"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Сергелдеңге салған Semey bus немесе мәселенің мәнісі

19.04.2021
Сергелдеңге салған Semey bus немесе мәселенің мәнісі
79
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада  семейліктерді алаңдатып, бүкіл республика халқын елеңдеткен оқиға Семейдегі жолаушылар тасымалымен айналысатын «SEMEY BUS» ЖШС—нің жұмысына байланысты болды. Автобус жүргізушілері еңбекақының мезгілінде төленбейтінін, зейнетақы және басқа да  әлеуметтік төлемдердің аударыл—майтынын айтып қала әкімі Нұрымбет Сақтағановтың атына арыз жолдаған болатын.

Семейдегі  ірі автопарктердің бірі жұмыс істеген екі жыл уақыт  ішінде миллиардтаған қарызға  батқан. Жолаушылар тасымалына байланысты проблема Семейде кеше мен бүгін ғана басталған жоқ. Қаламыздағы қоғамдық көліктердің тозығы жеткенін байқаған аймақ басшылығы 2019 жылы автопаркті «БРК-Лизинг» АҚ арқылы жаңалау жұмысын бастаған. Лизинг шартының жеңілдігін пайдалану  үшін  мемлекеттік–жекеменшік  әріптестік аясында  «SEMEY BUS» ЖШС  құрылып, 51 пайызы «Семей автобус паркі» ЖШС–не, ал 49 пайызы мемлекет меншігіне берілген  болатын.

Сонымен, 4,2 миллиард теңгеге  лизингке 170 автобус сатып алынып,  жұмысын енді бастаған жаңа  кәсіпорынның жүгін  жеңілдету мақсатында облыстық бюджеттен  633 миллион теңге қаржы  бөлінеді. Осы қаржының есебінен лизинг қаржысы 3,5 миллиард теңгеге дейін азайған… Бизнесті қолдау мақсатында  Семей  қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызды маршруттарды, қаржылық тұрғыдан тиімсіз болған жағдайда, субсидия бөліп,  қолдайтындықтары жайлы міндеттеме де алған екен.

Сергелдеңге салған Semey bus немесе мәселенің мәнісі

 

Өкінішке орай, осындай қолдауларға қарамастан,  бүгінгі таңда «SEMEY BUS» ЖШС күрделі жағдайға тап болып отыр. Бұл жерде менеджменттік басқару дұрыс болмады ма, әлде кәсіпорын басшылары  мемлекеттік–жекеменшік әріптестікті  бюджет қаржысын пайдалану деп түсінді ме, кім білсін, бүгін күрделі проблема тауындап, серіктестік өздеріне жүктелген сенімді ақтай алмады. Облыс әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, менеджменттік басқарудың тиімсіздігі салдарынан болған жағдай.

Сонымен, «SEMEY BUS» ЖШС сергелдеңінің себебі не?

Ең бастысы, «SEMEY BUS» ЖШС лизинг алған алғашқы күннен өздерінің  несиелік міндеттемелерін  орындамағандығы  көп қарыздың қордалануының басты себебі  екені анық. Кәсіпорынға  қарызын төлеуге жеңілдік уақыты да берілген, алайда қарыз көлемі бүгін 1,1 миллиардқа жеткен. Бүгінгі таңда серіктестіктің  коммуналдық және жекеменшік кәсіпорындарға қарыздары 347 млн теңгені құрайды. Сонымен, 25 наурыздағы жағдай бойынша, компанияның жалпы қарызы 2 миллиард теңге көлемінде болып отыр. Аймақтағы жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындар арасында бұрын-соңды болмаған жағдай…

2019 жылдың  қыркүйек айында маршрутқа шыққан  «SEMEY BUS» ЖШС кәсіпорны 2020 жылдың наурыз айында  алғашқы субсидияға  сұрау  жолдаған. Жобаның жалпы құны  4,2 миллиард теңге көлемінде болса, әкімдік ол қаржының біраз бөлігін  облыстық бюджеттен жауып бергенін сөзіміздің басында айтып кеттік. Алайда кәсіпорын  жыл сайын 3,5 миллиард теңге көлемінде  мемлекеттің қолдауын  және жолаушы тасымалы қызметі үшін  тарифті  қымбаттатуды талап еткен. (Сонда  бір жылғы  құны  3,5 миллиард теңге болса, жобаның жалпы құны қанша болады?..) 2021 жылдың 10 ақпанында  кәсіпорын бюджеттен тағы 3,5 миллиард теңге, ал 21 ақпан күні 773 миллион, 29 наурыз күні екі жылға 7,4 миллиард теңге қаржы сұраған. Байқап отырған боларсыздар, бұл лизинг  бағасынан екі есе көп. Атқарушы билік  жолаушы тасымалдаушы кәсіпорын тарапынан осы сұралып отырған қаржыға ешқандай экономикалық  және   субсидия бөлу талаптарына  сәйкес келетін  негіздеме  жоқтығын айтады.

Осыдан кейін «SEMEY BUS» ЖШС-інде  қаржы және аудиттік тексеру жүргізіліп, көптеген  заң бұзушылық  анықталған. Мысалы,  қарызының көптігіне қарамастан, аталған кәсіпорын өзінің меншігіндегі  автобус паркінен автобустарды жалға алып отырған. Бизнес класты жеңіл автокөліктерді  де жалға алып,  жиһаз сатып алуға қыруар қаржы жұмсаған. (Жағдайы жоқ кәсіпорын ең бірінші  келісімшарттық міндеттемелерін орындаса керек-ті…) Қызметкерлердің зейнетақы қорына аударылуға тиісті төлемдері мен міндетті салық қарызы да аз еместігі анықталған.

2020 жылы  облыстық бюджеттен  Семейдегі көп балалы және аз қамтылған жанұяларға қоғамдық  көліктерде жүру жеңілдігі үшін  140 миллион теңге бөлінген болса, сол қаржының 5,9 миллионы ғана игеріліп, қалғаны облыстық бюджетке кері қайтарылған. 2021 жылы осы мақсатқа 500 миллион теңге жоспарланып отыр. Алайда, аталған кәсіпорын жұмысын жалғастырған жағдайда, бұл қаржыны да игере алатындығына атқарушы билік күмән келтіреді. Жаңадан сатып алынған 170 автобустың 30-ы бір жылға жетер-жетпес уақытта  техникалық ақаулар себебінен тоқтап қалса, бүгінгі таңда олардың саны 70-ке жетіп  отыр. Бұл жолаушы тасымалдайтын көліктерге техникалық қызмет көрсетудің де ойдағыдай еместігін аңғартса керек.

Сонымен, «БРК-лизинг» «SEMEY BUS» кәсіпорнына дефолт жариялады. 16 сәуір күні Семей қалалық әкімдігі де «SEMEY BUS» серіктестігімен әріптестікті тоқтататындықтарын мәлімдеп, «Семавтопарк» уақытша мердігер ретінде  тағайындалды. Алайда есепшоттары бұғаттаулы, әкімшіліктің келісімшартты бұзғанына қарамастан, «SEMEY BUS» ЖШС жұмысын әлі тоқтатпай, соттың шешімін талап етіп отыр.

«SEMEY BUS» кәсіпорнындағы  400-ден астам адамның жұмыссыз қалу қаупі бар. Осы орайда Семей қаласының әкімі Н.Сақтағанов, облыс әкімінің орынбасары Б.Байахметов бастаған атқарушы билік өкілдері «SEMEY BUS» ЖШС-не қарасты автобус жүргізушілерінің «Семавтопарк» ЖШС-не ауыстырылатынын түсіндіріп, жұмыс берушілермен бірлесіп  бірнеше мәрте кездесулер өткізді. Қаладағы 95 кәсіпорын 692 жұмыс орындарын ұсынуда. «БРК-Лизинг» компаниясымен бүгінгі  орын алған  жағдайға байланысты қаржылық және заңдық тұрғысынан әңгіме жүргізілуде.

Ең бастысы, кәсіпорын қызметкерлерінің  жұмыссыз, қала тұрғындарының көліксіз қалмауы, автобуста жүру құнының 80 теңгеден қымбаттамауы биліктің басты назарында. Ендеше, алаңдауға еш негіз жоқ.

Риза АСАНҚЫЗЫ

 

Мақалада: SEMEY BUSқоғамдық көлікСемей

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

1 день бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

1 день бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

1 день бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

2 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

2 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

2 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

3 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС