"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

30.03.2021
ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Өткен апта соңында «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Төлеген Мұхтар Әділбекұлының төрағалығымен Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.


Бұл жолғы отырысқа ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Сүлейменов Әсет Бауыржанұлы, ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысы Валл Инна Валерьевна, «Nur Otan» партиясының Өскемен қалалық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Серік Оразбайұлы және облыстық комиссия мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде Шығыс Қазақстан облысында 2020 — 2025 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды. Жиынға қатысушылар басқарма басшысына тұрғын үй мәселесіне байланысты бірқатар түйткілді мәселелердің бар екендігін және осы салаға қатысты тұрғындардан арыз шағымдардың көп түсетіндігін айтты.

— Тұрғын үй құрылысына қатысты түйткілді мәселелер өте көп. Баспанаға қол жеткізу мәселесін айтпағанда сол салынып, қолданысқа берілген баспаналардың сапасы да көңіл көншітпейді. Тұрғындар тарапынан үнемі арыз-шағымдар түседі. Сонымен қатар, облыс орталығы Өскемен мен Семей қалаларында баспана құрылысы қарқынды жүріп жатыр дегенмен, осы тұста бір ескерерлік жағдай бар, ол — аудандардағы тұрғын үй мәселесі. Бүгінгі таңда осы бағыттағы жұмыстың бәсеңдеп қалғаны байқалады,- деді Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мұхтар Әділбекұлы.

— Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын таныстыра отырып, алдағы бес жылда 100 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салуды тапсырды. Бұл шамамен 1 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы облыс бойынша ағымдағы жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен (нысаналы тұрғын үйді ескере отырып) барлығы 1 052 мың шаршы метр тұрғын үй (10 936 пәтер) салу жоспарлануда, оның ішінде ағымдағы жылы 647 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, — деді ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Әсет Бауыржанұлы.

Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының сапалы іске асуы облыстық партиялық бақылау комиссиясының басты назарында болады.

Айтолқын САМАТОВА, «Семей таңы»

{jcomments off}

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

17 часов бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

2 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

2 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

3 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС