"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КЕМЕЛДЕНУ МЕН КЕМЕҢГЕРЛІК

26.03.2021
КЕМЕЛДЕНУ МЕН КЕМЕҢГЕРЛІК
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Осыдан екі жыл бұрын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отандық телеарналар арқылы қазақстандықтарға  Үндеу жолдап, өз өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдағанын жария еткен болатын. Отыз жылға жуық еліміздің тізгінін нық ұстап, тәуелсіз елімізді аумалы-төкпелі, қиын-қыстау күндерде шалыс бастырмай, сүріндірмей, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартып, бірлігі мен тұтастығын сақтап, егемен Қазақстанды халықаралық деңгейдегі қуатты мемлекеттердің қатарына қосу жолында қайраткерлік танытқан әлемдік аренада танымал тұлғаның бұл шешімі көпшілік әсте күте қоймаған тосын мәлімдеме еді. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев саясатының сабақтастығын сақтап, Елбасының сарабдал да салиқалы жолын жалғастырып отыр.

Қазақстан Респбуликасының Президенті Қ.К.Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды. Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамытудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр. Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз. Өздеріңізге белгілі, осының бәрі менің сайлау алдындағы бағдарламама негіз болды. Қазір мемлекеттік органдар оны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде»,- деп атап өткен болатын. Яғни, қазіргі таңда Елбасы Н.Назарбаевтың өркениетке бастайтын сара жолын, Ұлт Көшбасшысы атап көрсеткен басымдықтарды ел дамуының негізіне айналдырған Мемлекет басшысы Тұңғыш Президенттің еңбегін жоғары бағалап қана қоймай, басты бағдарға айналдырғанын түсінуге болады.

Расында, қазіргі таңда куә болғанымыздай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы елімізді әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналдыру бағытын одан әрі жалғастыруда. Ұлы мұрат жолындағы еңбек жаңа қырынан көрініс табуда. Оған бірден-бір дәлел — өз жолдауларында Президент ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне баса мән береді.

Жоғарыда айтқанымыздай, ҚР Президенті Қ.Тоқаев: «Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады. Қазір бізге тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамытудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр», — деп өте орынды атап өтті.

Президент уәде бергендей, саяси трансформация біздің мемлекетіміз бен халқымыздың мүдделерін ескере отырып, бірте-бірте және ұдайы жүзеге асырылатын болады. Әлемдік тәжірибе жүйесіз саяси ырықтандыру ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздануына және тіпті мемлекеттіліктің жоғалуына әкеп соқтыратынын көрсетіп отыр. Сондықтан саяси реформаларды «алға жүгірмей» жүзеге асырамыз, бірақ дәйекті, табанды және ойластырылған болу керек. Біздің іргелі ұстанымымыз — табысты экономикалық реформаларды жүзеге асыру еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртусыз мүмкін емес.

Жалпы, Елбасы Н.Әбішұлы мен Мемлекет басшысы Қ.Кемелұлы саясатының сабақтастығы ел мүддесі жолындағы іскерлік бірегейліктен келіп туындайды. Мәселен, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген бір сұхбатында: «Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жаңа мемлекеттілік жасаудың барлық тауқыметін басынан өткерді. Қиындыққа толы осы жолда толағай табыстарға қол жеткізді. Қазақ елін төрткүл дүниеге әйгілеп, барша әлемге мойындата білді. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі өсіп-өркендеуі, ертеңгі даму келешегі Нұрсұлтан Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Түрлі сәуегейлік жасаушылар бұрын да болған, қазір де, кейін де бола береді. Ең бастысы, біз биліктің ауысуын тұрақты жағдайда өткізе білдік. Тағы да қайталап айтамын, бұл ең алдымен Елбасының парасаттылығы мен көрегендігін және халқымыздың даналығын көрсетеді. Біз әлемге өркениетті ел екендігімізді, жұртымыздың саяси мәдениетінің жоғары екендігін дәлелдедік. Кейбір мемлекеттердегідей алаңға шығып, шу көтерген жоқпыз. Бәрі заң шеңберінде өтті және мен де осы бағыттан ешқашан таймаймын, ешқандай «екіұдайылыққа» жол бермеймін», — деп атап өткен болатын.

Мемлекет басшысы сонымен қатар: «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы бастамашы болған әлеуметтік бастамалар жалғаса береді. Оны жүзеге асыруға қажетті қаржы қарастырылды, тиісті шаралар легі айқындалды. Осыған дейін айтқанымдай, мен бірқатар бастаманы межеленген мерзімінен ертерек қолға алуға тапсырма бердім. Бюджет саясатында алдымызға қойылған нақты мақсаттар, жоспарлар бар. Мәселен, мұнай кірістеріне тәуелділікті азайтуға, ұлттық қордың активтерін тұрақтандыруға және оны сақтау ісіне басымдық беріледі. Бұл орайда тиісті лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктедім. Бюджет қаржысы экономикалық жағынан маңызды әрі табыс әкелетін салаларға жұмсалуы керек. Барлық шешім алдын ала жан-жақты зерттеліп, экономикалық прагматизм тұрғысында қабылданғаны жөн. Бұл қаражаттың тиімді жұмсалуына әсер етеді. Бюджет тапшы кезеңде қыруар қаржының игерілмей қалуына жол берілмеуі керек. Өздеріңіз білесіздер, еліміздегі бірқатар даму бағдарламаларының табысты жүзеге асуына Ұлттық қор ерекше ықпал етті. Бюджетке кепілдендірілген және мақсатты трансферттерге Ұлттық қордан өте көп қаржы жұмсалды. Ендігі кезекте трансферттер көлемін біртіндеп азайтқан жөн. Қор қаражатын инвестициялау құрылымын жақсарту саясаты сауатты жүргізілуі керек. Ұлттық қордың игілігін көру болашақ ұрпақтың еншісінде», — деген еді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің мемлекеттік басылымдардың біріне берген тағы бір сұхбатында Тұңғыш Президентіміздің «Алдымен – экономика, содан соң – саясат» деген ұстанымы өзгермейтінін де айтқан болатын. Себебі бұл ұстаным өзінің өміршеңдігін отыз жылы бойы дәлілдеп келеді.

Иә, Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік тарихқа аса көрнекті реформатор ретінде енді. Әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына қосылуымыз Елбасының жүргізген сарабдал саясатының жемісі екендігі анық. Сондықтан шетелдік сарапшылар бұл реформаларды «Қазақстан жолы» немесе «Дамудың қазақстандық үлгісі» деп атайды. Қазір біздің еліміз – Орталық Азия өңіріндегі бірден-бір жетекші мемлекет. Даму жағынан посткеңестік елдер арасында алғашқылардың қатарындамыз. Елбасы алға қойғандай, ұдайы экономикалық өсім болмаса, еліміздің қазіргі деңгейге жетуі екіталай еді. Инвестиция, экспорт және индустрияландыру – экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, оны әртараптандыруға қол жеткізудің шешуші факторлары. Осы мәселелердің барлығын Нұрсұлтан Әбішұлы ел дамуының негізгі басымдығы ретінде ұсынған болатын. Ал қазіргі таңда бұл бағыттағы іс-шаралардың мемлекеттік деңгейде жүзеге асып жатқанына куә болып жүрміз.

Әр халық өзінің көрнекті тұлғаларымен танымал болады. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірегей тұлғасын еліміздің ұлы қайраткері, ұлы перзенті ретінде шетелде де мойындайды. Елбасы заманауи мемлекет құрды. Әлем картасында еліміздің шекарасын белгіледі. Ал осы игі жетістіктердің барлығы ертеңгі ұрпаққа аманат.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Елбасы ұсынған сара бағытты жалғастыруда.

Әзірлеген Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»

Мақалада: жолдауқазақстан

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

16 часов бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

16 часов бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

16 часов бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

2 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

2 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

2 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

2 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС