"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бұл қай Шаймардан, қай Ноғайбай? немесе тағы да Зайсандағы түсініксіз көше атаулары жайлы

12.02.2021
Бұл қай Шаймардан, қай Ноғайбай? немесе тағы да Зайсандағы түсініксіз көше атаулары жайлы
34
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Айналайын, зайсандық ағайын, Шаймардан, Ноғайбай, Арғынбек деген кім? Осы аттас көшелер кімнің құрметіне аталғанын білесіздер ме? Өтініш!!! Білетіндер болса, білмейтіндерге түсіндіре кетіңіздеріші! Бізді де ұмытпаңыздар!

Сонымен, газетіміздің өткен санында  Зайсан қаласындағы  қанішер Кондюрин көшесінің атын ауыстыру жайлы  жазылған болатын. Жазыла–жазыла жауыр, айтыла-айтыла ақжем болып кеткен тақырып… Алайда билік  елең етпегенімен, халық  үнсіз қалмады. Кеше редакцияға Зайсандағы түсініксіз көше атаулары жайлы телефон соғып, тіпті ватсап желісіне суретін салған оқырман саны өте  көп болды.

Бірі: «Біздің Зайсанда Шаймардан атты көше бар. Алайда бұл көше кімнің құрметіне берілгенін ешкім білмейді. Көнекөз қариялардан сұрасақ, бірі: «Алаш ардақтысы Шаймардан Тоқжігітовтің құрметіне аталған болар»,- деген жорамал айтса, ал енді бірі: «Қарабұлақ совхозында Шаймардан Мұқанов атты орденді шопан болған, сол кісінің есімі берілген…»- дейді. «Кезінде аудандық ішкі істер бөлімінде бастық болып, зейнет демалысына шыққан  Зайсан ауданының Құрметті азаматы, бұл күндері арамызда жүрген Шаймардан Оралбаевтың атымен аталған шығар…»- деп тұспал жасағандар да  болды.

Көше аттарын өздеріне жақындатып жүрген бұдан басқа да Шаймардан атты марқұмдардың ұрпақтары Зайсанда  аз емес сияқты. Осы көшенің аты қай Шаймарданға арналғанын газет арқылы ажыратып беруді сұрап, өтінішпен шыққан азаматтан кейін  байланысқа шыққан тағы бір зайсандық: «Ноғайбай, Арғынбек, Глухово атты көшелер бар. Бұл адамдардың тегі көрсетілмегендіктен кім екендігін біле алмай-ақ қойдық,- десе,

«Зайсанда  халқымыздың даңқты батыры  Бауыржан Момышұлы  құрметіне аталған, үйлердің реттік саны 18 санымен ғана аяқталатын шолақ  көше бар. Кондюрин атымен аталған көшемен  салыстыруға келмейді. Кондюрин Бауыржан Момышұлына қарап  сақ-сақ күліп, мазақ етіп тұрғандай көрінеді. Осыны қаперіне алатын басшының жоқтығы қынжылтады», — деген оқырманымыз дұрыс жазылмаған көше тақтайшалардың бірнешеуін суретке түсіріп, ватсапқа салып жіберіпті. Мысалы, «Тәуелсіздік Қазақстан» деп  жазылған тақтайшадан не ұқтыңыздар? Көшенің аты не Тәуелсіздік, не Қазақстан  болар… Әлде Тәуелсіз Қазақстан ба екен?..

Көшесінің атауынан-ақ елдегі азаматтардың  өткенге құрметі мен болашаққа жанашырлығын аңғаруға болады. Себебі көше атауы — тарихтан шыр шертетін  бірден-бір белгі. Көше аттары түсінікті әрі қатесіз жазылып тұрса, біз де бұл  тақырыпты көтермес  едік-ау…

Ендеше, Зайсан ауданының әкімдігі осы тақырыпқа байланысты не дер екен?

Риза МОЛДАШЕВА

Мақалада: ЗайсанНоғайбайШаймардан

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

2 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

2 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

6 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС