"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШЫҒЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 70 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ ДАУЫС БЕРДІ

11.01.2021
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сонымен, 10 қаңтар күні, бүкіл еліміздегі тәрізді, біздің облысымызда да 932 907 сайлаушы өз таңдауын жасады. Өткен желтоқсан айының 10 күні бастау алған бұл саяси науқанға тек оған қатысушы партиялар ғана емес, облыстық сайлау комиссиясы да тыңғылықты дайындалған болатын.

Аймағымыз үшін биылғы сайлау несімен ерекше болды? Бірінші кезекте, әрине, санитарлық талаптардың сақталуы мен учаскелердің техникалық тұрғыда жабдықталуын айтар едік.

Сайлау учаскелеріндегі комиссия мүшелері мен байқаушылар, сенімді өкілдер және сол жердегі техникалық қызметкерлердің барлығы да ПТР-тестіден өтті. Әр екі сағат сайын дезинфекция жасау жағы да қарастырылған болатын. Әрбір сайлаушы келген бойда дене температурасы өлшеніп отырды. Дене қызуы бар азаматтар жеке бөлмеге оқшаулану арқылы дауыс берді. Бұл да сақтық үшін жасалған амал болатын.

Саяси науқанды бақылау үшін шығысқа шетелден 8 байқаушы келді. Олардың екеуі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан болса, алтауы ТМД елдерінің байқаушылар комиссияның өкілдері екен.

Жалпы, аймақта құрылған 1039 сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысын бір мыңға жуық байқаушы қадағалап отырды.

Айта кететін тағы бір жайт, маңызды саяси науқанға жергілікті атқарушы билік өкілдері тарапынан қарқынды түрде даярлық жұмыстары жүргізілген болатын. Бұл күні барлық қалалар мен аудандар әкімдері де сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.

Ал ШҚО әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласының №42 орта мектебінде орналасқан 9-шы сайлау учаскесінде дауыс берді. Мұнда барлығы 2 426 сайлаушы тіркелген. Бұл — қала бойынша алғанда орташа көрсеткіш. Олардың 600-ге жуығы сағат 12:00-ге дейін өз таңдауын жасап үлгерді.

– Сайлауға келушілер қарасы көп екен. Бұл — өте қуантарлық жайт. Жерлестеріміздің маңызды саяси науқаннан шет қалмай, дауыс беріп, азаматтық ұстанымын білдіруі біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды аңғартса керек. Сондай-ақ бүгін сайлау учаскесіне келушілердің арасында әйел адамдар да көп екенін байқадым. Бұл нәзік жандыларымыздың ел болашағына бейжай қарамайтындығының тағы бір дәлелі,- деді бұл ретте ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Барлық сайлау учаскелері медициналық маскалармен және өзге де қорғаныш құралдарымен жабдықталғанын да айта кету ләзім.

Бұл күні облыста, барлық қалалар мен аудандарды қоса алғанда, 1 039 сайлау учаскесі қызу қарқынмен жұмыс істеді. Онда тұрғындардың еш қиындықсыз келіп дауыс беруіне барлық жағдайлар жасалды.

Сонымен қатар облысымыз бойынша осыдан екі ай бұрын құрылған «Таза сайлау» қозғалысының мүшелері де сайлау барысын бақылауға алды. Олардың мәліметінше, барлық учаскелерде заңға қайшы әрекеттер байқалмаған.

Екі ай уақыт ішінде қозғалыс мүшелері 5 мыңға жуық бақылаушыны оқытып, дайындаған. Олар елдегі сайлау учаскелеріндегі тәртіпті тыңғылықты түрде қадағалады. Аталмыш қозғалыстың мүшелігінде қоғам белсенділері, журналистер және жазушылар қауымы бар екендігін айта кету орынды.

Жалпы статистикаға тоқталар болсақ, сайлау күні жергілікті электораттың 72,4 пайызы сайлау учаскесіне келіп дауыс берген. Бұл — республикамыз бойынша өте жоғары көрсеткіш саналады.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

17 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

17 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

20 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

20 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

20 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

21 час бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

22 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

22 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

22 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

22 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС