"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕТІСТІКТІҢ ЖАРШЫСЫНДАЙ ЖЕТІ АЙ

29.09.2020
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Серік Зинабекұлы  осыдан жеті ай уақыт бұрын Зайсанға әкім болып қайта оралғанда бүкіл ел қуанды.  Аз  ғана  уақытта  жүдеу тартқан Зайсанның  рухын көтеру жолында бүгінгі аудан басшысының атқарып жатқан істері  көпшіліктің  аузында. Соңғы жылдары  қуаң тартқан жайсаң мекеннің көшелері  гүлге көмкеріліп, көкке оранды.  Елдегі қиыншылықтарға қарамастан, қазір  Зайсанның дәулеті мен сәулеті қатар өркендеу үстінде  деуге болады.

Зайсан — аймағымыздағы шаруашылықтың сан түрі бар іргелі де берекелі аудан. Жеті ай ғана уақыт өткенімен, атқарылған жұмыстарға қарап, жетістіктер басым екенін аңғаруға болады. Мемлекет басшысы Жолдауындағы міндеттер мен облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмаларының жүзеге асырылуы бойынша Зайсан ауданы  көш басынан табылуда. Соның ішінде Серік Зинабекұлының бастамасымен елді мекендерді абаттандыру, газбен жабдықтау, көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамту, әлеуметтік нысандар мен көшелерді күрделі жөндеуден өткізу сынды шаралар межелі мерзімнен бұрын аяқталуда. Осы орайда Серік Зайнулдиннің ауданға әкім болып тағайындалғаннан бергі жеті ай ішінде атқарылған жұмыстарды, жеткен жетістіктерді  назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Серік Зайнулдин Зайсан ауданындағы жаңа қызметін туған жері Айнабұлақ ауылдық округінен бастады. Айнабұлақтағы кездесуге ауыл  тұрғындары, аудандағы бөлімдер мен  сала басшыларынан құрылған ақпараттық топ қатысты. Әр сала бойынша тиісті мамандарға халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап беруге мүмкіндік жасалды. Халық билікті емес, билік халықты іздеп келді. Әкімнің өзі тұрғындардың көкейде жүрген түрлі мәселелерге қатысты сұрақтарын, ой-пікірлерін тыңдады. Халықтың өтініш-тілектерінің негізінде ауылда бой көтеретін мәдениет үйі мен спорттық модульдің құрылыс жұмыстарын мерзімінен бұрын бастауға ықпал ететінін жеткізді. Кездесуде айтылған барлық мәселелердің оң шешімін тауып, халықтың сұрағына нақты жауап беру үшін ауылдық округ әкіміне, тиісті сала мамандарына тапсырмалар берілді.

Аудан басшысы Қаратал ауылында болып, халықпен жүздесті. Осы кездесуде тұрғындар көптен  көкейлерінде жүрген мәселелерге қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Аудан басшысы тұрғындардың сұрақтары мен өтініш-тілектерін мұқият тыңдады. Кездесу соңында барлық сұрақтарға тиісті жауап берілді. Ауылдық округ әкімі мен аудандағы сала мамандары халықтан түскен өтініштер бойынша тапсырмалар алды. Сондай-ақ Серік Зинабекұлы Үлкен Қаратал ауылындағы Республикалық «Жомарт жүрек» жобасы бойынша «Жыл тұлғасы» номинациясының жүлдегері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің және «Алтын алқа» төсбелгісінің иегері, жеті баланың анасы Абылғожина Сәулеш Ерченқызы ашқан «Мәдина» балабақшасына барып, жұмысымен танысты.

Аудан басшысы Серік Зайнулдин М.Дәуленов атындағы мектеп-интернатында болып, интернат жатақханасында орналасқан психологиялық-педагогикалық түзеу мекемесін көрді, мекеме қызметкерлерімен кездесіп, қызмет барысымен танысты. Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасау ерекше назарда тұрған мәселелердің қатарында. «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында атқарылған істер де ұшан-теңіз. Аудан әкімі орталық қызметкерлеріне көмекті қажет ететін қамкөңіл жандарға тиісті қамқорлық жасауды ерекше тапсырды.

Өңір басшысы аудан прокурорының міндетін атқарушы Бақытжан Изгуттинов, «Қазсушар» өндірістік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Наққажин және «Сму-Шығыс» ЖШС басшысы Қуат Абжановпен бірге аудан көлемінде егін шаруашылығын сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша «Үйдене» су қоймасының жағдайын бақылап қайтты.

Нәтижесінде «Үйдене» су қоймасында 16 780 мың текше метр су жиналғаны анықталды. Су қорын жинақтау мен егінді толық сумен қамту мәселесі туралы «Қазсушар» мекемесі басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Ғазезұлы баяндап берді.

Су жүйесі өтетін тоннелге қосымша жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныс жасалды.

Аудан басшысы еліміз бойынша күшіне енген төтенше жағдай кезінде халыққа тұрақты қызмет көрсетіп отырған «Қазпочта» мекемесінің, банктер мен дәріханалардың және басқа да бірқатар әлеуметтік мекемелердің жұмыстарын бақылап қайтты. Сондай-ақ Сарытерек, Қаратал, Дайыр ауылдық округінде болып, ондағы маңызды нысандарды, ауыл көшелерін аралап, тазалық, көгалдандыру жұмыстарымен танысты.

Шілікті ауылдық округіндегі білім нысандарын және Шілікті мен Жалши ауылдары арасындағы көпірді жөндеу, құрылыс жұмыстарын бақылап, қосымша тапсырмалар берді. Аудан көлеміндегі әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмысы аудан басшысы тарапынан қатаң қадағалауға алынды. Соның алғашқы нәтижесі ретінде Шілікті ауылдық округіне қарасты Қарасай ауылында Шілікті дәрігерлік амбулаториясының медициналық пункті ашылды.

Ауданды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына айрықша үлес қосқан Амангелді, Сарытерек, Ю.Гагарин атындағы орта мектептерінің шаруашылық меңгерушілері А.Мадиева мен Ш.Байғазинға және Н.Мамыраевқа, сондай-ақ  Зайсан қаласындағы ескерткіштер мен түрлі мүсіндерді сомдап, қаланы абаттандыруға сүбелі үлес қосып келе жатқан өнер иесі Қ.Рахымбаеваға Зайсан ауданы әкімдігінің «Өнегелі жол» төсбелгісі тапсырылды.

Аудан әкімінің 2020 жылғы 13 шілдедегі №1-114 өкімімен COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын, оның салдарын және алдын алу жолдарын түсіндіру мақсатында үш аудандық ақпараттық топ құрылды. Сонымен қатар аудан бойынша құрамында 48 мүшесі бар жиыны 16 ақпараттық топ әрбір ауылдық округте және Зайсан қаласы округінде құрылып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аудан кәсіпкерлері аудандық ауруханаға 16 дана оттегі концентраторын жеткізді. Зайсан ауданының Құрметті азаматы Дилуарбек Солтанов, Нұрлан Секенов және жеке кәсіпкер Азамат Бөстекбаевтар бастаған үш әулет 8 дана, Кеңсай ауылының тумасы, жеке кәсіпкер Дәурен Нұрғазин 5 дана және Зайсан ауданының тумасы, «Dauletten қайырымдылық қорының» бас директоры Ұлан Дәулетқалиев бір дана, сондай-ақ жеке кәсіпкер Мереке Сайранов пен аудандық полиция бөлімінің басшысы Дидар Камзин бір-бір данадан — жалпы саны 16 дана оттегі концентратын аудандық ауруханаға табыстады. Аудан әкімінің орынбасарлары Қанағат Салахов пен Серікхан Нұртазин осындай жомарт жүректі азаматтарға аудан әкімі Серік Зинабекұлының алғыс хаттарын тапсырды.

Серік Зинабекұлы Зайсан қаласының шығаберісінде бой көтеріп жатқан қос пәтерлі 8 үйдің құрылыс жұмыстарын бақылап қайтты. Жауапты сала басшыларына және мердігер компанияның басшылығына үйлердің сапалы салынуын қадағалауды тапсырды.

Қала көшелерінің тазалығы,  көгалдандыру, гүлдерді күтіп баптау жұмыстарын ұдайы назарында ұстайтын аудан әкімі бұл бағытта атқарылған шараларды жіті бақылап,   мердігер мекемеге, қала әкімшілігіне нақты тапсырмалар беріп отырады.

Ауданда пандемия кезінде халыққа көмек қолын созып, жанашырлық танытқан жомарт жүректі азаматтарға құрмет көрсетілді.

Олардың қатарында қиын-қыстау кезде аз қамтылған 25 отбасыға азық-түлік себетін таратып беріп, аудандық орталық ауруханаға бес дана оттегі концентраторын сыйлаған жеке кәсіпкер Дәурен Нұрғазин — «Жомарт жүрек» сыйлығының «Туған өлке» номинациясымен, медициналық жабдықтарды сатып алу үшін өз қаражатынан 1 млн теңге ақша аударған елжанды азамат «СМУ-ШЫҒЫС» ЖШС директоры Дарын Абжанов — «Жыл меценаты» аталымымен, «Аружан» шаруа қожалығының жетекшісі Арман Кульжанов — «Жыл тұлғасы» номинациясымен марапатталды.

Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагеріне және екі аз қамтылған отбасыға газ тартып берген «ҚазТрансГазАймақ» АҚ, директоры — Серік Оразбеков, «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен марапатталды.

Ал карантин және шектеу шаралары жағдайында тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасыларға көмек беріп, медицина қызметкерлерін қолдау мақсатындағы қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға белсене қатысқан «Қабыл Агро» ЖШС директоры Бірлік Мамырбек, аудандық ауруханаға оттегі концентраторын алып берген жеке кәсіпкерлер Ақжол Бауыржанұлы мен Мереке Сайрановтар «Ерен еріктілік» аталымына лайық деп танылды.

Аудан әкімі Зайнулдин Серік Зинабекұлының тапсырмасымен ауылдар арасында «Үздік ауыл» байқауы ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша II орынды жеңіп алған Қаратал ауылдық округі 500 000 теңге көлеміндегі, ал III орынды қанжығаларына байлаған Біржан ауылдық округі 400 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықа  ие болды.

Аудан әкімінің қолдауымен Қаратал ауылдық округінің әкімшілік ғимараты, Үлкен Қаратал ауылындағы Қазақстан орта мектебі мен спорттық модуль толықтай газ жүйесіне қосылды.

Өңір басшысы Серік Зайнулдиннің тапсырмасымен абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын нәтижелі ұйымдастыру мақсатында аудан мектептері арасында «Үздік мектеп» байқауы ұйымдастырылды. Сол байқауда Ю.Гагарин атындағы орта мектеп ІІ орынды жеңіп алып, 200 000 теңге көлеміндегі, ал  Сарытерек орта мектебі III орынға ие болып, 100 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Қаратал ауылында болған табиғат апатынан кейін аудандық және облыстық төтенше жағдай комиссиялары құрылып, шығын көлемі есептелді. Қалыпқа келтіру жұмыстарына әр ауылдық округтерден және мектептерден еріктілер жұмылдырылып, қызу жұмысқа кірісті. Жергілікті әкімдіктің, кәсіпкерлердің демеушілігімен құрылыс материалдары сатылып алынып, комиссия шешімімен Рамазанов көшесіндегі тұрғындарға таратылып берілді. Үйінің шатыры бүлінген 25 отбасыға жалпы саны 486 дана шифер үлестірілді. Дауыл зардаптарын қалыпқа келтіру жұмыстары аудан басшысының назарына алынды.

Аудан әкімі Зайнулдин Серік Зинабекұлы 4 қыркүйекте болған қатты желден зардап шеккен Қаратал ауылындағы Рамазанов көшесінің тұрғындарымен кездесіп, жағдайларын көзбен көріп, тілдесіп қайтты. Сондай-ақ ауыл мектебінде болып, ұстаздармен кездесті.

Аудан әкімі Зайнулдин Серік Зинабекұлы ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолы қойылған «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалін ұлтаралық татулықты нығайтуға үлес қосқаны үшін Виктор Николаевичқа, Гүлануар Икепқызына және Валентина Владимировнаға тапсырды.

Аудан әкімі Серік Зинабекұлы Қаратал ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында ауыл ақсақалдарымен кездесіп, 4 қыркүйекте болған дауыл салдарын жою және ауылда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақсақалдармен ақылдасып, пікірлерін тыңдап, сұрақтарына, өтініш-тілектеріне орай тиісті жауаптар берді.

Сонымен қатар өңір басшысы Жіңішкесу елді мекенінде болып, тұрғындарды  таза сумен қамтамасыз ету үшін іске қосылған блокты модульдің жұмысын көріп қайтты.

Заречный мөлтек ауданындағы құрылысы аяқталған 30 пәтерлі тұрғын үйді көп балалы аналар мен жетім балаларға беру мақсатында комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысында кезегі келіп тұрған азаматтардың құжаттары қаралып, кейбір азаматтардың құжаттарын қайтадан толықтыруға шешім қабылданды.

Зайсан қаласындағы Заречный мөлтек ауданындағы Панфилов көшесі толықтай асфальтталып, қолданысқа берілді. Қала көшелерін күрделі жөндеуден өткізу, жарықтандыру мен көгалдандыру шаралары аудан әкімінің қадағалауымен нәтижелі жүргізілуде.

Аудан әкімі Серік Зайнулдин ZOOM қосымшасы арқылы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша онлайн форматында қабылдады. Қабылдауға тұрғындар қала, ауылдық округтердің әкімшілік ғимараттарында отырып қатысып, сұрақтарын қойды. Тұрғындардың сұрақтарына аудан әкімі Серік Зинабекұлы бөлім, сала басшыларымен бірге тиісті жауаптар берді. Басым көпшілік сұрақтар тұрғын үй, жұмыспен қамту, жер алу, әлеуметтік көмек туралы болды. Тұрғындардың қойған сұрақтары мен көтерген мәселелеріне толық жауап қайтару үшін аудан басшысы жауапты мамандарға, қала, ауылдық округтердің әкімдеріне тиісті тапсырмалар берді.

Аудан әкімі Серік Зинабекұлы аудан әкімдігінің «Ашық әкімдік» залында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындар тұрғын үй, интернетке қосылу, бақшалық су, газ тарту, жол жөндеуге қатысты өтініш-тілектерін жеткізді. Сұрақтарға сала мамандарының қатысуымен жауаптар берілді. Серік Зинабекұлы тұрғындардың бірқатар мәселелерінің шешімін қарастыруға орынбасарларына, жауапты бөлім, сала басшыларына тапсырмалар берді.

Аудан әкімі Серік Зинабекұлы Б.Момышұлы көшесінің бойындағы медициналық мақсатта қолданысқа берілген ғимараттың алдына асфальт төсеу жұмыстарының сапасын тексеріп, жауапты мамандарға қосымша тапсырмалар берді.

Зайсан қаласында «Central Market» атты жаңа сауда үйінің лентасы қиылып, салтанатты түрде ашылды. Сауда үйінің иесі — жеке кәсіпкер Бикамал Досбаева. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасарлары С.Нұртазин мен Қ.Салахов, аудандық мәслихаттың хатшысы Д.Ыдырышев және бірқатар мәслихат депутаттары қатысты. Бикамал Қайролдақызына аудан әкімі Серік Зинабекұлының құттықтау хаты тапсырылды.

Зайсан қаласында салынып жатқан Арбаттың құрылысы да өңір басшысы Серік Зинабекұлының тікелей назарында тұр. Аудан басшысы құрылыс басына жиі барып, жұмыс барысын көзбен көріп, ескертулер жасап, жауапты азаматтарға тапсырмалар беріп отырады. Серік Зинабекұлының қадағалауымен  жауапты мамандар құрылысты сапалы жүргізуде.

Аудан халқы асыға күтіп жүрген бұл бірегей демалыс орны көп ұзамай халық игілігіне берілмек. Арбат шаһардың шырайын арттыратын ерекше орын болмақ.

Аудандық ауруханадағы коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға тәулік бойы қызмет көрсеткен ақ халатты абзал жандарға көмек қолын созып, ізгілік пен парасаттылық танытқаны үшін бірқатар жеке кәсіпкерлер мен аудан азаматтарына аудан басшысы Серік Зинабекұлының атынан алғыс хаттар тапсырылды.

Елді мекендерді көгалдандыру, гүлдендіру — заман талабы. Зайсан қаласын көріктендіру, абаттандыру жұмыстарына белсене атсалысып жүрген азаматтар Тоқтағанов Дүйсенбек Баймолдаұлы мен Тасыбаев Нұрболат Жомартұлына қызметтік міндеттерін атқарудағы жоғары жауапкершілігі мен нәтижелі еңбегі үшін аудан әкімі Серік Зинабекұлының атынан «Өнегелі жол» медалі мен алғыс хаттар тапсырылды.

Серік Зинабекұлы Зайсан қаласындағы Боқажанов көшесіндегі 30 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйдің кілтін тапсыруға арналған жиынға қатысты. Салтанатты шарада осы тұрғын үйдің құрылысын сапалы жүргізіп, уақтылы тапсырған «СМУ-Шығыс» ЖШС бас директоры Д.Әбжановқа, «СМУ-Шығыс» ЖШС құрылыс учаскесінің шебері Р.Құрманғалиевқа аудан басшысы алғыс хаттар тапсырды. Тұрғын үйдің лентасын «Зайсан МТС» ЖШС директоры Толқынбек Тұмсабаев пен осы үйдегі жаңа пәтерге ие болып отырған көп балалы ана, аудандық мәдениет үйінің қамту қызметкері Бәтес Көпбаева қиды.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген өңір басшысы бүгінде аудан кәсіпкерлері өз қаражаттарына 18 үй салып жатқанын жеткізді. Аудан әкімінің айтуынша, жыл соңына дейін көп балалы аналарға тағы да 32 пәтер берілмек. Сонымен қатар тағы 50 үй мен 100 пәтердің құрылысы басталады. Оның сыртында 60 пәтерлі үйдің құрылысы қолға алынбақ. Оның 48-і көп балалы аналарға беріледі.

Аудан басшысы айтып өткендей, облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасын жүзеге асыру аясында алдағы үш жыл ішінде ауданда көп балалы аз қамтылған отбасылар толықтай баспанамен қамтылмақ.

Айта кетсек, бүгінде Зайсан ауданы бойынша 1280 адам үй кезегінде тұр екен. Оның 137-і — көп балалы отбасылар.

Зайсан ауданындағы көмір өндіру кешеніне барған Серік Зинабекұлы жергілікті тұрғындарды және мемлекеттік мекемелерді жылыту маусымына көмірмен қамтамасыз ету мәселелерін жауапты тұлғалармен бірлесіп талқылады.

Зайсан өңірінде қатты отыннан тапшылық болмауы тиіс. Осы орайда аудан халқын және әлеуметтік нысандарды көмірмен толық әрі уақтылы қамтамасыз ету мәселесін назарда ұстауды өз орынбасарларына, көмір өндіру мекемесінің басшыларына міндеттеді.

Жалпы, бүгінде Зайсан ауданында абаттандыру жұмыстары қызу қарқынмен жүріп жатыр. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылуда. Сол сияқты «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында 31 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде ауылдарды ауыз сумен қамту, әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу, көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, тағы басқа жобалар жүзеге асырылуда. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 522 млн теңге жұмсалмақ. Аталған жобаларды іске асыру барысында 152 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Зайсан қаласында 8 көшеге асфальт төселді. Сонымен қатар тұрғын үйлердің аулалары қоршалып, ойын және спорт алаңдары салынған. Аудан орталығында тұрғындардың өтініші бойынша 300 орындық мектеп бой көтермек. Ал Айнабұлақ ауылында жаңа мәдениет үйі салынады.

Зайсан ауданы күннен-күнге көркейіп келеді.{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысы діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті

20.03.2023
Абай облысы діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті

Абай облысында конфессияаралық келісім мәселелері талқыланды Бүгін Alikhan Bokeikhan University конференц залында діни бірлестіктер басшылары клубының тоқсан сайынғы отырысы өтіп,...

Толығырақ...

Прокуратура органдары Конституцияға сәйкес, «Сайлау туралы» заңның сақталуын қадағалау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда

19.03.2023
Прокуратура органдары Конституцияға сәйкес, «Сайлау туралы» заңның сақталуын қадағалау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда

Прокуратура органдары Конституцияға сәйкес, Сайлау туралы заңнаманың сақталуын қадағалау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда. Сайлау процесіне қатысушылар мен заңнама талаптарының...

Толығырақ...

«Біз әдемі сайлау учаскелерін көрдік» — Португалия Парламентінің депутаты

19.03.2023
«Біз әдемі сайлау учаскелерін көрдік» — Португалия Парламентінің депутаты

«Біз көрген адамдар бақытты, өйткені олар тарихи өзгерістердің бір бөлігі болып табылады». Жерорта теңізі парламенттік ассамблеясының Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі...

Толығырақ...

Сильвия Болтук: Қазақстан халқында ел басқаруға қатысу мүмкіндігі артады

19.03.2023
Сильвия Болтук: Қазақстан халқында ел басқаруға қатысу мүмкіндігі артады

«Сайлау-2023» онлайн-телемарафоны аясында ОКҚ алаңында Италияның «Notizie Geopolitiche» ақпараттық агенттігінің тілшісі Сильвия Болтук осындай пікірін білдірді. «Қазақстанға келгелі жақсы өзгерістердің...

Толығырақ...

Абай облысында дауыс беру аякталады

19.03.2023
Абай облысында дауыс беру аякталады

Санаулы минуттардан соң өңір аумағындағы 478 учаскенін барлығы жабылады. Яғни, Абай облысында дауыс беру аякталады. Тарихи іс-шара аякталар шақта №12...

Толығырақ...

Бүгінгі саяси науқан сайлаудан тыл ардагері Күлпаш Жақыпқызы да тыс қалмай балаларының көмегімен өз дауысын берді

19.03.2023
Бүгінгі саяси науқан сайлаудан тыл ардагері Күлпаш Жақыпқызы да тыс қалмай балаларының көмегімен өз дауысын берді

Бүгінгі саяси науқан сайлаудан тыл ардагері Күлпаш Жақыпқызы да тыс қалмай балаларының көмегімен өз дауысын берді. Қазыналы қария 1924 жылы...

Толығырақ...

Жаңалықтар

Абай облысы діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті

3 дня бұрын

Прокуратура органдары Конституцияға сәйкес, «Сайлау туралы» заңның сақталуын қадағалау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда

3 дня бұрын

«Біз әдемі сайлау учаскелерін көрдік» — Португалия Парламентінің депутаты

3 дня бұрын

Сильвия Болтук: Қазақстан халқында ел басқаруға қатысу мүмкіндігі артады

3 дня бұрын

Абай облысында дауыс беру аякталады

3 дня бұрын

Бүгінгі саяси науқан сайлаудан тыл ардагері Күлпаш Жақыпқызы да тыс қалмай балаларының көмегімен өз дауысын берді

4 дня бұрын

Дауыс беру аяқталғанға дейін 4 сағат қалды  

4 дня бұрын

Қарапайым тұрғындардан бастап, елімізге белгілі тұлғалар әулеттерімен келіп өз дауыстарын беріп, таңдауларын жасауда

4 дня бұрын

Тыл ардагері Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен Мәслихаттарын сайлауда дауыс берді  

4 дня бұрын

2022 жылғы сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ольга Хижнякова сайлауда дауыс берді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС