢУГЕ КӨМЕКТЕСУДЕ

27.08.2020
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі таңда шығысқазақстандық дәрігерлер COVID-19 инфекциясынан емделіп шыққан өңір тұрғындарын иммундық плазма доноры болуға шақыруда. Қазақ елінің тарихында тұңғыш рет алдағы қыркүйек айында облысымызда донорлық плазма банкі құрылатынын осыған дейін жазған болатынбыз. Қан плазмасын тапсыру бүгінде аймағымызда, соның ішінде коронавирус ауруымен сырқаттанғандар көп тіркелген Семей қаласында да нәтижелі түрде жүзеге асырылуда. Осы орайда шаһарымыздағы мамандардан, қаладағы Қан орталығының директоры Айгүл Бекенқызы Әлжановадан аталмыш бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы сұраған едік.

Әуелгі кезекте айта кетелік, коронавирустан жазылған адамдардың плазмасын науқастарға құю арқылы иммундық жүйені нығайтуға болады. Бұл зертханалық және клиникалық тұрғыдан толықтай дәлелденген. Жалпы, иммундық плазма әдісі, яғни емделушілерге сауықтырылған қан плазмасын құю алғаш рет ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Қытай елінде қолданылған болатын. Қытайлық медицина қызметкерлерінің зерттеу нәтижелері бойынша, емделушілерде олардың сауығуы кезінде жиналған плазмада коронавирустың дамуын бейтараптандыруға қабілетті антиденелер болады екен.

— COVID-19 инфекциясымен ауырғандардың иммундық плазмасы пациенттерге жұқпалы дертпен күресуге көмектеседі. Қан құрамында антиденесі бар бір адам, кем дегенде жағдайы ауыр екі науқастың өмірін сақтап қала алады. Аппараттық плазмаферезді тапсыру қауіпсіз. Ешқандай ауырсыну да сезілмейді.

Жалпы, қазіргі таңда КВИ-дің орташа және ауыр түрімен ауырып, одан сауығып шыққан кез келген кәмелеттік жасқа толған адам донор бола алады. Ең бастысы, аурудан айыққанына кем дегенде екі апта өтсе болғаны, — дейді бұл орайда қазіргі таңда аталмыш бағытта жұмыс жүргізіп жатқан мамандар.

Плазма тапсырып, дәрігерлерге көмек көрсету үшін жергілікті мекенжай бойынша отбасылық дәрігерлік амбулаторияға барып, антиденеге тест тапсыру керек.

— Қан тапсырушы адам бұдан соң облыстық Қан орталығына барып, емханалық-биохимиялық көрсеткіш пен қан тобын анықтауы қажет. Егер сараптама қорытындысы оң болса, плазма тапсыруға жібереді, — дейді Айгүл Бекенқызы.

— Қазіргі күні қаламыз бойынша COVID-19 індетінен жазылып шыққан азаматтарды плазмалық донор болуға шақырудамыз. Коронавирус ауруынан жазылған тұрғындар иммундық плазманың тасымалдаушысы болып табылатындықтан, коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарға донор ретінде көмек көрсете алады.

Аппараттық плазмаферез әдісімен өткізілетін бұл процедура еш қиындықсыз және қауіпсіз саналатындықтан, қобалжудың қажеті жоқ, — дейді мекеме басшысы.

Мамандар айтып өткендей, плазма дегеніміз — қанның сұйық бөлігі. Адам плазмасында әр түрлі заттар бар — дәрумендер, гормондар, дененің түрлі функцияларында рөл атқаратын ақуыздар кездеседі. Соның ішінде плазманың ем ретіндегі маңыздылығы аса зор екендігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген.

— Адам плазмасында кез келген инфекциялық агентті енгізу үшін арнайы антиденелер пайда болады, яғни қорғаныс функциясы бар иммуноглобулиндер белгілі бір иммунитетті құра отырып, науқасқа аурумен күресуге көмектеседі.

Коронавирустық инфекциямен ауыратын адамдардың плазмасында, вирус енгізілген кезде, қорғаныш антиденелер – иммуноглобулиндер пайда болады, олар сауыққаннан кейін де сақталады және белгілі бір уақытта қан айналымында болады. Антиденелер-иммуноглобулиндері жеткілікті деңгейдегі адамның плазмасын сырқат жандарға құю олардың қанында пассивті иммунитет тудырып, инфекциядан емделуге көмектеседі, — деп түсінік берді Айгүл Бекенқызы.

Орталық директоры айтып өткендей, бүгінгі таңда донор-реконвалесценттердің иммундық плазмасымен емдеу шарасын еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған және коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеудің клиникалық хаттамасымен бекітілген. Яғни жан-жақты сараптамадан өткен деуге болады.

— Алайда иммундық плазмамен емдеу жалғыз әдіс емес, сонымен қатар қан плазмасын құюды басқа да емдеу әдістерімен бірге қолдануға болатындығын атап өткен жөн. Иммундық плазманы құю туралы шешімді науқастың ауырлығына және денсаулық жағдайына байланысты міндетті түрде ем жүргізуші дәрігерлер консилиумы қабылдайды.

Дегенмен, айта кетер тағы бір жайт, коронавирустық инфекциямен ауырған әрбір адам иммундық плазманың доноры бола алмайды. Денсаулығы толықтай қалпына келген сәттен бастап, жоғарыда айтып өткеніміздей, аурудың ауырлығына байланысты екіден үш аптаға дейін өтуі керек. Плазманы донациялау үшін әлеуетті донордың қанындағы антиденелердің жеткілікті деңгейі қажет, сондай-ақ донор әдеттегі қан донациясы сияқты донорларды іріктеудің барлық өлшемдеріне сәйкес қан сараптамасынан өтеді. Донор болу үшін адамның жасы 18-ден, салмағы 50 кг-нан кем емес болуы қажет. Сонымен қатар жұқпалы және басқа да созылмалы аурулармен ауырмауы керек, қандай да бір аурулар бойынша дәрігерлік есепте тұрмауы тиіс. Донордың өзімен бірге міндетті түрде жеке куәлігі болуы қажет, — дейді мамандар.

Жалпы, қан плазмасын тапсыруға денсаулығы мығым ер-азаматтар шақырылады екен.

— Донорларды іріктеу және иммундық плазманы дайындауға байланысты жұмыс біздің қан орталығымызда пандемияның басында қолға алынып, қазіргі уақытқа дейін жалғасуда.

Қан орталығында барлық топтардың иммундық плазмасы бар. Сондай-ақ біздің қаламызда иммундық плазма коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеудің қосымша әдісі ретінде сәтті қолданылғанын да баса атап өткен жөн.

Егер сіз әлі қалпына келтіру кезеңінде болсаңыз, дене қызуыңыз көтерілсе, онда ағзаңыз толықтай қалпына келгенше күте тұрған абзал, — дейді дәрігерлер.

Иммундық плазманы донациялау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін донор қан орталығына келіп, алдын ала тексеруден өтіп, короновирустық инфекцияның антиденелері деңгейіне қан тапсыруы тиіс. Донор қанындағы антиденелердің жеткілікті деңгейі және алдын ала тексерудің тиісті нәтижелері толықтай анықталған соң біраз уақыттан кейін барып плазма донациясына шақырылады. Сонымен қоса, бір атап өтер жайт, донациядан кейін иммундық плазма донорына 7 АЕК көлемінде ақшалай өтемақы, яғни 19 446 теңге төленетін болады, — дейді Айгүл Бекенқызы.

Туындаған сұрақтар бойынша дәрігердің қабылдауында болған донорға жан-жақты түсіндіріледі. Сонымен қатар адамның бойы мен салмағы ғана емес, қан қысымы, температурасы да өлшенеді, әрі қарай құпия әңгіме жүргізіледі. Иммундық плазма донорларына қойылатын талаптар стандартты. Мамандардың пікіріне сүйенсек, бір донордан 2-3 сырқаттың өмірін сақтауға болатындай дозаны алуға болады.

Жалпы, иммундық плазманы пайдалануда міндетті түрде медициналық талаптар сақталуы тиіс. Плазманы үш жыл бойы мұздатуға және сақтауға болады. Алайда мамандар бұл дәрі-дәрмектердің баламасы болмайтынын айтуда.

Қазіргі таңда қаламыздағы бірқатар азаматтар сырқаттардың сауығып шығуына көмектесу мақсатында бұл шараға үлес қосып жатқанын да айта кету ләзім. Мәселен, қазіргі күнге дейін аталмыш донацияға жалпы саны 371 адам жүгініпті. Соның ішінде алдын ала тестілеу бойынша толық тексерістен 25 адам өткен. Бұл көрсеткіштер күн санап өзгеріп отыратынын да айта кету керек.

Донорларды іріктеу шарттарына сәйкес, бірқатар азаматтардан қарсы көрсеткіштер де анықталыпты. Атап айтсақ, созылмалы аурулар, қант диабеті, гипертония, трансфузиялық инфекциялары бар 85 тұрғын анықталған. Қан орталығы мамандарының айтуынша, тағы 37 адам тексеруден өтіп жатыр.

Жалпы, қазіргі күнгі көрсеткіш бойынша, Семей қаласының қан орталығында барлық топтағы иммундық плазма дайындалыпты. Сондай-ақ Семей қаласының медициналық мекемелерінде науқастарды иммундық плазмамен емдеу әдісі оң тәжірибе көрсеткенін де қуанышпен айта кету ләзім.

Коронавируспен ауырған науқастарға қол ұшын бергісі келетін барша ізгі ниетті жандар облыстық Қан орталығына: 8(7232)70 38 38 немесе 87057520964 телефон нөмірлері бойынша хабарласып, қосымша кеңес ала алады.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

2 дня бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

3 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

3 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

3 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

3 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

3 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС