"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙЛІК СҰЛУЛАРДЫҢ СУРЕТТЕРІ ФОТОКӨРМЕДЕ

05.03.2021
СЕМЕЙЛІК СҰЛУЛАРДЫҢ СУРЕТТЕРІ ФОТОКӨРМЕДЕ
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

8 Наурыз — халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Семей қаласында бұрын-соңды болмаған ерекше көрме ұйымдастырылды. Ерекшелігі — бұл жолғы көрме мұражайда емес, көпшілік жиі баратын шаһардағы бірқатар сауда үйлерінде өткізілді.

Семей қалалық әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі көктемді осындай айрықша бастамамен қарсы алды. «Аса мәртебелі әйел» — «Ее величество — Женщина» атты фотокөрме қаладағы «Small» сауда үйінде ұйымдастырылды. Аталған көрмеден өңіріміздің дамуына зор үлес қосып жүрген мәдениет саласы қызметкерлерінің, аспаздар мен еріктілердің және көлік қызметінің өкілдері, сонымен қатар талантты шәкірттер тәрбиелеген ұлағатты ұстаздардың, кәсіпкерлер мен көлік саласында, ауылшаруашылық, ауыр және жеңіл өнеркәсіп саласында еңбек ететін ардақты аналардың, қыз-келіншектердің суреттерін  көруге болады.

Фотокөрменің мақсаты — қаламыздың дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген «нағыз еңбек адамдарын» қала тұрғындарына таныстыру.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыиу бөлімінің басшысы Назерке Аққожинаның айтуынша, бұл жоба үшін 150-ден астам нәзік жандылардың суреті арнайы дайындалған. Барлығы да семейліктер, бәрі де өңірдің дамуына айрықша үлес қосып жүрген танымал жандар.

— Бұл көрменің мақсаты — әйелдер еңбегінің қоғамымыздағы орнын әрі әйел-аналардың әрдайым сымбатты және сұлу екенін көрсету. Қай заманда да әйел адамның қоғамда, отбасында алатын орны, атқарар рөлі ұшан-теңіз болған. Ол — ақылшы, тәрбиеші, үйдің береке – ырысы ғана емес, ел мен елді елдестіруші, араздықты бітістіруші, дәнекерлеуші іскер жанның да рөлін атқарып келеді. Бүгінгі ақпараттық технологиялар заманында нәзік жандылар қоғамдық өмірге белсене араласып, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға атсалысуда. Осындай абзал жандарға Семей шаһары да кенде емес, — дейді іс-шара бастамашылары.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, егер қала тұрғындары бұл көрмені жылы ықыласпен қабылдайтын болса, алдағы 7 мамырда ер адамдардың фотосуреттерінен көрме ұйымдастыру да жоспарда бар екен.

Айта кетерлігі, аталмыш фотокөрме 1 — 8 наурыз аралығында «Small», «Ақшың», «Қазына» сынды үлкен сауда үйлерінде және Семей темір жол вокзалында, «Абай» халықаралық әуежайында жұртшылық назарына ұсынылады.

Әлібек Кемелхан, «Семей таңы» {jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

17 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

17 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

18 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

18 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

19 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

19 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС