"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

COVID-19: ШҚО «ҚЫЗЫЛДАН» «САРЫ» АЙМАҚҚА ӨТТІ

03.12.2020
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облысымыздағы карантиндік шектеу шаралары өз нәтижесін беруде. Қолға алынған жұмыстардың нәтижесінде өңіріміз коронавирустың таралу қаупі бойынша «қызылдан» «сары» аймаққа өтті. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желілердегі жеке парақшасында жазды.

«Ортақ күш-жігеріміздің және аймақ халқының жоғары жауапкершілігінің арқасында біз COVID-19 инфекциясының таралу деңгейін төмендете алдық. Бүгінде облыста коронавирустың таралу коэффициенті бәсеңдеді. Вирус жұқтырғандар саны 7 қарашада 353 адам болса, кеше 73-ті құрады. Ең бастысы, өңірімізде Оқшаулау орталығы арқылы вирустың жұқтыру тізбегін бақылау және тосқауыл қою жүйесі құрылған. 1 қарашадан бастап 584 медициналық-эпидемиологиялық топ инфекцияның 3,5 мың ошағында байланыста болған 21 618 адаммен жұмыс жүргізді», — деп жазды аймақ басшысы Даниал Ахметов өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында.

Атап айтар болсақ, соңғы апталарда аймақта коронавирустың көбею коэффициенті бәсеңдеп келеді. Қарашаның басындағы жағдаймен салыстырғанда репродуктивті R саны 1,85-тен 0,84-ке дейін, ал төсек қорының қамтылу пайызы 31,1-ден 14,5-ке дейін төмендеген.

Сонымен қатар, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы айтып өткендей, COVID-19 ауруын уақтылы анықтап, емдеу үшін қолданыстағы 13 ПТР-зертханасына жергілікті бюджет есебінен қосымша зертханаашылған. Бір бұл емес, алдағы күндері тағы біреуі ашылмақ.

Аталмыш шаралардың аясында, коронавирус сырқатының алдын алумен қатар, оны дер кезінде анықтаудың да маңыза зор екендігін айта кету ләзім. Мәселен, біздің облысымызда әлемдік пандемия басталғаннан бері 355 мың тест өткізіліпті, оның ішінде тек қараша айында ғана 101 095 зерттеу жүргізілген екен. Бұл еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі саналады екен.

Сонымен қатар аймағымыз бойынша аудандар мен қалаларда құрылған мониторингтік топтар да тиімді жұмыс атқарды. Оның құрамына полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары кіреді.

Қараша айынан бастап 166 топ 1906 рейдтік шаралар өткізіпті. Жалпы саны 4426 нысан тексеріліп, оның 1055-інде бұзушылықтар анықталған. Соның нәтижесінде жалпы сомасы 48 млн теңгеге 735 айыппұл салыныпты. Дегенмен облыстың барлық қалалары мен аудандарында өткен соңғы күндердегі кезекті рейд барысында ереже бұзу фактілері бұрынғыдай көп тіркелмеген. Осының өзі жергілікті тұрғындардың бұрынғыдай емес, карантин талаптарына жауапкершілікпен қарай бастағанын айғақтайды.

Облысымыздың «қызыл» аймақтан «сарыға» өтуіне жергілікті дәрігерлер қауымының да елеулі үлесі бар. Өңіріміздегі медицина қызметкерлері тұрақты негізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу кестесін өзектендіру жұмысын жүргізуде. Соның бір дәлелі — 12 қарашадан бастап науқастардың келісімімен облыстың ауруханаларында «Фавипиравир» препараты қолданылуда. Қазіргі күнгі нәтижесі жақсы, сырқаттан сауыққан азаматтар саны артқан.

Сонымен қатар донорлардың көмегімен жиналған Семей қаласы мен облыс орталығы Өскемен шаһарындағы қан орталықтарындағы 3200 иммундық плазма да белсенді түрде қолданылып жатыр.

Міне, осы және басқа да маңызды шаралардың нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысы еліміз бойынша алғаш рет коронавирустың «қызыл» аймағынан «сары» аймағына төмендеп отыр.

Алайда індетке қарсы қолданылатын вакцина әзірге жоқ, сондықтан КВИ-ден қорғанудың ең сенімді жолы санитарлық талаптарды сақтау болып қала бермек.

Осы орайда облыс басшысы Даниал Ахметов әлеуметтік желі арқылы барша жерлестерін қазіргі таңда күшінде қалдырылған карантиндік шектеу шараларын қатаң сақтауға, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындауға шақырды.

«Біздің қазіргі басты міндетіміз — сырқаттың өсуіне жол бермеу, емдеу мекемелерінің тиімділігін арттыру және халықтың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету. Өзіңіз бен жақыныңызға қорған болыңыз!» — деп жазды бұл орайда аймақ басшысы.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

5 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

6 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

6 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

6 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС