"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАН ПЛАЗМАСЫНЫҢ ДОНОРЫ БОЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

13.10.2020

Семейдегі Қан орталығының мамандары COVID-19 инфекциясымен ауырған науқастардың қанынан  иммунды плазма дайындауды республикамыз бойынша алғашқылардың бірі болып бастап кеткені белгілі. Осы кеселдің орташа немесе ауыр түрімен ауырғандардың қанында ауруға қарсы иммунитет пайда болатыны жайлы БАҚ-та көп айтылып, жазылып та жатыр.

Биылғы жазда коронавирус симптомдарымен ауырып тұрған жасы 18-ден асқан, қан тапсыруға қарсы көрсетілімдері жоқ Семей қаласының тұрғындары осы инфекцияға қарсы иммунитеті барын немесе жоғын білгісі келсе, қалалық Қан орталығында антиденеге тексерілуіне болады. Егер антидене бар болса, қалауы бойынша иммунды плазма тапсырып, оны қалалық Қан орталығының плазма банкісінде сақтап қоя алады. Донор, коронавируспен туысы науқастанса немесе өзі қайталап ауырса, өз плазмасын пайдалануына да болады екен. Плазма бұл жерде 3 жылға дейін сақталады.

Облыстық қан орталығының мамандары соңғы уақытта донорлардың қатары артқанын айтады. Орталық мамандары иммунды плазма дайындау мақсатында COVID-19-бен ауырып шыққан тұрғындарды қан тапсырып, өзгеге өмір сыйлауға шақырады.

— Біз COVID-19-ды жеңген барлық адамдарды мұқтаж пациенттерге иммундық плазманың доноры болу арқылы көмектесуге шақырудамыз, — дейді бұл орайда Семей қалалық қан орталығының терапевт дәрігері Алиса Валерьевна.

Жақында қаладағы Қан орталығына барып, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген ауруға шалдығып, құлан-таза айыққан, енді плазма доноры болу үшін қан тапсыруға келген тұрғындармен тілдескен едік.

31 жастағы Ольга биылғы жазда бала-шағасымен бірге ауырып қалғандарын айтады. Кәдімгі тұмаудан әлдеқайда ауыр өтіпті. Өзі дәм сезу қабілетінен айырылып, денесін ауырлық басып, бірнеше күн әлсіреп жүріпті. Қан плазмасының сырқаттанған жандарға шипасы тиіп жатса, көмектесуге дайын екенін айтады. Қазіргі таңда антидененің көлемін анықтау мақсатында қан сараптамасын өткізген.

Оның жолдасы — коронавирус белгілерімен сырқатқа шалдыққан 33 жастағы Никита да қаладағы барлық дәріханаларды аралап, сабылып дәрі іздегендердің қатарында болғанын айтады. ПТР тестін тапсырмаған, бірақ белгілері бойынша коронавирусқа ұқсас келетін аурудан ұзақ уақыт үйде емделген. Ол да өзінің денсаулығы донорға қойылатын талаптарға сай келсе, қуана-қуана қан плазмасын тапсырып, аталмыш сырқатқа шалдыққан науқастарға көмектескісі келетінін айтты.

Қан орталығына қол ұстасып бірге келген ерлі-зайыптылар коронавируспен күресте дәрігерлер қауымына осылай көмектеспек.

Мамандардың айтуынша, иммундық плазма тапсырушыларға қойылатын арнайы талаптар бар. Иммундық плазманы ковидпен орташа немесе ауыр деңгейде ауырғандар тапсыра алады. Ал жеңіл түрімен немесе симптомсыз ауырғандар иммундық плазма доноры бола алмайды. Әйелдер жүкті болмаған кезде ғана донор бола алады. Алдын ала тексеруде қан сарысуында ДЖИ класындағы иммунноглабулин міндетті түрде болуы керек. Ол адамның ковидпен ауырғанын бірден көрсетеді.

Бір донордан антиденесі бар 600 миллилитр плазма алу қажет. Дәрігерлер одан өздеріне қажетті бөлігін ғана алады. Ал лейкоцит, эритроцит секілді қосымша қан құрамдары донордың өзіне қайта құйылады. Сондықтан қан плазмасын тапсырған азаматтың иммунитеті әлсірейді деп қорқудың қажеті жоқ көрінеді.

Жалпы, еліміз бойынша коронавируспен күресте антидененің тиімділігі осы сәуір айынан бастап тексеріліп келеді. Бұл дерттен айыққандар әуелгі кезде донор болуға секеммен қараса, бүгінде өз еріктерімен қан тапсырып жатыр екен.

Мамандардың айтуынша, аталмыш вирустың орташа және ауыр түрін бастан кешкендердің иммундық плазмасы 3 науқасқа жетеді екен. Өңделген иммундық плазмаларды зертханалардағы тоңазытқыштарда 3 жылға дейін сақтауға болады.

— Бүгінде адам ағзасында түзілген антиденелер нақты қанша уақыт сақталатынын айту біршама қиынға соғады. Бірақ кейбір ғылыми зерттеулердің нәтижесінен белгілі болғаны — антиденелер 2-3 ай ағзада өмір сүреді. Одан кейін көлемі кеміп кетеді екен. Бірақ бұл әр адамның иммунитетіне де байланысты. Алайда антиденелердің жарты жылға дейін ағзада сақталып, вирусты жолатпайтындай қауқар көрсете алатынын да жоққа шығара алмаймыз, — дейді мамандар.

Иммундық плазма донорлары 18 жастан асқан, салмағы 50 келіден төмен емес әрі ешқандай инфекциялық ауруды бастан кешпеген болғаны жөн. Мұндай донорларға 7 айлық есептік көрсеткіш, яғни 20 мың теңгедей төлем де қарастырылған.

Донор болуға ниетті қала тұрғындары тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген емханаға немесе Қан орталығына барып, антиденеге тегін қан тапсыра алады. Семей қаласы бойынша қосымша ақпаратты 42-15-34 немесе 87754583930 телефон нөмірлері арқылы алуға болады.

Өз тілшіміз{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

18.11.2026
«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындардың өндірісі мен сатылымына толық тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.  Энергетикалық сусындар бүгінде көптеген қазақстандықтың күнделікті...

Толығырақ...Details

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

18.11.2026
Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Kazakh Tourism Development Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің отырысын өткізді.  Жиында Almaty SuperSki жобасын жүзеге асыру барысы...

Толығырақ...Details

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

18.11.2026
Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

Қазақстан Республикасының Құрылтайында онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелеріне қатысты заң жобалары бірінші оқылымда қаралды. Түзетулер азаматтардың құқықтарын қорғауға, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

18.11.2026
Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

Абай облысында цифрлық инфрақұрылымды дамыту, ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында бірқатар жобалар...

Толығырақ...Details

«Бөтен ойындардың» қатысушысы болма: Семейде студенттерге есірткі қылмысы үшін сотталғандардың хикаясы көрсетілді

18.11.2026
«Бөтен ойындардың» қатысушысы болма: Семейде студенттерге есірткі қылмысы үшін сотталғандардың хикаясы көрсетілді

«Оңай табысқа» келісу неге әкеп соқтыруы мүмкін? Бұл сұрақтың жауабын М.О. Әуезов атындағы Педагогикалық колледждің студенттері есірткі қылмысы үшін сотталғандардың...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

1 час бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

4 часа бұрын

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

4 часа бұрын

Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

4 часа бұрын

«Бөтен ойындардың» қатысушысы болма: Семейде студенттерге есірткі қылмысы үшін сотталғандардың хикаясы көрсетілді

5 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

5 часов бұрын

Ауыл шаруашылығын жаңғырту: азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық дамудың маңызды бағыты

5 часов бұрын

Ар-ождан бостандығы – адамның негізгі конституциялық құқықтарының бірі

5 часов бұрын

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

1 день бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС