"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

25.02.2021
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жыл ішінде Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі тұтастай өзгерді. Еліміз қоғамдық күштерді барынша жұмылдыра отырып, ішкі және сыртқы саясатты дербес жүргізіп келеді. Өзге мемлекеттермен өзара қарым-қатынасын халықаралық құқық қағидалары негізінде бекіткен еліміз әлеуметтік-экономикалық тұрғыда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Соның ішінде әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартудың, денсаулық сақтау саласында жүргізілген реформалардың нәтижесінде медициналық-демографиялық салада қол жеткізген оң өзгерістерді ерекше атап айтуға болады.

Тәуелсіздік жылдарында денсаулық сақтау саласын дамытуға орасан зор қаржы бөлінді. Соның нәтижесінде Шығыс Қазақстанның да медицинасы қарқынды дамып келеді. Бұл саладағы ерекше айта кетер жетістіктердің бірі — 1996 жылы Семейдегі Орталық қалалық аурухана базасында Жедел медициналық жәрдем ауруханасының құрылуы. 2011 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында 9 корпустан тұратын аурухананың жаңа ғимараты бой көтеріп, 2013 жылы қолданысқа берілді.

Жедел медициналық жәрдем ауруханасы – аймағымыздағы ірі көп салалы  ауруханалардың бірі әрі бірегейі. Бұл – Семей өңірі халқына, шамамен 634 мың тұрғынға, тәулік бойы үздіксіз жедел медициналық көмек көрсететін жалғыз аурухана. Аурухана құрамында хирургиялық бөлім, іріңді-септикалық бөлім, нейрохирургиялық бөлім, гинекологиялық бөлімше, жіті-коронарлық синдром бөлімшесі, ЖСЖ бөлімшесі, аймақтағы жалғыз инсульттік орталық, эндоваскулярлық рентген хирургия, гематологиялық бөлім, сондай-ақ аймақтағы жалғыз эндокринологиялық бөлім бар. Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем станциясында науқастарға тәулік бойы көмек көрсетілетін жалғыз жарақат пункті бар. Мұнда тәулігіне шамамен 70 — 90 адам көмекке жүгінеді. Бұдан басқа, ауруханада заманауи жабдықтар орнатылған физиотерапия бөлімшесі және екі емдік дене шынықтыру залы жұмыс істейді, онда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде инсульттан, жарақаттан, өкпе және жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларынан кейін пациенттерді ерте қалпына келтіру кезеңінде белсенді оңалту жүргізіледі. ЖМЖА-да көрсетілетін стационарлық көмек көлемі Семей қаласының емдеу-профилактикалық мекемелерінде көрсетілетін стационарлық көмектің жалпы көлемінің 40%-ын құрайды екен.

Семей қаласында гибридтік ота жасау сәтті дамып келеді. Бүгінгі күнге дейін 50 мыңға жуық гибридтік операция жасалыпты. Жылына 3 мыңға жуық ота өткізіледі.

— Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан медицинасы, оның ішінде біздің мекеме де мемлекетімізбен бірге ілгері қадам басып, жан-жақты дами түсті. Біз барлық бағыттар бойынша жұмыс істейміз. Денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы аясында ЖМЖА мамандары Ұлыбританияға оқуға жіберіліп, онда пациенттерге халықаралық стандарттарға сәйкес емдеу жүргізуді үйренді. 2017 — 2019 жылдар аралығында 49  қызметкеріміз арнайы оқудан өтіп, білімдерін жетілдіріп келді. Бірінші сапардан кейін, 2017 жылы триаж жүйесін енгіздік, яғни қабылдау бөлмесінде науқастарға халықаралық стандарттарға сәйкес іріктеу жүргізіледі.

Ұлыбританияға екінші сапардан кейін гибридтік операция залы ашылды. Бұл ең заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген біздің еліміздегі ерекше ангиограф деп айта аламын. Гибридті операция бөлмесінде бір адамға бір уақытта отаның бірнеше түрін жасауға болады. Бірнеше ота науқасқа шұғыл көмек көрсету керек болған жағдайда жасалады. Кейде көп жарақаты бар пациенттер келеді, сол сияқты қан айналымы жүйесі ауруы бар науқастарға бір уақытта миға және жүрекке ота жасауға тура келетін жағдайлар болады. Жедел медициналық жәрдем ауруханасы облыс әкімінің хаттамалық шешімімен халықаралық аккредиттеуге қатысуға жан-жақты дайындық жүргізіп жатыр. Медицина саласындағы JCI стандарттары медициналық қызметтер сапасының әмбебап стандарты болып табылады. JCI аккредитациясы медициналық қызметтің сапасын арттыруды қалайтын мекемелер үшін «алтын стандарт» болып табылады. Халықаралық стандартқа сәйкес аккредиттеуден өту біз үшін өте маңызды. Бұл біздің қаламыздың және өңіріміздің пациенттеріне сапалы көмек көрсетуге ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, халықаралық туризмнің дамуына да ықпал етері сөзсіз,- дейді Семей қаласының ЖМЖА бас дәрігерінің орынбасары Ғалия Әлібаева.

Ғалия Айтжанқызының айтуынша, ЖМЖА–да жоғары мамандандырылған операциялар мен жоғары технологиялық операциялардың саны артқан. Бұрын тек 10-15 ота жасалған болса,  қазіргі кезде 300-ге жуық жоғары мамандандырылған және жоғары технологиялық операциялар жасалады.

— Мұның барлығы да Тәуелсіздіктің арқасында жүзеге асты. Тәуелсіздік жылдарында отандық медицина көш ілгері қадам басты. 30  жыл бұрын мұндай жетістіктерге жетеміз деген ойымызда да болған жоқ. Бұрын, мысалы, біз миокард инфарктісі мен инсультті консервативті әдіспен емдесек, қазір заманауи құрылғылардың көмегімен заманауи тәсілдерді қолданамыз. Біз үшін ең бастысы – халық денсаулығы, ұрпақтың саулығы. Қол жеткізген жетістіктерімізбен тоқтап қалмаймыз, алға жылжи беретінімізге сенімдіміз. Себебі біз мемлекет қолдауын, облыс басшысы Даниал Ахметовтің қолдауын  сезініп отырмыз. Денсаулық сақтау министрлігінің медицина саласын дамыту бағдарламаларының сәтті жүзеге асырылуының нәтижесінде ауруханамыз қарқынды дамып келеді,– дейді Семей қаласының ЖМЖА бас дәрігерінің орынбасары Ғалия Әлібаева.

Денсаулық сақтау – қоғамның әлеуметтік өмірінің маңызды саласы. Ұлт денсаулығы – еліміздің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады.

Абылай МАҚСҰТБЕК, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени...

Толығырақ...Details

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

6 часов бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

13 часов бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

13 часов бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

13 часов бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

13 часов бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

1 день бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

1 день бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

1 день бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

1 день бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС