"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕСЕПТЕУІШ ҚҰРАЛДАРЫН ОРНАТҚАННАН ҰТЫЛМАЙСЫЗ

15.03.2021
ЕСЕПТЕУІШ ҚҰРАЛДАРЫН ОРНАТҚАННАН ҰТЫЛМАЙСЫЗ
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада қалалық әкімдікте «Тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық ҚАЗ орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары мен облыстық энергетика және тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының қатысуымен жиын өтті. Жиында көп қабатты тұрғын үйлерді жалпы үйге арналған есептеуіштермен қамту мәселесі қаралды.

Жиында айтылғандай, жалпы үйге арналған есептеуіштерді орнату көрсетілетін қызметтің сапасын арттырып, сол арқылы азаматтардың секторға деген сенімін ұлғайту үшін маңызды. Үйге ортақ есептеу құралдарын орнату — елдегі цифрландыруды дамытудың міндетті шарттарының бірі.

Қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мамандарының ұсынған мәліметтері бойынша, Семейге 1300-ге жуық осындай құрылғы қажет. Алайда тұрғындар бұл құрылғыларды сатып алуға асықпайды, өйткені көптеген пәтерлерде жеке есептегіштер бар. Ал бұл, жеке есептегіштерден бөлек, жалпы үйге арналған құрылғы.

Бүгінгі таңда жылумен жабдықтауды есепке алу аспаптарын орнату қажеттілігі 1 165-ті құраса, 100%  жабдықтау үшін 490 миллион теңге қажет. Сондай-ақ сумен қамтуды есептеу үшін 1000 дана аспап орнату қажет. Бүгінгі дейін 697 құрылғы орнатылған.  Оның 297-сін GSM  модемі арқылы деректерді беру үшін жаңғырту қажет.  Бұған  101 120 теңге қаражат керек.

«Тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық ҚАЗ орталығы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Руслан Кулов қазіргі уақытта  көп қабатты үйлерді ортақ есептегіш құрылғылармен қамту мәселесі Семейде ғана емес, жалпы елімізде өзекті болып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл — цифрландыруды дамыту тетіктерінің бірі. Заманауи есептеу құралдары «Е» шаңырақ базасына деректерді қашықтан автоматты түрде беру механизмімен жабдықталған. Жалпы үйдегі жылуды есептегіштер тиімді болғандықтан, тұрғындар тарапынан қызығушылық байқалса, сумен жабдықтау есептегіштеріне келгенде бәрі басқаша. Бұл есептегіштерді орнатуға қызмет көрсетуші қызығушылық танытып отыр.

– Бүгінгі күні бізде екі механизм бар: қаржылық лизинг және несиелеу. Кредит беру кепілге мүлік талап етеді және мұнда негізінен табиғи монопогиялар субъектілері қаржы лизингі бойынша көбірек жұмыс істейді. Яғни біз табиғи монополиялар субъектілерінен техникалық сипаттамасын аламыз. Соның негізінде мемлекеттік сатып алуларды өткіземіз, — дейді «Тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық ҚАЗ орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Кулов.

Кәсіпорын үйге ортақ суды есептеу құралғыларын өздігінен орнатуға дайын, бірақ мемлекеттің көмегі қажет. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы ҚАЗ орталығы өкілі бұл мәселенің пысықталып жатқанын және қазір нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу бойынша ақпарат дайындалып жатқандығын айтты.

— Қазір бізде 700 есептеу құралы бар. 300-ін инвестициялық бағдарлама есебінен, ал  400-і Еуропалық  қайта құру және даму банкі есебінен орнатылған. Дегенмен барлық құралдар «Семей Водоканал» МКК балансында. Барлық есептегіштер үйге ортақ, тариф бойынша қызмет көрсетеміз. 1 000 есептеуішке жеткізу үшін  біз тағы 300 құрал сатып алуымыз керек. Оларды орнату үшін Энергетика басқармасынан бұл есептеу құралдарын инвестбағдарламаға жаңа тарифтен немесе несие қаражаты есебінен енгізуге қолдау көрсетуін сұраймыз, – деді «Семей Водоканал» МКК директоры Еркін Сағындықов.

Кездесуді қорытындылай келе, Руслан Кулов жалпы үйге арналған есептеу құралдарын орнату экономикалық жағынан тиімді екенін халыққа түсіндіру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, Су кодексіне сәйкес, көп пәтерлі тұрғын үйлердегі судың пайдаланылуын ортақ есепке алу құралдары арқылы есептеу міндетті. Оның айтуынша, бүгінгі таңда республика бойынша үйлердің аталмыш аспаптармен жабдықталуы 75%-ды құрайды. Биылғы міндет — көрсеткішті 84%-ға дейін жеткізу, ал 2025 жылға дейін толық орнату жоспарланып отыр.

Абылай МАҚСҰТБЕК, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылау күшейтілді

21.08.2026
Абай облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылау күшейтілді

Абай облысында алкоголь өнімдері, темекі бұйымдары және мұнай өнімдерінің заңды айналымын қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік бақылау жүргізілуде. Негізгі мақсат –...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

21.08.2026
Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Семейде өнегелі өмірімен ұрпаққа үлгі болып жүрген отбасыларды ұлықтауға арналған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

«Біз бірлескен жобаларды дамытып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз», – Аида Балаева ТМД волонтерлерінің I форумында

21.08.2026
«Біз бірлескен жобаларды дамытып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз», – Аида Балаева ТМД волонтерлерінің I форумында

Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы волонтерлерінің I форумы басталды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған форум ТМД Үкімет басшылары кеңесінің...

Толығырақ...Details

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

21.08.2026
59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

Құрылтай сайлауына санаулы күн қалды. 19 тамызда партиялар сайлауалды науқанның мазмұнды өткен соңғы күндерінің бірін өткізді. Кандидаттар мен партия өкілдері...

Толығырақ...Details

Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері

20.08.2026
Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері

Атом энергетикасы туралы сөз болғанда, адамдарда туындайтын алғашқы сұрақтардың бірі – қауіпсіздік мәселесі. Қазіргі атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздік қалай...

Толығырақ...Details

Сайлау күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады

20.08.2026
Сайлау күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылау күшейтілді

4 часа бұрын

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

4 часа бұрын

«Біз бірлескен жобаларды дамытып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз», – Аида Балаева ТМД волонтерлерінің I форумында

4 часа бұрын

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

4 часа бұрын

Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері

1 день бұрын

Сайлау күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады

1 день бұрын

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

2 дня бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

2 дня бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС