"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ПАРАСАТТЫЛЫҚ АДАЛДЫҚҚА БАСТАЙДЫ

05.03.2021
ПАРАСАТТЫЛЫҚ АДАЛДЫҚҚА БАСТАЙДЫ
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда Семейге республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі Сәдібек Түгел, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ерлан Жалмағамбет, «Шығыс — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы, облыстық мәслихат депутаты М.Бақыт, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының төрайымы Арайлым Есімбекова жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында қала қонақтары әкімдіктің ақпараттық орталығының жұмысымен танысты. Ақпараттық орталық «Шығыс – адалдық алаңы» жобасы аясында 2019 жылдың 26 қазанында ашылған болатын. «Бір терезе» жүйесі негізінде жұмыс істейтін кеңседе жергілікті атқарушы орган тарапынан көрсетілетін 83 мемлекеттік қызметтің барлығын алуға болады.
— Біз қасиетті Семей жеріне де келіп жеттік. Сапарымыздың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу. Қалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі — «Шығыс — адалдық алаңы» фронт-офисі. Азаматтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша орталыққа хабарласып, ақпарат ала алады, — дейді «Парасат жолы» республикалық орталығының жетекшісі Сәдібек Түгел.

Мемлекеттік қызметшілермен кездесу барысында Сәдібек Түгел қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық идеологиясын ілгерілету және парасаттылық құндылықтарды кеңінен насихаттау мақсатында ашылған «Парасат жолы» орталығының жұмысымен таныстырды.

Айта кету керек, «Парасат жолы» орталығы қаламыздағы Абай кітапханасының базасында ашылған болатын. Сондай-ақ департамент басшысы Е. Жалмағамбет қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістерге тоқталып, жемқорлыққа қарсы жауапкершіліктің күшейтілгенін ескертті.

— Жазасын ең төменгі қауіпсіз колонияда өтеу жазасы өзінің қызметтік жағдайын пайдаланған қылмыстық топпен немесе немесе адаммен бірнеше рет пара беру және алу кезінде ұсталған адамдарға қолданылады. Бас бостандығынан айыру мерзімінің ұлғаюымен қатар, пара бергені үшін және сыбайлас жемқорлыққа араласқаны үшін айыппұл мөлшері де өсті. Мәселен, қазір 145 мың теңге көлемінде пара бергендер үшін ең төменгі айыппұл 10-нан 20 есеге дейін ұлғайтылды. Егер адам 100 мың теңге көлемінде пара берген болса, онда сот тағайындаған ең төменгі айыппұл мөлшері 2 миллион теңгені құрайды. Бұрын бұл айыппұлдың мөлшері 1 миллион теңгені құраған, — деді ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ерлан Жалмағамбет.

Кездесу соңында департамент басшысы мемлекеттік қызметкерлерді өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

«СТ» — ақпарат{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

16 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

16 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

19 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС