"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛУМЕН ҚАМТУДА ОЛҚЫЛЫҚТАРҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

15.03.2021
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өкен аптада Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Семей қаласына келді. Іссапар барысында аймақ басшысы арнайы жиналыс өткізіп, сол жағалаудағы айналма жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі құрылысының жоспарымен, сондай-ақ жағалауды бекіту жұмыстарының барысымен танысып, жылумен жабдықтау нысандарын аралап көрді, көп балалы аналармен де кездесті.

Қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиын барысында, негізінен, Семейдегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды жақсарту  және шаһарға «Сергек» жүйесін енгізу мәселесі кеңінен талқыланды.

— Семей қаласын одан әрі дамыту бойынша жұмысты қарқынды түрде жүзеге асыру қажет. Бұл алдымен цифрландыру және бақылаудың заманауи әдісін енгізу шараларын қамтиды. Өткен жылы Өскемен қаласында «Сергек» жүйесі енгізілді. Бүгінгі таңда біз жақсы нәтижелерді көріп отырмыз. Биыл бақылаудың мұндай әдісі Семей қаласында да қолданылуы тиіс. Бұл үшін барлық ресурстар беріледі, — деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Сонымен қатар Семей өңірін тұрақты түрде ауыз сумен қамту және де аталмыш тарапта қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізудің жайы да кеңінен сөз болды. Айта кетейік, биылғы жылы қалаға қарасты Шақаман және Абыралы ауылдарында сумен жабдықтау желілерінің құрылысын бастау, сондай-ақ Баженов, Таңат, Клементьевка, Жазық ауылдарында блокты-модульдік станцияларды орнату жоспарлануда. Қаладағы тоғыз су құбырын, атап айтқанда Березовский, Шаған, Восход, Бобровка, Восточный кенттерін, Зағиптар қоғамы, Красный Кордон аудандарын, Алматы, Әуежай – Аягөз көшелерін және Алғабас, Гранитное, Ақбұлақ, Половинки, Мұрат, Талица, Приречное ауылдарындағы су құбырларын салуға және жаңғырту жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.

Мұнымен қоса облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы сол жағалаудағы айналма жолдың бойынан салу жоспарланып отырған солтүстік және оңтүстік жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің жобасын мақұлдады.

— Жалпы айтқанда, жоба маған ұнады. Бұл мешітке өту үшін ыңғайлы болады. Жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі үшін 150 миллион теңге бөлуді тапсырамын, – деді облыс басшысы Даниал Ахметов.

Облыс әкімі сондай-ақ Ертіс жағалауын нығайту жұмыстарын да тексеріп шықты. Жалпы, қала үшін Ертіс өзенінің Бейбітшілік аралы, Мирный, Восточный кенттеріндегі жағалауын нығайту маңызды болып табылады. Жоба шеңберінде ені 9 метр болатын жаға бойындағы жоспарланбаған еңістерге және ені 1 метр болатын жоғарғы бөлігінің жиектеріне бетон плиталарын төсеу көзделіп отыр. Беткейлерді жоспарлау кезінде қолданыстағы жағалау сызығы сақталады.

Аймақ басшысы сонымен қоса қаладағы «Теплокоммунэнерго» МКК Орталық пен 103-103А қазандықтарын аралады. Облыс әкімі осы сапары барысында «Орталық» қазандығына тағы бір қазандық салынатынын атап өтті.

— Қысқа мерзімде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп, «Орталық» қазандығы үшін құрылысты бастау керек. Орынбасарым Бақытжан Байахметовке осы мәселе бойынша екі аптада бір рет жиналыс өткізуді тапсырамын. Біз бұдан былай жылумен қамтамасыз етуде мұндай олқылықтарға жол бермейміз деген сенімдемін, – деп атап өтті Даниал Ахметов.

Жұмыс сапарының соңында аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы алты баланың анасы Анар Сүлейменова басқаратын «Жанұя» отбасын қолдау орталығында болды. Аталмыш орталықта көп балалы, аз қамтылған және толық емес отбасылардың табысын арттыру үшін жанұяларды өз ісін ашуға ынталандыратын шараларға тартатын болады. Сондай-ақ отбасындағы салауатты қарым-қатынастарға назар аудару және салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануды насихаттау, сол тәрізді отбасыларды шығармашылық тұрғыда дамуға ынталандыру жұмыстары да жүргізіледі.

Анар Сүлейменова орталықта 10 жұмыс орны құрылатынын, орташа жалақы 90 000 теңгені құрайтынын айтты.

Аймақ басшысы орталықтың алдағы уақыттағы қызметіне жеміс тіледі.

«СТ» — ақпарат{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

14 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

14 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС