"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қазақша сөйлеңізші, Ермек Сембайұлы!

Немесе аймақтың бас дәрігері неге тулады?

17.04.2021
Қазақша сөйлеңізші, Ермек Сембайұлы!

Өткен аптада Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы

басшылығына Ермек Омарбеков тағайындалды. Аймақтың су жаңа бас

дəрігері жайлы əлі толық құлақтанып үлгермеген көпшілікке Ермек

Сембайұлы өзін ешкімге ұқсамайтын тосын қырымен таныстырды… Нақты айтқанда, журналистердің «қазақша жауап берсеңіз!» деген өтінішіне «Жоқ! Жоқ!» деп шоршып түскені, əріптестеріміздің мемлекеттік тілде қойған сауалына жауап беруден бас тартып, қаша жөнелгені осы аптада əлеуметтік желінің хитіне айналып кетті.

Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, газет оқырмандарын облыстық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысымен таныстыра кеткен артық болмас. Бұған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК директоры қызметін атқарған ЕРМЕК СЕМБАЙҰЛЫ ОМАРБЕКОВ 1968 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Педиатрия жəне қоғамдық денсаулық сақтау мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1993 жылы Үлкен Нарынаудандық ауруханасында педиатр дəрігер болып бастаған.

1996 жылдан 1999 жылға дейін Катонқарағай аудандық міндетті медициналық сақтандыру филиалының директоры, Катонқарағай аудандық

ауруханасының бас дəрігері жəне басдəрігердің орынбасары қызметтерін атқарып, 2005 жылға дейін Катонқарағай аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі лауазымында еңбек етті. 2005 жылдан бастап Катонқарағай ауданының «№1 медициналық бірлестігі» КМҚК бас дəрігері, директоры болды.

2010 жылдан бастап Өскемен қалалық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2014 жылдың тамыз айында Өскемен қаласының «№4 қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дəрігері болып тағайындалды. 2017 жылдан бастап облыстың бас дəрігері қызметіне тағайындалған уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК директоры болып жұмыс істеді.

Қай тілде сөйлесе де мына қиын уақытта облыстың денсаулық сақтау саласын жаңа биікке көтеріп, дəрігерлік міндетін адал атқарса болды дегенімізбен, БАС ДƏРІГЕРДІҢ «Мемлекеттік тілде сөйлесеңіз!» деген сөзден неге шоршып түскені көпшілікке жұмбақ болып тұр… Дəрігер науқастың тілінде сөйлеуі керек деп жатамыз. Ендеше, қазақ тілді науқаспен бас дəрігер қалай сөйлеседі?

Роза МАУЫЛХАНҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

24 часа бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

24 часа бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

1 день бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

2 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

2 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

2 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

2 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

2 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС