"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ШАРАПАТЫН КӨРУДЕ

30.03.2021
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ШАРАПАТЫН КӨРУДЕ
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы еліміздің барлық өңірлерінде танымал. Бағдарламаның мақсаты — халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

«Еңбек» бағдарламасы бойынша берілетін 200 АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік грантқа бағдарламаның бірінші бағыты бойынша оқыған, сондай-ақ «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша курс аяқтаған тұлғалар үміткер бола алады. Осы бағдарламаның арқасында қазақстандықтар жаңа дағдыларды үйреніп, жұмыс тауып, өз ісін ашты. Солардың бірі -Бесқарағай ауданының тұрғыны Андрей Тарасов. Андрей Тарасов металл профильден қақпалар мен терезе торларын жасау цехын ашуға 200 АЕК көлемінде өтеусіз грант алған. Бөлінген қаражатқа бизнес-жоспарына сәйкес жабдықтар сатып алып, өз бизнесін жүргізуде. Қазіргі уақытта қақпалар мен терезеге арналған торларды дайындайды және орнатады.

— «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқудан өтіп, грант ұтып, өз бизнесімді дамыта алатынымды түсіндім. Мен өзімнің ауылдастарыма жақсы бизнес жоспар жасап, грант алуға болатынын және ең бастысы қорықпау керектігін айтамын. Мемлекет тарапынан берілетін мұндай көмек ауыл тұрғындары үшін өте маңызды. Президентімізге азаматтарға осындай мүмкіндіктерге жол ашқаны үшін алғысымды білдіргім келеді,- дейді Андрей Тарасов.

Айта кетейік, 2020 жылы Бесқарағай ауданында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, жастар мен аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, еңбекке қабілетті мүгедектер, қоныс аударушылар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, барлығы 69 қатысушыға, жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыруға 38 336,4 мың теңге сомасында мемлекеттік грант берілді.

Абай ауданы Саржал ауылының тұрғыны Талант Қаратаев та бағдарламаның көмегімен өз кәсібін ашып, жұмысын жандандырған жандардың бірі. Талант Қаратаев «Бастау — Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінен курстан өтіп, сертификатқа ие болған соң, жиһаз жасайтын құрылғы алуға 555 600 теңге қайтарымсыз грант алған. Бүгінгі күні жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік кірістер басқармасында тіркеліп, өз жұмысын жүргізіп отыр.
— Мемлекет тарапынан бұрын-соңды ешқандай көмек алмағанмын. «Еңбек» бағдарламасы туралы ақпарат құралдарынан біліп, жұмыспен қамту орталығына бардым. Мемлекеттік бағдарлама аясында қайтарымсыз грант ұтып алдым. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға ризашылығымды білдіремін, — дейді Талант Қаратаев.

ШҚО әкімі баспасөз қызметі ақпараты негізінде дайындалды{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

19.06.2026
«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

Абай облысында мемлекеттік органдардың өкілдерін, қоғамдық ұйымдарды, сарапшыларды, педагогтер мен белсенді әкелерді біріктірген «Әке өнегесі – өмірлік сабақ» атты өңірлік...

Толығырақ...Details

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

19.06.2026
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар мемлекеттік наградалармен...

Толығырақ...Details

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

19.06.2026
Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды. Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын...

Толығырақ...Details

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

19.06.2026
Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада қоғамдық орындарда әдеп сақтау мәселесін көтерді. Өз сөзінде Президент ауқымды...

Толығырақ...Details

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

19.06.2026
Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада білікті маман тапшылығын жою, оларды қолдау бағдарламасын әзірлеу мәселесін көтерді....

Толығырақ...Details

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

19.06.2026
Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан медицина мамандарына ризашылығын білдірді. Өз сөзінде Президент қазір әділетті, күшті, озық әрі таза Қазақстан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

31 минута бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

33 минуты бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

35 минут бұрын

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

36 минут бұрын

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

38 минут бұрын

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

39 минут бұрын

3,6 миллионнан астам қаралым: елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді

6 часов бұрын

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

1 день бұрын

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

1 день бұрын

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС