"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИММУНДЫҚ ПЛАЗМА ТАПСЫРЫП, ІНДЕТТІ ЖЕҢУГЕ КӨМЕКТЕСУДЕ

27.08.2020
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі таңда шығысқазақстандық дәрігерлер COVID-19 инфекциясынан емделіп шыққан өңір тұрғындарын иммундық плазма доноры болуға шақыруда. Қазақ елінің тарихында тұңғыш рет алдағы қыркүйек айында облысымызда донорлық плазма банкі құрылатынын осыған дейін жазған болатынбыз. Қан плазмасын тапсыру бүгінде аймағымызда, соның ішінде коронавирус ауруымен сырқаттанғандар көп тіркелген Семей қаласында да нәтижелі түрде жүзеге асырылуда. Осы орайда шаһарымыздағы мамандардан, қаладағы Қан орталығының директоры Айгүл Бекенқызы Әлжановадан аталмыш бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы сұраған едік.

Әуелгі кезекте айта кетелік, коронавирустан жазылған адамдардың плазмасын науқастарға құю арқылы иммундық жүйені нығайтуға болады. Бұл зертханалық және клиникалық тұрғыдан толықтай дәлелденген. Жалпы, иммундық плазма әдісі, яғни емделушілерге сауықтырылған қан плазмасын құю алғаш рет ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Қытай елінде қолданылған болатын. Қытайлық медицина қызметкерлерінің зерттеу нәтижелері бойынша, емделушілерде олардың сауығуы кезінде жиналған плазмада коронавирустың дамуын бейтараптандыруға қабілетті антиденелер болады екен.

— COVID-19 инфекциясымен ауырғандардың иммундық плазмасы пациенттерге жұқпалы дертпен күресуге көмектеседі. Қан құрамында антиденесі бар бір адам, кем дегенде жағдайы ауыр екі науқастың өмірін сақтап қала алады. Аппараттық плазмаферезді тапсыру қауіпсіз. Ешқандай ауырсыну да сезілмейді.

Жалпы, қазіргі таңда КВИ-дің орташа және ауыр түрімен ауырып, одан сауығып шыққан кез келген кәмелеттік жасқа толған адам донор бола алады. Ең бастысы, аурудан айыққанына кем дегенде екі апта өтсе болғаны, — дейді бұл орайда қазіргі таңда аталмыш бағытта жұмыс жүргізіп жатқан мамандар.

Плазма тапсырып, дәрігерлерге көмек көрсету үшін жергілікті мекенжай бойынша отбасылық дәрігерлік амбулаторияға барып, антиденеге тест тапсыру керек.

— Қан тапсырушы адам бұдан соң облыстық Қан орталығына барып, емханалық-биохимиялық көрсеткіш пен қан тобын анықтауы қажет. Егер сараптама қорытындысы оң болса, плазма тапсыруға жібереді, — дейді Айгүл Бекенқызы.

— Қазіргі күні қаламыз бойынша COVID-19 індетінен жазылып шыққан азаматтарды плазмалық донор болуға шақырудамыз. Коронавирус ауруынан жазылған тұрғындар иммундық плазманың тасымалдаушысы болып табылатындықтан, коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарға донор ретінде көмек көрсете алады.

Аппараттық плазмаферез әдісімен өткізілетін бұл процедура еш қиындықсыз және қауіпсіз саналатындықтан, қобалжудың қажеті жоқ, — дейді мекеме басшысы.

Мамандар айтып өткендей, плазма дегеніміз — қанның сұйық бөлігі. Адам плазмасында әр түрлі заттар бар — дәрумендер, гормондар, дененің түрлі функцияларында рөл атқаратын ақуыздар кездеседі. Соның ішінде плазманың ем ретіндегі маңыздылығы аса зор екендігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген.

— Адам плазмасында кез келген инфекциялық агентті енгізу үшін арнайы антиденелер пайда болады, яғни қорғаныс функциясы бар иммуноглобулиндер белгілі бір иммунитетті құра отырып, науқасқа аурумен күресуге көмектеседі.

Коронавирустық инфекциямен ауыратын адамдардың плазмасында, вирус енгізілген кезде, қорғаныш антиденелер – иммуноглобулиндер пайда болады, олар сауыққаннан кейін де сақталады және белгілі бір уақытта қан айналымында болады. Антиденелер-иммуноглобулиндері жеткілікті деңгейдегі адамның плазмасын сырқат жандарға құю олардың қанында пассивті иммунитет тудырып, инфекциядан емделуге көмектеседі, — деп түсінік берді Айгүл Бекенқызы.

Орталық директоры айтып өткендей, бүгінгі таңда донор-реконвалесценттердің иммундық плазмасымен емдеу шарасын еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған және коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеудің клиникалық хаттамасымен бекітілген. Яғни жан-жақты сараптамадан өткен деуге болады.

— Алайда иммундық плазмамен емдеу жалғыз әдіс емес, сонымен қатар қан плазмасын құюды басқа да емдеу әдістерімен бірге қолдануға болатындығын атап өткен жөн. Иммундық плазманы құю туралы шешімді науқастың ауырлығына және денсаулық жағдайына байланысты міндетті түрде ем жүргізуші дәрігерлер консилиумы қабылдайды.

Дегенмен, айта кетер тағы бір жайт, коронавирустық инфекциямен ауырған әрбір адам иммундық плазманың доноры бола алмайды. Денсаулығы толықтай қалпына келген сәттен бастап, жоғарыда айтып өткеніміздей, аурудың ауырлығына байланысты екіден үш аптаға дейін өтуі керек. Плазманы донациялау үшін әлеуетті донордың қанындағы антиденелердің жеткілікті деңгейі қажет, сондай-ақ донор әдеттегі қан донациясы сияқты донорларды іріктеудің барлық өлшемдеріне сәйкес қан сараптамасынан өтеді. Донор болу үшін адамның жасы 18-ден, салмағы 50 кг-нан кем емес болуы қажет. Сонымен қатар жұқпалы және басқа да созылмалы аурулармен ауырмауы керек, қандай да бір аурулар бойынша дәрігерлік есепте тұрмауы тиіс. Донордың өзімен бірге міндетті түрде жеке куәлігі болуы қажет, — дейді мамандар.

Жалпы, қан плазмасын тапсыруға денсаулығы мығым ер-азаматтар шақырылады екен.

— Донорларды іріктеу және иммундық плазманы дайындауға байланысты жұмыс біздің қан орталығымызда пандемияның басында қолға алынып, қазіргі уақытқа дейін жалғасуда.

Қан орталығында барлық топтардың иммундық плазмасы бар. Сондай-ақ біздің қаламызда иммундық плазма коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеудің қосымша әдісі ретінде сәтті қолданылғанын да баса атап өткен жөн.

Егер сіз әлі қалпына келтіру кезеңінде болсаңыз, дене қызуыңыз көтерілсе, онда ағзаңыз толықтай қалпына келгенше күте тұрған абзал, — дейді дәрігерлер.

Иммундық плазманы донациялау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін донор қан орталығына келіп, алдын ала тексеруден өтіп, короновирустық инфекцияның антиденелері деңгейіне қан тапсыруы тиіс. Донор қанындағы антиденелердің жеткілікті деңгейі және алдын ала тексерудің тиісті нәтижелері толықтай анықталған соң біраз уақыттан кейін барып плазма донациясына шақырылады. Сонымен қоса, бір атап өтер жайт, донациядан кейін иммундық плазма донорына 7 АЕК көлемінде ақшалай өтемақы, яғни 19 446 теңге төленетін болады, — дейді Айгүл Бекенқызы.

Туындаған сұрақтар бойынша дәрігердің қабылдауында болған донорға жан-жақты түсіндіріледі. Сонымен қатар адамның бойы мен салмағы ғана емес, қан қысымы, температурасы да өлшенеді, әрі қарай құпия әңгіме жүргізіледі. Иммундық плазма донорларына қойылатын талаптар стандартты. Мамандардың пікіріне сүйенсек, бір донордан 2-3 сырқаттың өмірін сақтауға болатындай дозаны алуға болады.

Жалпы, иммундық плазманы пайдалануда міндетті түрде медициналық талаптар сақталуы тиіс. Плазманы үш жыл бойы мұздатуға және сақтауға болады. Алайда мамандар бұл дәрі-дәрмектердің баламасы болмайтынын айтуда.

Қазіргі таңда қаламыздағы бірқатар азаматтар сырқаттардың сауығып шығуына көмектесу мақсатында бұл шараға үлес қосып жатқанын да айта кету ләзім. Мәселен, қазіргі күнге дейін аталмыш донацияға жалпы саны 371 адам жүгініпті. Соның ішінде алдын ала тестілеу бойынша толық тексерістен 25 адам өткен. Бұл көрсеткіштер күн санап өзгеріп отыратынын да айта кету керек.

Донорларды іріктеу шарттарына сәйкес, бірқатар азаматтардан қарсы көрсеткіштер де анықталыпты. Атап айтсақ, созылмалы аурулар, қант диабеті, гипертония, трансфузиялық инфекциялары бар 85 тұрғын анықталған. Қан орталығы мамандарының айтуынша, тағы 37 адам тексеруден өтіп жатыр.

Жалпы, қазіргі күнгі көрсеткіш бойынша, Семей қаласының қан орталығында барлық топтағы иммундық плазма дайындалыпты. Сондай-ақ Семей қаласының медициналық мекемелерінде науқастарды иммундық плазмамен емдеу әдісі оң тәжірибе көрсеткенін де қуанышпен айта кету ләзім.

Коронавируспен ауырған науқастарға қол ұшын бергісі келетін барша ізгі ниетті жандар облыстық Қан орталығына: 8(7232)70 38 38 немесе 87057520964 телефон нөмірлері бойынша хабарласып, қосымша кеңес ала алады.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

23.08.2026
Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

Қазақстанда алғашқы Құрылтай сайлауы ойдағыдай өтіп жатыр. Бұл туралы елордада Халықаралық байқаушыларға жәрдемдесу орталығындағы баспасөз мәслихатында Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының...

Толығырақ...Details

Нағыз инклюзивті сайлау – Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары Құрылтай сайлауына оң баға берді

23.08.2026
Нағыз инклюзивті сайлау – Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары Құрылтай сайлауына оң баға берді

Қазақстандағы алғашқы Құрылтай сайлауын бақылауға келген халықаралық байқаушылар дауыс берудің ұйымдастырылуына назар аударды. Солардың қатарында Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары...

Толығырақ...Details

Армениядан келген бақылаушылар Қазақстандағы сайлау барысын жоғары бағалады

23.08.2026
Армениядан келген бақылаушылар Қазақстандағы сайлау барысын жоғары бағалады

Армения Орталық сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Эрмине Арутюнян елордадағы Қ. Мыңбаев атындағы мектеп-лицейге барып, №131...

Толығырақ...Details

«Адамдар үлкен ықыласпен келіп жатыр» – ҰҚШҰ байқаушылары Құрылтай сайлауындағы дауыс беру барысы туралы пікір білдірді

23.08.2026
«Адамдар үлкен ықыласпен келіп жатыр» – ҰҚШҰ байқаушылары Құрылтай сайлауындағы дауыс беру барысы туралы пікір білдірді

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Парламенттік Ассамблеясының халықаралық байқаушылары Қазақстандағы Құрылтай алғашқы сайлауының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, сайлау комиссияларының дайындық...

Толығырақ...Details

99 жастағы кейуана дауыс беріп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті

23.08.2026
99 жастағы кейуана дауыс беріп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті

23 тамыз күні Қаратөбе ауылдық округінде 99 жастағы Қарибжанова Уастай әжей дауыс беруге қатысып, өзінің азаматтық белсенділігін көрсетті. Ғасырға жуық...

Толығырақ...Details

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауына зор қызығушылық танытуда – Грузияның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

23.08.2026
Қазақстандықтар Құрылтай сайлауына зор қызығушылық танытуда – Грузияның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

Грузия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Георгий Каландаришвили Қазақстандағы алғашқы Құрылтай сайлауында дауыс берудің ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады. Оның айтуынша, сайлау...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

31 секунда бұрын

Нағыз инклюзивті сайлау – Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары Құрылтай сайлауына оң баға берді

5 минут бұрын

Армениядан келген бақылаушылар Қазақстандағы сайлау барысын жоғары бағалады

7 минут бұрын

«Адамдар үлкен ықыласпен келіп жатыр» – ҰҚШҰ байқаушылары Құрылтай сайлауындағы дауыс беру барысы туралы пікір білдірді

16 минут бұрын

99 жастағы кейуана дауыс беріп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті

21 минута бұрын

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауына зор қызығушылық танытуда – Грузияның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

25 минут бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

7 часов бұрын

Абай облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылау күшейтілді

2 дня бұрын

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

2 дня бұрын

«Біз бірлескен жобаларды дамытып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз», – Аида Балаева ТМД волонтерлерінің I форумында

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС