"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

255 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

16.11.2020

Шығыс Қазақстан облысы бойынша бүгінгі күні «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жалпы саны 255 жоба мақұлданды.

Тоқтала кетсек, «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы 2018 жылы қабылданған. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қарапайым заттар экономикасының жобалық кеңсесі іске қосылып, өңдеу өнеркәсібі өкілдеріне жеңілдікпен несие беру және субсидия арқылы қолдау көрсету мүмкіндіктері енгізілген болатын. Бағдарламаның басты мақсаты — импортқа тәуелділікті азайтып, отандық кәсіпкерлерге күнделікті тұтынымдағы тауарлар өндірісін ұлғайтуға барынша қолайлы жағдай жасау. Бұл, әрине, өз кезегінде аймақтағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңадан жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. Өздеріңізге мәлім, бұл бағдарлама бәсекеге қабілетті, сапалы, ең бастысы, кең номенклатурасы бар қазақстандық өнімді өндіруге бағытталған. Осы мақсатты көздеген  кәсіпкерлер ішкі нарықты халық тұтынатын отандық тауарлармен толықтыруға тиіс.

Аймағымызда аталған бағдарлама бойынша 46,1 млрд теңгеге 255 жоба мақұлданды. Бұл жобалар келешекте облыс халқының қажеттіліктерін өтеп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастырмақ. Бұл жобалардың ішінде екінші деңгейлі банктер желісі бойынша 58, аграрлық несие корпорациясы арқылы 5,4 млрд теңге көлеміндегі 197 жоба бар.

«Жеңілдікпен несие берілетін «Қарапайым заттар экономикасы» жобаларының әрбірін егжей-тегжейлі пысықтау қажет. Баса назарды аграрлық секторға аудару керек. Сондықтан облыстың кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармаларына соңғы бес жылдағы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында кепілденген және субсидияланған жобалардың саны туралы толық есеп дайындауды тапсырамын», — деп жазды бұл орайда Даниал Ахметов өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, бүгінде облыс көлемінде банктер мақұлдаған жаңашыл бастамалардың ішінде бидай және қарабидай ұнын, түрлі май дақылдарын, құс өнімдерін өндіруге бағытталған бірқатар ірі жобалар бар. Оның ішінде Семей қаласы бойынша қолға алынған шаралардың үлесі анағұрлым жоғары болып отыр. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармаларына субсидиялау жұмыстарын күшейту, әсіресе аграрлық сектор жобаларына ерекше назар аудару тапсырылды.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

1 день бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

3 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

3 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

3 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

3 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС