"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ

30.03.2021
ҚАЛА ӘКІМІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ

28 ақпан күні Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мекеме басшыларымен бірге бірнеше нысанды аралады. Бұл туралы шаһар басшысы өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Шаһар басшысы Нұрымбет Сақтағанов алдымен Семейдегі Орталық саябаққа бас сұқты. Қала әкімі нысанда атқарылған жұмыстармен танысып, анықталған кемшіліктерді жою туралы тапсырма берді. Сәуір айында саябақтағы жөндеу жұмыстары өз жалғасын таппақ және ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Орталық саябақты қалпына келтіру жұмыстары 2019 жылы басталған болатын.
Қаланың орталық бөлігіндегі проблемалы аумақтардың бірі — Дулатов көшесі, дәлірек айтсақ, мәселе жолдың сапасына қатысты. Бүгінде аталған көшеде сумен жабдықтау желілерін қайта құру жобасы жүзеге асырылуда. Мердігермен келісімшарт 2021 жылдың 1 маусымына дейін жасалған.

«Ылғал мен қардың жылдам еруінің салдарынан жол асты топырақтардың шөгуі орын алуда. Аталған мәселені шешу мақсатында кепілдік міндеттемелерге сәйкес, жол үстін толтыру және грейдерлеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жолдың үстіңгі қабатын толық қалпына келтіру, келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес, ағымдағы жылдың мамыр айында жүзеге асырылады. Бұл мәселе қатаң бақылауда», — деп жазды Нұрымбет Аманұлы.

Өткен жылы Әуезов даңғылы бойында сумен жабдықтау желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілген болатын. Сол себепті даңғылдағы жолдың жекелеген учаскелерінде асфальтталған жол жамылғысының бұзылғанын байқауға болады. Бұл өз кезегінде көлік құралдарының жүруіне қолайсыздық тудыруда. Қазіргі уақытта жолдың беткі қабатын толтыру жұмыстары басталды. Сонымен бірге көктем — жаз мезгілінде, кепілдік міндеттемелерге сәйкес, асфальт жабындысы бұзылған жерлер қалпына келтіріледі.

«Құрметті жерлестер! Кей жерлерде жаяу жүргіншілердің қозғалысын қиындатқан еріген судың жинақталуы бойынша мәселелер пысықталуда. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді, сіздердің барлық сын-ескертпелеріңіз алдағы жұмысымызда ескерілетін болады», — деп жазды қала басшысы Н.Сақтағанов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айтолқын САМАТОВА, «Семей таңы»{jcomments off}

Мақалада: әкімСемей

Ұқсас жаңалықтар

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

18.11.2026
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кірістерді төмендету және жасыру фактілерін анықтау, сондай-ақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша жолданған хабарламаларды орындау...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

18.11.2026
Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

Қазақстанда ғылыми әлеуетті нығайтуға, зерттеу инфрақұрылымын дамытуға және отандық ғылыми әзірлемелерді экономиканың нақты секторына енгізуге бағытталған ауқымды өзгерістер жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

18.11.2026
«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындардың өндірісі мен сатылымына толық тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.  Энергетикалық сусындар бүгінде көптеген қазақстандықтың күнделікті...

Толығырақ...Details

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

18.11.2026
Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Kazakh Tourism Development Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің отырысын өткізді.  Жиында Almaty SuperSki жобасын жүзеге асыру барысы...

Толығырақ...Details

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

18.11.2026
Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

Қазақстан Республикасының Құрылтайында онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелеріне қатысты заң жобалары бірінші оқылымда қаралды. Түзетулер азаматтардың құқықтарын қорғауға, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

9 часов бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

9 часов бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

9 часов бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

11 часов бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

13 часов бұрын

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

14 часов бұрын

Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

14 часов бұрын

«Бөтен ойындардың» қатысушысы болма: Семейде студенттерге есірткі қылмысы үшін сотталғандардың хикаясы көрсетілді

14 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

14 часов бұрын

Ауыл шаруашылығын жаңғырту: азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық дамудың маңызды бағыты

14 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС