"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«SEMEYBUSТЫҢ» ШУЫ КӨП

02.04.2021
«SEMEYBUSТЫҢ» ШУЫ КӨП
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейдегі қоғамдық көліктердің жетпіс пайызға жуығына иелік етіп отырған «Semeybus» ЖШС автобус паркі қаржылық қиындықтарға тап болды. Бұл туралы аталған парк директоры Болат Қылышбеков баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Автобус паркі директоры Болат Ақылжанұлының сөзінше, кредиторлардың бірі 70 млн қарызы үшін «Semeybus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін сотқа берген. Сонымен қатар «Қазақстан Даму Банкі – лизинг» акционерлік қоғамына берешегі 1,3 млрд теңгені құрап отыр.

— Бүгінгі күні «Semeybus» автобус паркінің жағдайы қиын. Берешегіміз 2 млрд 100 миллион теңгеге жетті. Оның 1,3 млрд теңгесі – «Қазақстан Даму Банкі –лизинг» АҚ қарызы. Автобустардың лизингке алынғанын білесіздер. Қалғаны салық төлемдері, жұмысшылардың зейнетақы және әлеуметтік аударымдары, кредитке алынған техникаға қажетті бөлшектердің шығыны, — деді Б.Қылышбеков.

Баспаөз конференциясына қатысқан Семей қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Серікқали Жұмановтың айтуынша, өткен жылдың наурыз айында басталған карантин шаралары қаладағы автобус парктерінің жағдайын нашарлатқан.

— Қазіргі күні Семейдегі үш тасымалдаушы компанияның шығындары анықталды. Электронды билет арқылы біз олардың кірісі мен шығынын анық бақылай аламыз. Өздеріңіз білесіздер, карантиндік шаралар кезінде қоғамдық көліктер жұмысын тоқтатып, компаниялар шығынға ұшырады. Өткен жылдың қараша айында ШҚО мәслихаты Семейдегі автобус парктерін әлеуметтік жағынан әлсіз деп танып, субсидия бөлу мәселесі көтерілді. Жергілікті әкімдік қаңтар айынан бері Семейдегі барлық тасымалдаушыларға қолдау көрсетіп келеді. Облыстық мәслихат қаулысымен, қазір біз тегін немесе жеңілдікпен жүретін жолаушылардың шығындарын өтеп отырмыз. Бұл бағытта 370 млн теңге бөлінген, — деді С.Жұманов.

Бөлім басшысының айтуынша, қалалық бюджеттен «Semeybus» автобус паркіне 500 млн теңге субсидия беріледі. Сонымен қатар сәуір айының ортасында облыстық бюджеттен де қаржы бөлінбек. Қазір облыстық бюджетке Семейдегі жолаушылар тасымалымен айналысатын – «Semeybus», «Семей автобус паркі» және «Таксоматорный парк» ЖШС үшін 3 жылға 13 млрд теңгеге субсидия бөлуге өтінім жіберілген. Соның ішінде «Semeybus» автопаркіне бір жылға 3,5 млрд теңге қажет.

— Келесі аптада қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтіп, 500 млн теңге қаржы бөлінеді. Дегенмен субсидия бөлінген кезде, келісімшартқа сәйкес, маршруттағы барлық автобус желіге шығуы қажет. Егер бір автобус шықпай қалса, келісімшарт талаптары бұзылып, субсидия берілмейді, — деді С.Жұманов.

Ал «Semeybus» ЖШС автобус паркі директорының айтуынша, бүгінгі күні автопарктегі 170 автобустың 70-і бұзылып тұр.

— Автопаркте 60 кіші, 80 орта, 30 үлкен класты автобус бар. Қазір 70 автобус сынып тұр. Кіші класты автобустарды жөндеу оңай және олардың бөлшектерін де тез табуға болады. Ал орта және үлкен класты автобус саймандарын шетелден алдырамыз. Бұл ұзақ уақытты алады, — дейді Б.Қылышбеков. — Біз қанша тасымал жасасақ, соған орай субсидия аламыз. Құжат бойынша автопарк жылына 57 млн адам тасымалдайды. Бірақ шын мәнінде автопарк бір жылда 21 млн адам тасымалдаған. Автопарктің күндік табысы 4,5-5,5 млн теңгені құраса, оның ішінде 2,5 млн теңге жанар-жағармайға кетеді. Қазір біз бір адамды 80 теңгеге емес, 190 теңгеге тасымалдап отырмыз. Шын мәнінде субсидия автопаркке емес, жолаушыларға бөлінеді, — деді Болат Қылышбеков.

Автопарк басшысы, егер субсидия бөлінбесе, тариф бағасы көтерілуі мүмкін екенін жеткізді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

18 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

18 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

18 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

18 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС