"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫСПЕН ҚАМТЫЛУДА

11.01.2021
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында шалғайдағы шағын станциялардың интернетке қолжетімділігін қамтамасыз ету ісі ерекше қарқын алып отыр. Әсіресе шағын ауылдарды кең жолақты интернетпен қамтуды жалғастыру үшін 2018 — 2022 жылдар аралығында талшықты-оптикалық және LTE желілерін кезең-кезеңмен салу ісі жүзеге асуда. Міне, осы орайда аудандық әкімдіктердің күш салуы нәтижесінде біршама ілкімді жұмыстар атқарылуда.

Осыған дейін «Транстелеком» АҚ-ның Семей қаласындағы филиалы аталған бағдарлама шеңберінде Бородулиха, Жарма, Аягөз аудандары бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылған болатын. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша, «Семейтранстелеком» филиалы «Елді мекен 250+» «Цифрлы Қазақстан» бағдарламалары аясында ауылдық елді мекендер тұрғындарының игілігі үшін, соның ішінде, алғашқы кезекте өндірісі өркендеп келе жатқан жекелеген елді мекендер – Жарма ауданындағы Суықбұлақ, Әуезов кенті, Жаңғызтөбе және Қапанбұлақ, Үшбиік ауылдарындағы мемлекеттік мекемелер талшықты-оптикалық желіге қосылды. Бұл ауылдардағы жергілікті халық ендігі аралықта білім беру мен медициналық қызмет көрсету саласы бойынша  жаһандық желіге шығуға мүмкіндік алды.

Бұл ретте Ақтоғай мен Аягөз қаласының дәл ортасында орын тепкен Тарлаулы  ауылдық округінің 100-ден аса тұрғыны аса жоғары жылдамдықтағы интернетпен және заманауи цифрлы телевидениемен қамтамасыз етілгенін де айта кету орынды.

— Қазіргі күндері «Транстелеком» АҚ телекоммуникация саласы ғана емес, АТ, автоматика және энергетика саласындағы жүйені де интеграциялауға мамандандырылған. Ал теміржолшылар игілігі үшін биылғы жылғы атқарылған жұмыстарды, сөз жоқ, үлкен жетістік деуге болады, — дейді жергілікті мамандар.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы биліктің байланыс операторлары басшыларымен тығыз қарым-қатынас орната отырып жұмыс жүргізуінің нәтижесінде Жарма және Аягөз аудандарындағы кейбір шағын ауылдардың халқы ұялы телефон байланысына да қол жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғаспақ. Атап айтсақ, Жарма, сонымен қатар Аягөз ауданындағы Шұбартау өңірі, Бородулиха сынды шалғайда орын тепкен тағы да басқа көптеген елді мекендерді ұялы байланыспен қамту ісі таяу аралықта жүзеге аспақ.

Түйіндей айтсақ, ағымдағы жылы облысымыз бойынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, халықты ғаламтормен және ұялы байланыспен қамту мақсатында нәтижелі жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл әсіресе жастардың аталмыш елді мекендерге жұмысқа тартылуына елеулі түрде септігін тигізеді деген сенімдеміз.

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

9 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

9 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

13 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС