"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қаһарман Қабден аға

06.05.2021
Қаһарман Қабден аға
51
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Иә, сол бір естен кетпес сұрапыл жылдардың артта қалғанына да 76 жыл өтіпті. 76 жыл бұрын адамзат тарихындағы ең бір қанды қырғын – Ұлы Отан соғысы сол кездегі КСРО-ның жеңісімен аяқталды. Отаны үшін, ұрпағы үшін жанын берген батырларға, бейбіт өмір үшін күресіп, еліне тыныштық сыйлаған ардагерлерге тағзым етіп, құрмет көрсету, олардың ерлігін жас ұрпаққа насихаттау — басты парызымыз.

Мереке қарсаңында аудан әкімі Сейілбек Абұйырұлы аягөздік Ұлы Отан соғысының ардагері Смағұлов Қабден Хасенұлының шаңырағына арнайы барып, амандық сұрап, қарт жауынгердің батасын алып, пікірін, тілегін тыңдап қайтты.

Жеңіс күнін Чехияның Прага қаласында қарсы алған Қабден Хасенұлы 1945 жылы туған жеріне аман-есен оралып, ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған екен.

Сол бір сұрапыл жылдары өз еркімен майданға сұранып, соғысқа аттанғанда небары 19 жаста болған жауынгер бүгінде 99 жастың қырқасына көтеріліп отыр. Өмірі аңызға бергісіз Қабден ата 1941 — 1942 жылдары Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолындағы шайқасқа, одан әрі Польшаны азат етуге қатысып, екі рет жараланыпты. Ардагер соғыс жылдары жайлы әңгімелей отырып,  майдан даласында бірге шайқасқан қаруластарын еске алды. Қос жанары көрмей қалғанымен, санасы сергек, көкірегі сайрап тұр.

— Бейбіт күнде өмір сүріп жатқан бүгінгі ұрпақ, тәуелсіз мемлекетіміздің әрбір азаматы сіздерді әрқашан да құрмет тұтамыз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, облыс әкімі Даниал Ахметов ардагерлерімізді қай уақытта да ардақтап, олардың жанқиярлық ерліктерін ұмытпай, құрмет көрсетуді міндеттеп отырады. Бізге бейбіт өмір сыйлаған соғыс ардагерлері барлық қошеметке лайық. Отан қорғау жолында қан кешкен аталарымыздың ерлігіне бас иеміз, — дейді бұл орайда аягөздік жастар.

— Аудан басшылары да, жастар да арнайы келіп, құттықтап тұрады. Атқарылып жатқан игі шаралар мен нәтижелі жұмыстар жайында естіп, біліп отырмын. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының жүргізіп отырған саясаты, нәтижелі бастамалары мен еліміздегі оңды өзгерістер жайлы теледидардан тыңдап отырамын. Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының атқарған жұмыстарын да білемін. Ел игілігі жолындағы еңбектері еселене берсін. Осы күнге аман — есен жеткізгені үшін Жаратушымызға сансыз шүкірлер айтамын. Құдайдың берген жасын жасай береміз ғой. Ең бастысы, ел сенім артқан ер-азаматтар аман болсын. Барлықтарыңа бақыт тілеймін! – деп ақжарма тілегін білдіріп, батасын береді ақсақал амандық сұрай келген жандарға риза пейілмен.

Елі үшін етігімен қан кешкен майдангерлер бүгінгі бейбіт күнді бізге тарту етті. Қазіргі таңда санаулы ғана қалған соғыстың соңғы солдаттарына құрмет көрсету, олардың ерлігіне тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың парызы. Әлбетте, Отанын жаудан қорғау жолында жастығын сарп етіп, елдің ертеңі үшін ештеңеден тайынбаған майдангерлерге қандай құрмет көрсетсек те орынды.

Қатары сиреп бара жатқан ардагерлеріміз, соғыстың куәгерлері  ортамызда аман-есен жүре берсін.

Әлібек Кемелхан, «Семей таңы» 

Мақалада: АягозСейілбек АбұйырұлыСмағұлов Қабден ХасенұлыҰОС

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

8 часов бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

8 часов бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

8 часов бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

8 часов бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

8 часов бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

8 часов бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

8 часов бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

8 часов бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

8 часов бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

8 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС