"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРІКТІЛЕР – ЕЛ ПАТРИОТТАРЫ

07.12.2020
25
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма, 4 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Семей қаласындағы Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжімен бірлесіп «Абай тағылымы» атты ШҚО колледждерінің студенттері арасында облыстық волонтерлер слетін өткізді.

Волонтерлер слеті ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде өтті. Шараға Шығыс Қазақстан облысының 51 колледжінен 200 волонтер студент, колледж директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, еріктілер клубтарының жетекшілері қатысты. Слеттің мақсаты — Шығыс Қазақстан облысының колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында еріктілер қозғалысын дамыту. Шара барысында әр қатысушы өз оқу орнының ерікті жастарының жетістіктері туралы бейнекөрсетілім мен екі таныстырылым ұсынды.

— 5 желтоқсан – Дүниежүзілік волонтерлер күні. БҰҰ Бас ассамблеясының бастамасымен 1985 жылдан бастап 5 желтоқсанда волонтерлердің халықаралық күні аталып өтеді. Біздің елімізде де волонтерлік қызмет жыл санап дамып келеді. Белсенді жастар мен азаматтар жиналып, балалар үйлеріне, арнайы медициналық мекемелерге, қарттарға, науқас адамдарға, мұқтаж жандарға ерікті түрде көмектесіп жүр. Республика көлемінде қазіргі күні 200-ден астам волонтерлік ұйым тіркелген екен.
Еріктілер халық үшін қайырымдылық пен жанашырлықтың, мейірімнің, шынайылықтың символына айналды. Волонтерлік – нағыз патриотизмнің көрінісі. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы жылды Волонтерлер жылы деп жариялады.

Мен ерікті жастарымызды мақтан тұтамын. Әіресе пандемия кезіндегі ерен еңбектері үшін ризашылығымды білдіремін. Біз әрқашан біргеміз!- деді колледж директоры Саят Танатаров.

Слетте Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледж ТжКБ бөлімінің бас маманы Гүлмира Ильясова «Техникалық және кәсіптік білімі бар волонтерлердің облыстық және республикалық іс-шараларға қатысуы» тақырыбында, директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Тулумгужинова «Біздің еріктілердің жетістіктері мен жетістіктері» тақырыбында ой қозғады.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Қажұмқан Оспанғалиев, облыстық ішкі саясат басқармасы жастар саясаты бөлімінің басшысы Еркебұлан Балтабеков, Ұлттық еріктілер желісінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк, Шығыс Қазақстан облысының жастар мен балалар ұйымдары қауымдастығының Семей қаласындағы филиалының жетекшісі Эльзира Жүнісова, «Исток» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Людмила Михайлова, «Исток» еріктілер орталығының жетекшісі Ольга Таранова, «Lider.kz» волонтерлері онлайн режимінде қосылып, ерікті студенттерді мерекемен құттықтады. Өз кезегінде слетке қатысушы волонтерлер хакім Абай айтып кеткен «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» қасиеттерін, «толық адам», адалдық, әділдік, мейірімділік сияқты жалпы адамзатқа ортақ құндылықтарды әр адам бойына сіңіруі қажет деген тұжырымға келді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

19.08.2026
Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау,...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

5 минут бұрын

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

13 минут бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

24 часа бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

24 часа бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС