"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨПШІЛІКТІҢ КӨЗАЙЫМЫНА АЙНАЛҒАН КӨРМЕ

20.03.2014
КӨПШІЛІКТІҢ КӨЗАЙЫМЫНА АЙНАЛҒАН КӨРМЕ
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейліктер Заманауи интерактивті әдістер арқылы Мемлекет басшысының Жолдаулары мен Елбасының қызмет жылнамасын таныстыруға мүмкіндік беретін жылжымалы көрме арқылы Ұлт көшбасшысының еңбек жолымен танысуға, Жолдауларын жете түсінуге мүмкіндік алды. Жылжымалы көрме бұған дейін Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Өскемен сынды ірі қалаларда да ұйым— дастырылған екен. Семей қаласында да Назарбаев орталығының ұйымдастыруымен өткен көрмені көруге балалар мен жастардың шығармашылық сарайына қала тұрғындары, студент— тер мен жастар да көп жиналды.

Екі күнге созылған «Қазақстан — 2050» Стратегия-сы Назарбаевтың қазақстандық жолы» интерактивті экспозициясында «Қазақстан жолы  — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы және «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты Президент қызметінің жылнамасын қамтитын интерактивті стендтер, Мемлекет басшысы туралы 3D фильмдердің мультимедиялық бұрышы, Назарбаев орталығы қызметін көрсететін touch-үстел, «Елбасының өмірбаяны — елдің ғұмырнамасы» атты 3D панорамасы және Назарбаев орталығының Баспа үйі кітаптарының аудио нұсқалары қамтылған.

Көрме барысында қонақтарға арналып Президент Жолдауының негізгі бағыттары мен Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаянынан сыр шертетін сұрақ-жауап түрінде «Мәңгілік Ел» байқауы өтті. Сауалдарға жарыса  жауап берген студенттер арасында байқауға белсене қатысқан зейнеткерлер де болды. Жолдауға қолдау танытатындықтарын байқатқан семейлік жастар астаналық Назарбаев орталығы мамандарының да көңілдерінен шықты. Назарбаев орталығының жетекші ғылыми қызметкері Дәурен Базаров басты мақсат — Елбасының биылғы Жолдауын және «Қазақстан-2050» Стратегиясын халыққа қарапайым тұрғыдан түсіндіру екендігін айта келе, соңғы үлгідегі технологияларды қолдана отырып, көпшіліктің қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылған көрмеге семейлік тұрғындардың құлшыныспен келіп жатқандығын атап өтті.

 

{jcomments on}- Еліміздің бірқатар аймақтарында үлкен сұранысқа ие болған жылжымалы көрме семейлік жастардың да қызығушылығын оятты. Екі күннен бері келіп, өз ойларын ортаға салып жатқан жастарды көріп, Семей өңірінде де белсенді жастар шоғыры мол екендігіне көз жеткіздік, — дейді Дәурен Базаров.

 

— Бүгінгі көрме біз үшін қызықты болды. Елбасының еңбегін интерактивті әдіс арқылы паш ету – жаңа дәуірдің басталғанындай әсер қалдырды. Мұнда жиналғандар – жүрегінде «Қазақ» деген оты бар, белсенді жастар деп білемін,- дейді көрмеге келген Рауан Серікхан.

Жиылған қауымға жаңаша серпін сыйлаған шара барысында Назарбаев орталығының Баспа Үйі Елбасының кітаптарының электронды нұсқасын да ұсынды. Қонақтар қажетті кітаптарын AppStore, Play Market, Marketplace сынды электронды қосымшалар арқылы тегін жүктеуге мүмкіндік алды. Байқауға қатысып, белсенділік танытқан жастарға Елбасының кітаптары мен кітапшалары,  дискілер таратылды. Кездесу —  Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен Мемлекет басшысының қызметі туралы деректі фильмді тамашалаумен қорытындыланады.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Алимент – ата-ананың заң алдындағы міндеті

21.04.2026
Алимент – ата-ананың заң алдындағы міндеті

Алимент – бұл ата-ананың кәмелетке толмаған баласын асырау үшін заңмен белгіленген қаржылық міндеттемесі. Бала ата-анасымен бірге тұрмаған жағдайда, екінші ата-ана...

Толығырақ...Details

«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»

21.04.2026
«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы бұлттық сервистерді пайдаланушыларға...

Толығырақ...Details

Үш бағыттағы өзекті мәселе қаралды

21.04.2026
Үш бағыттағы өзекті мәселе қаралды

Semeytany.kz - Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдің 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары,...

Толығырақ...Details

Тазалыққа талап күшейді: Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы талқыланды

21.04.2026
Тазалыққа талап күшейді: Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы талқыланды

Semeytany.kz – Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының өңірде жүзеге асу барысы кеңейтілген аппараттық кеңесте қаралды. Жиынға облыс әкімі Берік...

Толығырақ...Details

Қазақстан көші-қон саясатын мамандар мен инвесторларды тартуға бағыттап өзгертуде 

21.04.2026
Қазақстан көші-қон саясатын мамандар мен инвесторларды тартуға бағыттап өзгертуде 

Қазақстан көші-қон саясатын жаңартып, елге жоғары білікті мамандар мен инвесторларды тартуға басымдық беріп отыр. Бұл туралы бүгін вице-премьер – Мәдениет...

Толығырақ...Details

Берік Уәли Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты

20.04.2026
Берік Уәли Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты

Абай облысының әкімі Берік Уәли қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың өмірден өтуіне байланысты көңіл айтып, әсерлі жазба жариялады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Алимент – ата-ананың заң алдындағы міндеті

3 часа бұрын

«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»

3 часа бұрын

Үш бағыттағы өзекті мәселе қаралды

4 часа бұрын

Тазалыққа талап күшейді: Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы талқыланды

4 часа бұрын

Абай облысы Қытаймен шекаралық жобаларды күшейтпек

4 часа бұрын

Қазақстан көші-қон саясатын мамандар мен инвесторларды тартуға бағыттап өзгертуде 

4 часа бұрын

Берік Уәли Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты

20 часов бұрын

Бородулихадағы бұқаралық спортқа бетбұрыс – «AMANAT» жобасының нәтижесі

1 день бұрын

Бородулихадағы бұқаралық спортқа бетбұрыс – «AMANAT» жобасының нәтижесі

3 дня бұрын

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС