"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Биыл 137 шақырым жол жөнделеді

22.04.2021
Биыл 137 шақырым жол жөнделеді
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жуырда өткен облыс әкімдігінің отырысында  қала және аудан әкімдеріне жол жөндеу жұмыстарының сапасын мұқият қадағалауды тапсырды. Себебі Өскемен мен Семей қалалары тұрғындары тарапынан жол мәселесіне қатысты  шағымдар көп түседі. Сонымен қатар республикалық комиссияның зертханалық тексеру нәтижелерінде көрсетілген кемшіліктер де бар. Екі қаланың әкімдеріне және басқарма басшысына тиісті органдарды тарта отырып, жүзеге асырылатын жұмыстардың сапасын қосымша тексеруді қамтамасыз ету, сондай-ақ кепілдік мерзімі бар, бұған дейін қолданысқа енгізілген учаскелерді тағы бір мәрте тексеру тапсырылды. Сондай-ақ аяқталуы 2021 жылға жоспарланған барлық нысандарды уақытында пайдалануға беруді қамтамасыз ету қажеттілігі де ескертілді.

Биыл 137 шақырым жол жөнделеді

Биыл облыстық және аудандық маңызы бар жолдардан жалпы ұзындығы 137 км-ді құрайтын тоғыз учаскені жөндеу жоспарланған, оның ішінде 86 шақырымы – облыстық, 51 шақырымы – аудандық маңызы бар жолдар. Бұдан басқа, қалалар мен аудандардың 200 км болатын көше-жол желісіне жөндеу жүргізілмек. Сондай-ақ қазіргі таңда Семей қаласында автожол көпірін қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Қазіргі уақытта жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде.

«Биыл Өскемен және Семей қалалары мен Шемонаиха ауданының айналма жолдарының ЖСҚ дайындау жұмыстарын аяқтау қажет. Семей қаласындағы әуежайды жаңарту жұмыстары аяқталды. Биыл Өскемен және Үржар ауданының әуежайлары қайта жөндеуден өтеді. Катонқарағай ауданында да бұл бағыттағы жұмыстарды бастау жоспары бар. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталды. Осылайша, 2022 жылдың соңына қарай біз барлық негізгі инфрақұрылымдық міндеттерді орындауға тиіспіз», – деп жазды облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

Жол – облыс тамыры. Жол жөнделсе, жол төңірегіндегі түйткілді мәселелердің түйіні шешілері сөзсіз. Осы ретте әкімдер жұмыс сапасын қатаң қадағалаулары керек. Сонымен қатар барлық жүзеге асырылатын жобалардың сапасына объективті және адал бақылау болуы тиіс.

Абылай МАҚСҰТБЕК, «Семей таңы»

Мақалада: 137 шақырымЖолШҚО

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

12 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

12 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

12 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

12 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

14 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС